ЖАЙЫНА ЖАТҚАН БОРАТТЫ АСТАНА СОТЫ ОЯТТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

 


 

 

Америкалық әртіс Саша Барон Коэн өткен аптада Астанада «I Love Astana» белгісі алдында «Бораттың шомылу киімімен» суретке түскені үшін әкімшілік жаза алған туристердің айыппұлын төлегісі келеді, деп хабарлады «Азаттық». Бұл туралы Коэн өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған екен.

 

«Менің чех достарыма. Сен екеніңді дәлелде (оқиғаның қалай болғанын сипаттап, дәлел келтір), – сосын айыппұлды мен төлеймін», – деп жазыпты әртіс өз парақшасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Чехиядан келген алты турист әкімшілік тәртіп бұзғаны үшін ұсталып, олардың әрқайсына 22,5 мың теңге ($68) айыппұл салынған еді. Олар өткен аптада Астанада «I Love Astana» белгісі маңында кино кейіпкері Борат Сағдиевтің шомылу киімімен жүрген жерінде ұсталып, Астана қалалық әкімшілік сотқа тартылған-ды. Қаланы қар басқан суыққа қарамастан, олар осындай киіммен суретке түсіп, өз елдеріне естен кетпес ескерткіш ала кетпек болған сыңайлы. Енді, міне, тыныш жатқан Боратты Астана соты қайтадан оятып, Қазақстанның атышулы имиджі әлемдік таблоидтарда тағы да «жарқ» ете түсті.

Еске сала кетейік, Саша Барон Коэн түскен «Борат» фильмі 2006 жылы жарыққа шығып, ол тіпті «Оскар» сыйлығының номинациясына да ұсынылған еді. Онда қазақ журналисі Борат Сағдиевтің Америкаға қалай саяхаттағаны бейнеленеді. Қазақстан билігі комедияға наразылық білдіріп, фильмді елде көрсетуге тыйым салды. Бірақ «Борат» фильмі сол жылы әлемдік прокаттан жарты миллиард долларға жуық ақша жинаған еді.

Ермұрат БАПИ


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн