Пятница , 4 июля 2025

Жұлдыз ӨМІРҒАЛИ:ТАҒДЫРҒА ЖОРАЛҒЫ АЙТПАҢЫЗ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Жұл­дыз Өмірға­ли әнші Айқы­нға ұза­ты­лып жатқан видео­сы пай­да болға­лы бері ел алды­на шығып, сұх­бат бер­ме­ген еді. Көп­шілік­тің сыны­нан көз ашпай­тын әнші алғаш рет өзін сынаған­дарға жау­ап беріп, екі әйел алуға қаты­сты сұраққа жау­ап бер­ді деп хабар­лай­ды «НТК» арна­сы­на сіл­те­ме жасаған NUR.KZ.

 

«Екі әйел ала­ды ма, алып үлгер­мей ме – ол жағын біл­мей­мін. Екі әйел алуға кел­ген­де біз араб елі емес­піз. Мұсыл­ман елі бол­сақ та, біздің елде екін­ші әйел болу қабыл­да­май­ды. Instagram желісін­де елдің бәрі анық-қаны­ғын біл­мей, жаман пікір­лер жаза­ды, мен оған үйреніп те қал­дым. Бірақ бір ашуы­ма тиген уақыт­та ол адам­дарға жау­ап қай­та­ра­мын. Бәрі­міз пен­де­міз, ертең­гі өмірі­міз қан­дай бола­ты­ны­на кепіл бере алмай­мыз. «Мен мынан­дай бол­май­мын, менің басым­нан мынау өтпей­ді» деп айта алмай­мыз. Себебі ертең­гі өмірің­де қан­дай бұры­лыс бола­ты­нын сен өзің де біл­мей қала­сың. Жағым­сыз пікір­лер­ді жүрек­ке қабыл­дағым кел­мей­ді», – деді Жұлдыз.

Сон­дай-ақ ол «Кешью» тобы­нан кет­кен­нен кей­ін өзін-өзі жоғал­тып алға­нын айт­ты. «Алма­ты­да бар-бар болып жүр­міз. Біраз уақыт дема­лыс алдым. Топ­та жұмыс істе­ген кез­де бәрі өз уақы­ты­мен бола­тын, дай­ын нәр­се­ге үйреніп қалып­пын. Жеке шыққан соң сасқа­лақтап қал­дым. Мей­лі, ол әнге қаты­сты бол­сын, бей­не­ба­ян бол­сын. Қазір өзім­ді жинақтап, қан­дай ән, қан­дай бей­не­ба­ян түсіре­мін деп ойлап жүр­мін», – деп­ті Жұлдыз.

Еске сал­сақ, Жұл­дыз Өмірға­ли – «Кешью» тобы­ның бұры­нғы әншісі. Бұған дей­ін әнші Айқын Төле­п­бер­ген­ге екін­ші әйел болып, бір ұлдың ана­сы атан­ды деген ақпа­рат тараған.

Nur.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн