Пятница , 4 июля 2025

ДИМАШ Американы ЖАРДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан


 

Әлем­ге әйгілі ком­по­зи­тор, «Грэм­ми» жүл­десінің екі дүр­кін иегері, «Тита­ник» филь­мінің саунд­т­ре­гі «My heart will go on» әнінің авто­ры Уол­тер Афа­на­сьефф (сурет­те – орта­да) қаза­қтан шыққан жұл­дыз Димаш Құдай­бер­ген­ді өзінің құр­мет­ті қонағы ретін­де үйіне шақырды.

 

«Бүгін мен тама­ша кісінің үйін­де бол­дым, деп жаз­ды бұл орай­да Димаш өзінің инста-парақ­са­шын­да. – Ол «GRAMMY» жүл­десінің екі дүр­кін иегері. Май­кл Джек­сон, Мэрайа Кэри, Уит­ни Хью­стон сын­ды ірі тұлға­лар­мен жұмыс жасаған ұлы ком­по­зи­тор және про­дю­сер. Селин Дион орын­даған «Тита­ник» теле­филь­мінің саунд­т­ре­гі «My heart will go on» әнін де дүни­е­ге алып кел­ген осы Уол­тер мыр­за. «Кра­са­ви­ца и Чудо­ви­ще», «Алад­дин» (1992), «Тело­хра­ни­тель» (1992), «Толь­ко ты» (1994), «Гер­ку­лес», «Игра» (1997), «Дру­гая сест­ра» (1999), «Гос­по­жа гор­нич­ная» (2002). Джеймс Бонд «Лицен­зия на убий­ство» фильм­дерінің әндерін жазған кісі. Қан­ша жер­ден тари­хи жоба­лар­да бой көр­сет­се де, өте қара­пай­ым, өте сыпайы. Алдағы уақыт­та қуантамыз».

Димаш әлем­ге әйгілі ком­по­зи­тор­дің қонағы болғанға қуан­са, Уол­тер Афа­на­сьефф әлем­де­гі ерекше дауыс иесі Дима­шпен жүз­дескеніне мақтан­ды. «Менің ең сүй­ік­ті әншім, мықты вока­лист, Қаза­қстан­ның әншісі Димаш менің көлі­гім­де отыр. Бұл мен үшін үлкен мәр­те­бе. Рах­мет!», – дей­ді Уол­тер Афанасьефф.

Айта кетей­ік, әлем­дік тур­не­ге аттанған Димаш қазір­гі уақыт­та АҚШ-тың Лос-Андже­лес қала­сын­да жүр. Аме­ри­ка­дан Дима­штың әлем­дік кон­церт-тур­не­сі басталады.

«

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн