Пятница , 4 июля 2025

ҰРЫМЕН ҚИМАЙ ҚОШТАСТЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Құй күл, құй жыла


 

Алды­ңғы күні түн­де көр­шім­нің мәши­несін тонаға­лы жатқан ұры­ны ұстап алдық – көр­шім еке­уміз. Сосын сақ­шы­ларға теле­фон шал­сақ, алмай­ды ғой. «Қой, мен үй теле­фо­ны­нан хабар­ла­сай­ын!» деп кет­кен көр­шім жар­ты сағат­тан кей­ін кел­ді. «Ешкім алмай­ды» дей­ді. Ол кел­ген­ше, қашпақ болған ұры­мен біраз алы­сып алдым…

Ұры­мы­зды жетек­теп күре жол­дың бой­ы­на кел­дік. Ойы­мыз – жол сақ­шы­сы өтсе, соларға тапсыру.

Жәй отыр­май, «102»-ге хабар­ла­сып отыр­мыз. Бір кез­де менің қоңы­ра­уым­ды көтер­ді. «Құтқа­ру қыз­меті» дей­ді. Мен «Сақ­шы керек!» дей­мін. Сөйт­сем, әлгі қарағым: «Оларға соққан қоңы­ра­уы­ңыз түс­пе­се, онда сіздің теле­по­ны­ңы­зда арна­у­лы бағ­дар­ла­ма бол­маға­ны ғой» деді де, қоя сал­ды. Не бағ­дар­ла­ма екенін – итім білсін…

Таңғы 4.50 бол­ды. Басы­мыз сал­бы­рап, үше­уміз отыр­мыз. Бір кез­де ұры­мыз айта­ды: «Ақы­ры, мына бәле­лер кел­меді ғой, маған так­си­ге ақша берің­дер, үйі­ме қай­тай­ын. Ұйқым кел­ді» дей­ді. Біз де қарап оты­рып, шар­шап отыр­мыз. Қал­та­мы­здың түбін қақ­сақ, көр­шім­де 70 тең­ге, мен­де 60 тең­ге бар екен. «Енді біздің көше­ге ұрлы­ққа кел­мей­мін» деген жігіт­тік уәдесін алып, ұры­мы­зды так­си­ге оты­рғы­зып жібер­дік. Көр­шім әуелі ұры­ны ұстап алған­да, ет қызу­мен оны ұрып құлатқан еді. Сол есіне түсіп кет­ті-ау дей­мін, ұры­ны құшақтап, ұзақ қошта­сты. Кешірім сұрап жүр. Анау да ақкөңіл ұры екен, құда­лы­ққа кел­ген­дей, қай­та-қай­та қолы­мы­зды қысып, «еке­уіңді де кешір­дім» деп қояды. Так­си­ге әрең мін­ді. Қимай жүр…

Өстіп-өстіп, әрбір ұры-қары­мен туыс боп кететіні­мізді алдын ала біл­ген біздің сақ­шы­лық қыз­мет­те ғұла­ма, гума­нист, көріп­кел һәм тақуа адам­дар отыр-ау деймін…

Ұры ұстап алып жат­саңы­здар, өлті­ре саба­маңы­здар! Бірер сағат­тан кей­ін шыға­рып салған­да, өздеріңіз ұялып қала­ды екенсіздер…

Қанат Ескен­діров


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн