Суббота , 5 июля 2025

Маржан АРАПБАЕВА: Мен күйеуіме «сіздікі дұрыс» деп, ЖАЛҒАН СӨЙЛЕЙ АЛМАЙМЫН

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (402) от 19 октяб­ря 2017 г.

 

ОЙДАН-ҚЫРДАН


 

 

Тың­дар­ман­да­рын түр­лі образ, әуезді әндері­мен там­сан­ды­рып жүр­ген Мар­жан Ара­п­ба­е­ва көп­шілік­тен жеке өмірі жай­лы «тың деректер­ді» де жасы­рған емес. Ол бұған дей­ін де алға­шқы күй­е­уі­мен қан­дай қарым-қаты­на­ста болға­нын, бүгін­гі жол­да­сы­мен қалай таны­сып, отау құрған­да­ры тура­лы бар шын­ды­қты айтып бер­ген еді. Әншінің өмірін­де қазір қан­дай өзгерістер бар? Өнер иесінің ата-енесі­мен қарым-қаты­на­сы қалай? NUR.KZ тіл­шісі бел­гілі эст­ра­да жұл­дызы­мен тіл­десіп, сұх­бат­та­сып қайт­ты (ықшам­да лып жари­я­лан­ды – Ред.).

 

– Бір сұх­ба­ты­ңы­зда бұры­нғы жұбай­ы­ңы­з­бен жақ­сы қарым-қаты­на­ста­мыз деп айтып­сыз. Қазір де солай ма?

– Біз жабайы адам емес­піз ғой, көзі­міз ашық, көкіре­гі­міз ояу адам­дар­мыз. Біздің ортақ бала­мыз бар. Сон­ды­қтан кез­десіп жатқан­да аман­дық– саулы­ғы­мыз дұрыс. Ол кісі­ге әрдай­ым мықты ден­са­улық, жұмысы­на табыс тілеп оты­ра­мын. Отба­сын құрып жат­са да, тек қуа­на­тын боламын.

– Қазір­гі жол­да­сы­ңыз «қара­пай­ым­ды­лы­ғы­мен, адам­ды­ғы­мен мені бау­рап алды» деп­сіз. Бірақ отба­сы болған соң, ыдыс-аяқ сыл­дыр­ла­май тұр­май­ды. Осын­дай жағ­дай­лар­да кім кеңдік таны­тып, кешірім сұрап жатады?

– Иә, мен ашуым­ды жасы­ра алмай­мын, «бұрқ ететінім» бар, бірақ ол ашу 5‑ақ минутқа ғана созы­ла­ды. Одан кей­ін түк бол­маған­дай жүре бере­мін. Ал жол­да­сым, керісін­ше, рен­жі­се, бұры­лып кетіп қала­ды, сосын ұзақ уақыт сөй­ле­с­пей жүруі мүм­кін. Ондай жағ­дай­да бір-бірі­міз­бен сөй­лесіп, кешірім­ді болуға тырысамыз.

– Қызған­шақ­сыз ба?

– Мен қызған­шақ емес­пін, ал жол­да­сым өте қызған­шақ адам. Әсіре­се қарым-қаты­на сымыз басталған уақыт­та қат ты қызға­на­тын, қазір олай ем ес, ара­мы­зда сенім бар. Негізі жол­да­сым көңіл­шек, тез рен житін адам­дар қатарынан.

– Отба­сы­ңы­зда соңғы сөз, шешім кім­нің «еншісін­де» қалады?

– Ондай­да ортақ шешім қабыл­да­уға тыры­са­мыз. Мен жол­да­сым­ның алдын­да «сіздікі дұрыс» деп, жалған сөй­лей алмаймын.

Қазір көп­те­ген әйел­дер түр­лі жетістік­тер­ге жетіп жатыр ғой, сол сияқты мен де алды­мен Алла, сосын халық, одан кей­ін еңбек­тің арқа­сын­да аз-да бол­са жетістік­тер­ге жетіп жатыр­мын десем болады…

– Қай­ын жұрт­пен, ата-енеңіз­бен қарым-қаты­на­сы­ңыз қалай?

– Мен өзім­ді кере­мет келін­шек­пін, ора­мал тағып, сәлем сала­тын «супер келін­мін» деп айта алмай­мын. Бірақ ата-енем көзі ашық, көкіре­гі ояу адам­дар. Атам 35 жыл мек­теп дирек­то­ры, енем өмір бойы ағы­л­шын пәні мұғалі­мі болған. Жол­да­сым мек­теп­ті үздік бітірген.

Олар маған «келін­дік мін детіңді атқар, бір­ге тұрай­ық» деп те айт­пай­ды. Өйт­кені ата-енем, керісін­ше, өздері бөлек тұрған­ды ұна­та­ды. Атам өте сабыр­лы, ал енем өзім сияқты ашық адам.

– Көп сұх­бат­та­ры­ңы­зда ашы­қ­пын, іші­ме көп сыр сақтай бер­мей­мін деп айтып­сыз. Тіліңіз­ден таяқ жеген кез­дер бол­ды ма?

– Оры­стар­да «тілім – басты жауым» деген сөз бар. Сол сөз мен жай­лы айты­лған десем артық айт­пас­пын. Иә, тілім­нен таяқ жеп жата­мын. Мәсе­лен, жол­да­сы­ма неме­се жақы­ны­ма шын­ды­қты айта­мын деп, опық жеп қала­ты­ным бар.

– Досқа бай­сыз ба?

– Иә, жақын доста­рым бар, бірақ нағыз доста­рым көп деп айта алмай­мын. Мен ешкім­ге себеп­сіз тиі­се бер­мей­мін, жеке өмір­леріне ара­ла­сып, біре­уді өсек­теп, жаман­да­уды көп ұна­та бермеймін.

– Жақын­да­ры­ңыз сатып кет­кен жағ­дай­лар бол­ды ма?

– Көп адам­дар­дан сатып кет­ті, лақты­рып кет­ті деген­ді естіп жата­мын, бірақ, Аллаға шүкір, мен ондай жағ­дай­лар­ды басым­нан өткер­меп­пін. Бәл­кім, ондай сатқын­ды­қты көте­ре де алмас едім…

– Неден қорқасыз?

– Жалғы­зды­қтан қорқа­мын. Тыны­шты­қты қалай ұнат­сам да, қар­тай­ған шағы­ң­да жаны­ң­да біреу бол­ма­са, одан асқан қорқы­ны­шты дүние жоқ деп санаймын.

– Өмір­де нені кеші­ре алмайсыз?

– Сатқын­ды­қты, көз­ге шөп салу­ды да кеші­ре ала­тын шығар­мын. Жал­пы, мен кең адам­мын, бәрін кеші­ре ала­мын деген ойдамын.

– Әңгі­меңіз­ге рахмет!!!

 

Nur.kz

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн