Пятница , 4 июля 2025

ЖАҢА ЕРЕЖЕ жадыңызда болсын

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Біле жүріңіз!


 

Қаза­қстан­да жол жүру ере­же­сіне өзгер­ту­лер енгізіл­ді. Үкі­мет­тің соңғы түзе­ту­лер енгіз­ген 21 қазан­дағы қаулы­сы 1 қара­ша­дан бастап күшіне енді. Жаңа ере­же көлік жүр­гі­зу­шісіне ғана емес, вело­си­пед­шілер мен мопед жүр­гі­зу­шісіне де қатысты.

 

Жаңа ере­же­ге сәй­кес, поли­ция қыз­мет­кері тоқтатқан көлік­тің жаны­на дереу барып, жүр­гі­зу­ші талап еткен жағ­дай­да аты-жөнін айтып, қыз­мет­тік куәлі­гін көр­се­те­ді. Егер жүр­гі­зу­шінің жол ере­же­сін бұзға­ны арнайы құры­лғы­лар арқы­лы жазы­лған бол­са, поли­цей сол жай­лы мате­ри­ал­ды жүр­гі­зу­ші­ге көр­се­туі керек, деп хабар­лай­ды Zakon.kz.

Сон­дай-ақ жүр­гі­зу­шілер­дің дәрі ішіп, мас күй­де жүр­ген­дер­ге, ауру хал­де­гі адам­дарға, өзі­мен бір­ге куәлі­гі жоқ адам­дарға (жүр­гі­зу­ші куәлі­гінің орны­на берілетін уақыт­ша куәлік, жүр­гі­зу­шінің өзі екенін рас­тай­тын құжат) және жүр­гі­зу­ші куәлі­гі­нен айы­ры­лған аза­мат­тарға көлі­гін беру­ге тый­ым салынады.

Соны­мен жаңа ере­женің тала­бы қандай?

Өзге­лер­ге қауіп­сіз әрі кедер­гі кел­тір­мей­тін жағ­дай­да көлік­тің артқа жүруіне бола­ды. Алай­да көше қиы­лы­сын­да және айна­ла­тын жол­да көлік­пен артқа жүру­ге болмайды.

Төрт неме­се одан да көп жолағы бар екі бағыт­ты жол­да қар­сы бет­ке көлік­пен өту­ге болмайды.

Қоғам­дық көлік­ке арналған жолақта өзге көлік­тер­дің жүруіне және тоқта­уы­на болмайды.

Бағ­дар­шам­ның қосым­ша сек­ци­я­сы бар қиы­лы­ста кері бұры­лға­лы тұрған көлік артын­да қоғам­дық транс­порт келе жатқан жағ­дай­да, тек қана көр­сетіл­ген бағыт бой­ын­ша жүруі тиіс.

Мопед­ті 16 жасқа толған­дар ғана жүр­гі­зе ала­ды. Вело­си­пед­ші арнайы вело­си­пед жолы бол­маған жер­лер­де адам­дарға кедер­гі кел­тір­мей, тро­туар­мен жүре алады.

Вело­си­пед­шілер жолын­да 7.14 тақтай­ша­да 4.5 бел­гісі көр­сетіл­се, мопед­тен басқа көлік­тер­дің тоқта­уы­на тый­ым салы­на­ды. Вело­си­пед­шілер жол бой­ын­да тек бір қатар болып жүруі керек.

Вело­си­пед­тің рөлін қолы­мен ұста­май жүр­гі­зуіне болмайды;

Өзге адам­дар­ды вело­си­пед­ке мін­гізіп алып жүруіне;

Ұзын­ды­ғы не ені 15 см-ден аса­тын жүк неме­се өзге­лер­ге кедер­гі бола­тын жүк тасуына;

Вело­си­пед жолы бар кез­де өзге жол­мен жүруіне;

Трам­вай жолын­да және бір­ден көп жолағы бар жол­да солға бұры­луға, кері айналуына;

Жаяу жүр­гін­шілер жолағы­нан өтуіне тый­ым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн