Пятница , 4 июля 2025

Мақпал интернатта ТЕПКІ КӨРІПТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Оқу­шы кезін­де интер­нат­та тұрып оқы­ған, бүгін­де ең таны­мал әншілер­дің біріне айналған Халық әртісі Мақ­пал Жүні­со­ва интер­нат қызда­ры­нан көр­ген қор­лы­ғын Zhuldyz.tv арна­сы­ның «Сен­білік серу­ен» бағ­дар­ла­ма­сын­да айт­ты, деп жаза­ды Stan.kz.

 

«Мен өзім дала-қала­ның қызы­мын. Ата-ана­ның тәр­би­есін көр­ме­ген, 3‑сыныптан бастап, қалаға кет­кен, интер­нат­та өскен қыз­бын. Интер­нат­та тұрып, өмір сүрудің өзі оңай емес. Есті­ме­ген нәр­сені естідік, көп қиын­дық көр­дік. Ата-ана­ның жылуын көп сезін­ген жоқ­пыз. Таяқ жеген кез­дерім де бол­ды», – дей­ді Мақ­пал Жүнісова.

Соны­мен бір­ге ол жоға­ры сынып қызда­ры­нан таяқ жеген күн­дерін еске алды. «11-сынып­тың 5–6 қызы мені теуіп, мек­теп­тің ішін­де­гі бақта мені ұрды. Не үшін дей­сіз ғой? Ешқан­дай кінәм жоқ, мыса­лы. Ол қыздар­ды осы күн­ге дей­ін тани­мын, түрін де, атын да біле­мін. Айт­пай-ақ қояй­ын. Біз­ге дене шыны­қты­ру сабағы­нан мек­теп­ке прак­ти­кант­тар кел­ді. Сон­да Май­дин деген ұйғыр жігіт кел­ді. Мен 8‑сыныпта оқи­мын, әлгі қыздар 11 оқи­ды. Мен мек­теп­те әнші ретін­де өте таны­мал бол­дым ғой. Сон­да әлгі Май­дин деген жігіт­ке менің дау­сым ұнап қап­ты. Сосын ол: «Мақ­пал, ән айт», – дей­ді ғой маған. Менің ешқан­дай арам ойым жоқ: тұрып алып, алдын­да ән айт­тым, ол үлкен жігіт. Сөйт­сем, 11-сынып­тың қызда­ры соған ғашық екен.

«Мақ­па­лоч­ка» деп, мені жақ­сы көріп… енді жақ­сы ән айтқа­ным үшін жақ­сы көр­ген шығар. Ара­мы­зда махаб­бат деген бол­маған. Содан кор­пу­стан келе жат­сам, қыздар мені бұры­шқа кір­гізіп алып теп­кілеп, «соп­ляч­ка» деп шашым­нан жұлып, жер­ге ұрып-жығып, қан­жо­са қылған. Сол есім­нен кет­пей­ді. Сон­да ештеңе жасай алма­дым. Өзім шалғай­дан, Қараған­ды облы­сы­нан кел­ген қыз­бын ғой», – деп еске алды Мақпал.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн