Пятница , 4 июля 2025

Айсәуле БАҚЫТБЕК: ОТБАСЫМ ОЙРАН БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

 


 

 

 

Баян Есен­та­е­ва­ның қызы Айсәу­ле Бақыт­бек был­ты­рғы аты­шу­лы оқиға­дан кей­ін өмірінің күрт өзгер­генін айта­ды. Айтуын­ша, отба­сы ойран болған был­ты­рғы жылы ол сүй­ік­ті ада­мы­нан да, доста­ры­нан да баз кешіп қалған. Бұл рет­те ол оқыр­ман­да­ры­на жан сырын ақта­рып, өмірін­де­гі ең қиын кезең тура­лы айтып бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

 

«Өмірім­де­гі ең қиын кезең өткен жылы орын алды. Отба­сым­дағы келеңсіз жағ­дай­дан бөлек, жеке өмірім құр­ды­мға кет­ті. Доста­рым­мен арақа­ты­на­сым бұзыл­ды. Ұмы­та­мын деп жүр­ген­де, өзім­ді жоғал­тып алдым. Қай­та қалы­пқа келуім ұза­ққа созыл­ды. Деген­мен, өмір­лік тәжіри­бе – өзіңді табу­дың және бақы­тқа жетудің кіл­ті деп есеп­тей­мін. Адам бой­ын­дағы мен баға­лай­тын негіз­гі қаси­ет­тер – қара­пай­ым­ды­лық пен әзіл­ді түсіне білу. Менің ойым­ша, сөз­ге тапқыр адам – ақыл­сыз, ал қара­пай­ым адам – арам бола алмай­ды. Ада­мға бір қараған­нан-ақ ойын­да арам­ды­қтың жоқ екенін түсін­сең, сол жақ­сы емес пе?» – деп баста­ды сөзін Айсәуле.

Бұдан бөлек, Есен­та­ев­тар­дың үлкені өзін «өр көкірек, өзім­шіл» деп сынай­тын­дарға жау­ап бер­ді. «Мені өмір­де көр­ген кей жан­дар өзім­шіл екенім­ді айта­ды. Жасыр­май­мын, сырт көз­ге солай көрі­нетін шығар. Бірақ мен бар болға­ны табиға­тым­нан суық мінезді адам­мын. Тіп­ті жақын адам­да­рым­мен құшақ­та­сып, шүй­ір­ке­ле­с­кен­ді ұнат­пай­мын, ал жаңа адам­дар­мен тіп­тен таны­спай­мын деу­ге бола­тын шығар. Бірақ ешқа­шан оңбаған адам­ның тір­лі­гін жаса­ма­дым…» – деп атап өтті Айсәуле.

Жиыр­ма жыл­дан аса уақыт отба­сы­лық өмір мен қыз­мет­ті қатар алып жүр­ген Баян Мақ­сатқы­зы­ның әре­кеті қызы­на да үлгі болғанға ұқсай­ды. Себебі Айсәу­ле отба­сы мен жұмыстың ара­сын­да таң­дау жасай алмай­ты­нын айтты.

«Ман­сап әлде отба­сы? Еке­уі де. Менің­ше, сүй­ік­ті адам ештеңе­ге тый­ым сал­мауы керек. Қарым-қаты­нас – ол жұп­та­сып билей­тін би сияқты. Түп­теп кел­ген­де, дегені­ме жету үшін сүй­ік­тім­мен жұмы­ла жұмыс істе­у­ге дай­ы­н­мын. Қызды алтын торға әрбір екін­ші ер қамап қоя ала­ды. Алай­да әйел адам­ды асқақта­тып, оған дем беру тек нағыз ердің ісі», – дей­ді Айсәуле.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн