«Общественная позиция»
(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.
Апта аптығы
Жақсы хабар
Алматы облысында жаңа аудан құрылады. Ол – Нарынқол ауданы. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мырза кеше Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізді. Дәл сол жиында осы бір жақсы жаңалықты жария етті.
«Облысымызда жаңа аудан құрылатынын қуана айтамыз. Енді үкіметтің қаулысы мен президенттің шешімі шықса, аталған жаңалықты халыққа жеткіземіз. Біз жұмысшы топпен Нарынқол әкімшілік ауданына бардық. Ол жердегі жастардың дені ауылдан кетіп жатқанын, Алматының айналасында жұмыс жасап жүргенін көзімізбен көрдік. Сөйтіп, Нарынқол ауданын құру туралы ұсыныс жасадық. Шекарасын бөліп көрсетеміз. Қазір процедуралық жұмыстар қалды. Сосын шешім қабылданады. Ол үшін арнайы комиссия құрылып, Нарынқолдағы муниципалдық ғимараттардың жағдайын анықтайды. Келер жылдың бюджетіне кіргізіледі деп жоспарлап отырмыз», – деді Амандық Баталов мырза.
Естеріңізде болса, 2017 жылдың 10 тамызы күні Алматы облыстық мәслихатында осы мәселе талқыланып, үкіметке ұсыныс жасалған болатын. Жаңа ауданның жалпы аумағы 711 937 гектар болады. Республикалық ономастикалық комиссия жаңа ауданға «Нарынқол» атауын беруді ұсынды.
Abai.kz