Пятница , 4 июля 2025

ПАРИЖДЕГІ ПРЕСТИЖ-ПӘТЕРДІ 65 миллион еуроға сатып алған шенеунік кім?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Даб­ы­ра


Мем­ле­кет­тік кіріс коми­теті Пари­жде­гі қаза­қстан­дық шене­унік­тің 65 млн еуро тұра­тын пәтері тура­лы ақпа­рат­ты тексеруде.

 

Ақпа­рат агент­тік­тері мен әле­умет­тік желілер арқы­лы бұған дей­ін хабар­ланған­дай, жуы­қта Қаза­қстан үкі­метінің әзір­ге аты-жөні атал­маған ресми өкілі Пари­жде 65 млн еуроға ($75,8 млн) қауіп­сізді­гі өте жоға­ры люкс-пәтер сатып алға­ны бел­гілі болған еді.

Mansion Global эли­та­лы жыл­жы­май­тын мүлік халы­қа­ра­лық агент­ті­гінің ақпа­рын­ша, бұл 2017 жылы жеке мен­шік мүлік кате­го­ри­я­сы бой­ын­ша, Пари­жде жасалған ең ірі сауда-сат­тық болып шыққан. Ал кеше ҚР мем­ле­кет­тік кіріс коми­теті осы ақпа­рат­ты тек­се­ру­ге кірісті, деп хабар­ла­ды Қаз­ТАГ тілшісі.

«Маған бүгін­де бұл ақпа­рат­тың бар­лы­ғын мем­ле­кет­тік кіріс коми­теті тек­серіп жатыр деп хабар­ла­ды. Сол тек­серіс мате­ри­а­лын көр­ген­нен кей­ін менің ұста­ны­мым қалып­та­са­ды», – деді кеше ҚР бас про­ку­ро­ры Жақып Аса­нов мәжілісте­гі кулуарда.

Интер­нет­тің қаза­қстан­дық кон­тен­тін жарып жібе­ре­рдей болған пәтер сауда­сы Пари­жде­гі Аве­ню Мон­тань үйіне қаты­сты болып шықты. Бұл үй қала­дағы Ели­сей алаңы­на жақын қым­бат, ауқат­ты ауданға жата­ды. Аумағы 1,2 мың шар­шы метр, 5 жатын бөл­месі, 5 сан­узел мен СПА-бөл­месі, қонақтар­ды күту­ге арналған жеке бөл­ме­лері, күзет бөл­месі бар. Үйдің тере­зе­лері оқ өтпей­тін шыны­лар­мен қап­талған. Жер­гілік­ті тұрғын­дар бұл аудан­ды Пари­ждің «алтын төрт таға­ны» деп те атай­ды. Бұл үйден Ели­сей алаңы­на дей­ін жаяу бір­не­ше минут­та жету­ге болады.

Бұл келісім бель­ги­я­лық бро­кер Игнас Мювис­сен­нің (сурет­те) дел­дал­ды­ғы­мен жасалған екен. Оның риел­тор­лық агент­ті­гі Мәс­ке­уде орна­ласқан. Ол басқа­ра­тын агент­тік Ресей мен ТМД елдеріне, шетел­дік­тер­ге осын­дай қым­бат мүлік­тер жөнін­де ұсы­ны­стар жасап, сауда-сат­тық құжат­та­рын дай­ын­да­у­мен айналысады.

Деген­мен, Мювис­сен пәтер­ді сатып алған қаза­қтың аты-жөнін айту­дан бас тар­тып отыр. Тек ҚР үкі­метінің ресми өкілі деп қысқа қай­ы­рып­ты. Ал пәтер­ді сатқан адам да бөтен емес, ол көр­ші Ресей­дің таны­мал кәсіпкері.

«Сату­шы – ресей­лік инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­ның бас­шы­сы, ол аталған көпқа­бат­ты зәулім үйден бір­не­ше пәтер сатып алып қой­ған. Бұл үйдің тере­зесі­нен тари­хи Plaza Athénée қонақ үйі көрі­неді. Инве­стор пәтер­лерін осы­дан 3 ай бұрын 75 млн еуро­дан сата баста­ды», – дей­ді Мювиссен.

Бро­кер Игнас Мювис­сен Sputnik Қаза­қстан агент­ті­гіне бер­ген сұх­ба­тын­да Қаза­қстан­ның аса таны­мал әрі бай тұлға­ла­ры­мен бұрын да жұмыс істе­генін айтып бер­ген, деп хабар­лай­ды Today.kz.

«Жыл­жы­май­тын мүлік сала­сын­да жұмыс істеп жүр­гені­ме 20 жыл бол­ды. Бай адам­дар­мен қарым-қаты­на­сым жақ­сы, шыны керек, маған бәрі сенетін­дік­тен, беделім жаман емес. Иә, Қаза­қстан­нан бір­не­ше кли­ен­тім бол­ды. Негізі­нен пост­кеңе­стік кеңістік­те тұра­тын адам­дар­мен жұмыс істей­мін. Жал­пы, қаза­қстан­ды­қтар Еуро­паға жиі келе баста­ды», – дей­ді Игнас Мювиссен.

Игнас мыр­за­ның айтуын­ша, қаза­қстан­дық үкі­мет­тің өкілі пәтер­мен бір­ге төрт көлік сатып алып­ты: күзет қыз­меті үшін екі Mercedes G, жеке пай­да­ла­нуға екі Maybach темір тұл­па­рын алған.

Риел­тор­дың сөзіне сүй­ен­сек, кли­ент­тер­дің бәрі бір­дей кім екенін жасыр­май­ды, деген­мен Қаза­қстан­ның билік өкілі пәтер­дің бұры­нғы иесі­мен құпия түр­де кез­дескен. Мювис­сен­нің айтуын­ша, риел­тор арқы­лы пәтер сатып алған адам­мен қазір бай­ла­ны­су мүм­кін емес.

«Менің атым­ды «Гуглға» жазып қара­саңыз, бұрын жұмыс істе­ген адам­дар­ды көре ала­сыз. Бірақ кли­ен­тім­нің атын құпия түр­де қал­ды­рғы­сы кел­генін құр­мет­тей­мін. Бұл оның өзі және отба­сы үшін маңы­зды. Сатып алушы мен сату­шы ара­сын­дағы кез­де­суді өзім ұйым­да­стыр­дым. Кез­де­су бір­не­ше сағатқа ғана созыл­ды», – деп атап өтті Мювиссен.

«Бүгін­де жұрт­шы­лық ақша­сын бір­деңе­ге салып, инве­сти­ци­я­сын сақтау жол­да­рын қарас­ты­ра­ды. Париж, жал­пы Еуро­па – бұл мақ­сат­та тап­тыр­май­тын жер. Жыл­жы­май­тын мүлік кере­мет», – деді Мювиссен.

«Бұры­нғы иесі бір­не­ше пәтер­ді қосып, кеңейт­кен. Сатқан адам инте­рьер­ді жөн­де­у­ге 100 мил­ли­он еуро жұм­сап­ты. Күзет қыз­меті екі жыл­дан бері жұмыс істеп келеді. Пәтер негізі­нен доста­ры­мен кез­десіп, бас қосуға арналған. Қаза­қстан­дық сатып алушы менің беделім­ді жақ­сы біледі, сон­ды­қтан тез ара­да келісім жаса­дық», – деді Игнас Мювиссен.

Аты-жөнін ата­мауды өтін­ген қаза­қстан­дық риел­тор­дың пікіріне қараған­да, мұн­дай қым­бат мүлік табан ет, маң­дай тер­мен табы­лған ақшаға сатып алын­бай­ды. «Тіп­ті қыру­ар қар­жы таба­тын үлкен биз­не­стің өкілі де мұн­дай сауда-сат­ты­ққа бара бер­мей­ді, себебі оған ақша­ның жыл­жы­май­тын мүлік­те жатқа­ны­нан гөрі, айна­лым­да жүр­гені әлдеқай­да артық. Сон­ды­қтан бұл арам ақшаға (шаль­ные день­ги) алы­нған пәтер­ге көбірек ұқсай­ды», – дей­ді біздің сау­а­лы­мы­зға сарап­шы­лық баға­сын бер­ген риелтор.

Ал қаза­қстан­дық тиісті тек­се­ру орын­да­ры Париж пәтерінің жаңа иесі – үкі­мет­тің ресми өкілін аны­қтай ала ма? Сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, бұл әзір­ге мүм­кін­ді­гі шек­те­улі әре­кет бол­мақ. Себебі өз беделін бәрі­нен жоға­ры санай­тын риел­тор­лық агент­тік сауда-сат­ты­қтың құпи­я­сын сақта­уға тыры­са­ды. Басқа­ша болған жағ­дай­да, агент­тік өзінің сенім­ді әріп­тес ретін­де­гі абы­рой­ы­нан айырылады.

Деген­мен, Жақып Аса­нов мыр­за да өзінің қыз­мет­тік беделі мен кәсі­би абы­рой­ын қан­ша­лы­қты қым­бат санай­ты­нын алдағы уақыт көр­се­те­ді. Күте тұралық.

Медет ШАЯХМЕТ,

«DАТ»-тың жур­на­ли­стік

тек­серіс тілшісі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн