Пятница , 4 июля 2025

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕН БҰРЫН Жаңа жылға дайындық басталды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

Апта апты­ғы

 

 


 

 

Жаңа жыл­дың алдын­да бола­тын Тәу­ел­сіздік күніне тыңғы­лы­қты дай­ын­дал­ма­са да, келер жыл­ды кем­сіт­пей қар­сы алуға әкім­дік­тер кірісіп кет­кен. Мәсе­лен, Жаңа жыл қар­саңын­да Аты­рау көше­лері 89 мил­ли­он тең­генің әше­кей­лері­мен безен­діріл­мек деп хабар­лай­ды КТК арна­сы­на сіл­те­ме жасаған NUR.KZ.

 

Мұнай­лы аймақтан қараған­ды­лы­қтар да қалы­сар емес. Олар жел­тоқ­сан­дағы мере­ке­лер үшін бар­лы­ғы 100 мил­ли­он тең­ге бөліп отыр. Оның 40 мил­ли­о­ны Тұңғыш Пре­зи­дент күні мен Тәу­ел­сіздік мере­кесін той­ла­у­ға жұм­сал­мақ екен.

«Ал жаңа­жыл­дық безен­ді­ру­лер үшін 60 мил­ли­он қарас­ты­рыл­ды. Біз бұл ақшаға негіз­гі эле­мент­тер­ді жаңарт­пақ­шы­мыз. Оның ішін­де ұзын­ды­ғы 25 метр­лік шыр­ша алу да жос­пар­ла­нып отыр. Жал­пы мыңға жуық диод­ты шам алы­на­ды», – дей­ді Қараған­ды қала­лық ТКШ бөлі­мінің бас мама­ны Дани­яр Кәрібаев.

Ал әкім­дік­тер­дің ішін­де әзір­ге қара­жат бөлу жағы­нан өзге­лер­ден оқ бойы озық тұрға­ны – Алма­ты әкім­ді­гі. Ондағы­лар жел­тоқ­сан­дағы бар­лық мере­кені той­лау үшін 630 мил­ли­он тең­ге бөл­ген. Бұл қара­жатқа 260 шақы­рым гир­лян­да мен 7000-ға жуық әше­кей­лер алы­на­ды екен.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн