Пятница , 4 июля 2025

«ОРАЛМАН» әлемдік жүлдеге ИЕ БОЛДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


Гер­ма­ни­яда өткен 66-шы Халы­қа­ра­лық Ман­гейм-Хай­дель­берг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кино­фе­сти­валін­де «Орал­ман» филь­мі үздік жетістік­тері үшін арнайы жүл­де­мен мара­пат­тал­ды, деп хабар­ла­ды ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стр­лі­гінің бас­пасөз қызметінен.

 

«Мәде­ни және діни өзге­шелік­теріне қара­ма­стан, өз еліне қай­та оралған отба­сы­ның дра­ма­лық оқиға­сы эмо­ци­о­нал­ды әсер­лі баян­далға­ны үшін мара­пат­та­ла­ды», – делін­ген тара­ты­лған хабарда.Одан бөлек, кино­фе­сти­валь­дің ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры аталған кино­туын­ды­ны Гер­ма­ни­яда про­катқа шыға­руы­на ұсы­ныс жасады.

Еске сала кетсек,«Оралман» көр­кем филь­мі осы жыл­дың басын­да Иран­ның аста­на­сы Теге­ран­да өткен 35-ші Халы­қа­ра­лық «Фад­жр» кино­фе­сти­валі мен XIII Халы­қа­ра­лық «Еура­зия» кино­фе­сти­валінің бас жүл­десін жеңіп алған бола­тын. Фильм­де басты рөл­ді сомдаған актер Дулы­ға Ақмол­да қыр­күй­ек айын­да Татар­стан­да өткен XIII Халы­қа­ра­лық мұсыл­ман­дар кино­сы фести­валін­де «Үздік ер адам рөлі» жүл­десі­мен мара­пат­тал­ды. Сон­дай-ақ кар­ти­на Ита­ли­яда өткен ХХ Халы­қа­ра­лық «Religion Today» кино­фе­сти­валін­де «Үздік фильм» номи­на­ци­я­сын­да жеңіс­ке жетіп, тәу­ел­сіз SIGNIS қазы­лар алқа­сы­ның арнайы жүл­десін иемденді.

Айсұ­лу ОСПАН

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн