АЙДЫНҒА – АРАША!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

Өткен айда «БӘтуа» ЖШС мен оның құрылтайшысы Нұрлан Биәділов Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Қытай компаниясы 91 432,5 гектар иеленді деген қоғам белсендісі Айдын Егеубаевты Алматы және Астана қалаларында сотқа берген еді. Екі қаладағы сот ісінде қаралатын мәселе бірін-бірі қайталағандықтан, келесі сот отырысы Астана қаласында өтетін болып шешілді.

 

Осы іс бойынша кеше, қазан ның 18-і, Астана қаласының Сарыарқа-2 аудандық сотының судьясы Пазылов алғашқы сот отырысын өткізді. Алғашқы оты рыста-ақ сотқа шағымданушы тараптың дәлелді айғақтары әлсіз екені, ал Егеубаевтың қо лында нақты дәлелдері бар еке нін заңгер Мақсат Ілиясұлы әлеу меттік желі арқылы көпке жеткізді.

Ескерте кетейік, Айдын Егеу баевтың сотты болуына оның «ДАТ» газетіне берген сұхбаты себепкер болып отыр. Биәді ловтың сотқа берген арызы бойынша, Егеубаев БАҚ арқылы жала жауып, жалған ақпар тарат қанға келіп саяды. «ДАТ» жалған ақпар таратпағанын, Айдын Егеу баевтың газеттегі сұхбатына дейін «Бәтуаның» пәтуасын түп-төркінін біз осыдан алты жыл бұрын дүйім елге жария еткен едік. Қажет болса, сотқа сол жарияланымды жария етуге даярмыз.

Оқырманның есінде болса, Шығыс Қазақстан облысында «Бә туа» шаруашылық серіктес тігінің қытайларға қатысты мәсе лесін 2011 жылы мамыр айында газет тілшісінің өзі барып, көріп келген дәлелді деректері жарық көрген еді. Үржардағы жерді жал ға алған «Бәтуаның» Қытайға қандай қатысы бар десеңіз, «Бәтуаға» «Пәрмен» деген серік тестік Қытайдың 70-ке жуық ауыл шаруашылығы техникасын 5 жыл мерзімге лизингке алып берген. Айтпақшы, «Пәрмен» де «Бәтуаны» сотқа беріп жатқаны жөнінде ресми ақпараттан хабардармыз.

Ал Қытай мамандары Үржар ға лизингтің «ішінде» келген болатын. Сол кезде қытайлықтар туралы серіктестіктің бас директоры Сергей Хванның орынбасары Нұрлан Биәділов: «Олар біз дерге қытай техникасын жүр гізуді, соя егуді үйретуге келгендер», – деп түсіндірген еді. Оның айтуынша, қытайлар ерікті түрде лизингке «тіркеме» ретінде «жет кізілген». «Олар бізден ешнәрсе алмайды, ешнәрсе сұрамайды, тек үйретеді де кетеді», – деген еді Биәділов мырза «ДАТ»-тың тілшісіне.

Арада алты жыл өткен соң, осы мәселе бойынша қоғам бел сендісі Айдын Егеубаев «ДАТ»-қа сұхбат берген еді. Қолындағы дәлелді құжаттарын көрсетіп, шығыс өңірде жер телімдерін алған қытайлықтарда «Бәтуа ның» да үлесі бары сұхбатта ашық айтылған болатын.

Дүйсенбі – қазанның 16-сында бір топ қоғамдық ұйымдар: «Алаш жолы» қозғалысы» РҚБ (төрағасы – Раушан Торбаев), «Ұлт тағдыры» РҚБ (төрағасы – Дос Көшім), «Ар.Рух.Хақ» ҚҚ (пре зиденті – Бақытжан Төреғо жина), «Халықаралық адам құ қық тары институты» ҚБ (пре зиденті – Жанұзақ Әкім), «Жер тағдыры» ҚБ (төрағасы – Қай
ыр лы Омар), «Халық бірлігі» ҚБ (төрағасы – Мақсат Нұрыпбай), «Адам құқықтары мен бостан дықтарын қорғау қоғамдық қоры» ҚҚ (президенті – Еділ Мәкен), сонымен бірге «Антигеп тил» азаматтық қозғалысы, бел гілі азаматтар, қоғам қайрат керлері бірігіп, елге танымал қоғам белсендісі, жер қорғаны Айдын Егеубаевты қолдау жө нінде арнайы комитет құрды. Комитетке Мақсат Ілиясұлы жетек шілік етеді.

«Бəтуа» ЖШС мен оның басшысы Н.Н.Биәділов әділетсіз сотта жеңіп, Айдынның қоғамдық жұмыспен айналысуына шектеу қойылса, жер үшін күресіп жүр ген белді азаматтың белсенділігі тоқтайды. Ол кезде жерді қорғау жолында жүріп жатқан қоғамдық қозғалысқа үлкен соққы бері леді. Оған жол беруге болмайды.

Келесі сот отырысы қазанның 25-і күні жалғасатын болды.

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн