Пятница , 4 июля 2025

ДИКТАТОРДЫҢ ҚҰЛАУЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Соңғы сағат­тар­да


Зим­баб­ве­де әске­ри­лер ел пре­зи­ден­ті Роберт Муга­бені қамауға алды деп хабар­лай­ды Associated Press (AP) агент­ті­гі. Бұған дей­ін армия қар­жы мини­стрін тұтқын­дап, мем­ле­кет­тік ZBC теле­ар­на­сы­ның кең­сесін басып алған. Деген­мен, әске­ри­лер елде мем­ле­кет­тік төң­керіс жасалға­нын жоққа шыға­рып, Муга­бе мен оның отба­сы­на қауіп төніп тұр­маға­нын айта­ды. Әске­ри­лер өздері пре­зи­дент Муга­бенің айна­ла­сын «қыл­мыс­кер­лер­ден тазар­тып жатқа­нын» мәлімдейді.

Ал TAСС агент­ті­гі News 24-ке сіл­те­ме жасай оты­рып: «Зим­баб­ве­де пре­зи­дент Роберт Муга­бе мен оның отба­сы қамауда. Елдің 93 жастағы көш­бас­шы­сы отстав­каға кету­ге дай­ын­да­лу­да», – деп хабар­ла­ды. Еске сала кетей­ік, Роберт Муга­бе Зим­баб­вені 1980 жыл­дан бері басқа­рып кел­ген еді.

 

 

 

ЖАПОННЫҢ ҚАЗАҚТАН НЕСІ АРТЫҚ?

 

Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның 4 елді мекені Қаза­қстан­ның әкім­шілік кар­та­сы­нан жой­ы­ла­ды, деп хабар­ла­ды Көк­пек­ті ауда­ны­ның әкі­мі Рамиль Сағын­ды­қо­втың сөзіне сіл­те­ме жасаған ҚазТАГ.

 

«Бұл жағ­дай­да шама­мен төрт ауыл – Өрнек, Камен­ка, Қызы­л­жұл­дыз және Қарға­лы тура­лы айты­лып отыр. Заң бой­ын­ша, егер ауыл тұрғын­да­ры 50 адам­нан аз бол­са, онда елді мекен жабық бола­ды. Бұл ауыл­дар­да да солай», – деді аудан әкімі.

Оның айтуын­ша, ауыл тұрғын­да­ры ешқай­да кет­пей­ді, өз үйлерін­де қала­ды, бірақ олар басқа елді мекен­дер­де тір­ке­леді. «Ешкім бұл адам­дар­ды таста­май­ды. Мыса­лы, қыста ауыл жол­да­ры таза­ра­ды, тамақты жет­кі­зу тура­лы ойла­на­мыз…» – дей келіп, бұл мәсе­ле 130-дан астам ауыл тұрғы­ны­ның тағ­ды­ры­на қаты­сты деді Р.Сағындықов. Ал Жапо­ни­яда Ками-Сир­ата­ки темір­жол стан­са­сы бір ғана жола­у­шы үшін жұмыс істей­ді деп хабар тар­тқан еді «Рос­балт» агент­ті­гі был­тыр. Міне, сол хабар­дың жол­ма-жол мәтіні: «Три года назад из-за уда­лен­но­сти стан­ции Япон­ские желез­ные доро­ги реши­ли оста­но­вить дви­же­ние по это­му направ­ле­нию, одна­ко вско­ре ста­ло извест­но, что этот поезд нужен стар­ше­класс­ни­це для поез­док в шко­лу. В ито­ге поез­да оста­нав­ли­ва­ют­ся на стан­ции толь­ко ради нее: два раза в день и в то вре­мя, когда девуш­ке надо на заня­тия. Стан­цию оста­вят откры­той, пока девуш­ка не окон­чит шко­лу. Тогда стан­цию закроют».

Ал енді жапон­дар бір ғана бала үшін тұтас пой­ыз жүр­гізіп жатқан­да, біздің елде 130-дан астам ауыл ада­мы­ның тағ­ды­ры ойын­шық болға­нын сана­да салы­сты­рып көріңіз…

Сырым ДАТОВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн