Ассамблеяға арналған сайт АЛТЫННАН ЖАСАЛА МА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Қазақстан халқы ассамблеясына сайт жасау үшін депутаттар республикалық бюджеттен 100 млн теңге сұраған екен. Бір қызығы – бұл қаржы алдағы үш жылда жұмсалуы керек еді.

 

Бірақ ҚР парламентінің сенаторлары мәжілісмендер алып келген құжатты қабылдамай қойды. Оларды Қазақстан халық ассамблеясының сайтына жұмсалу үшін сұралған қаржының көлемі шошытқан сияқты.

Сенат берген мәліметке қарағанда, Қазақстан халық ассамблеясының сайты сол ұйымның жұмысын, әр ұлттың мәдениеті мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ұлттар достастығын насихаттау үшін жасалмақшы болған. Бір сайтты іске қосуға сұралған ақшаның жұмсалу жолы төмендегідей жіктеумен көрсетілген:

– 43,8 миллион теңге – 2018 жылға

– 38 миллион теңге – 2019 жылға

– 38 миллион теңге – 2020 жылға

Құны алтынға пара-пар бұл ұсынысты сенаторлар әзірше тоқтата тұруды шешті. Сайт жасау және оны жүргізу мәселесі 2018 жылдың бюджетін бекіту кезінде қарастырылатын болыпты. Тәубә!

«D»

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн