Қазақстанның маңында «ЕКІНШІ ЧЕРНОБЫЛЬ» оқиғасы болып жатыр

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №44 (408) от 30 ноября 2017 г.

Апта аптығы


Келесі жылы Ресей президенттігіне үміткер болатынын айтқан Ксения Собчак тікелей эфирде Төменгі Оралда орын алған апат туралы ашық айтты деп хабарлайды Nur.kz порталы.

Ксения Собчак «Россия-1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен бірге» бағдарламасында ресейлік БАҚ рутений апаты туралы жақ ашпайды деді. «Біз батыстық басылымдардан радиоактивті заттардың таралып жатқаны туралы апат болған соң екі айдан кейін білдік. Бұл екінші Чернобыль оқиғасымен пара-пар», – деп мәлімдеді Собчак бағдарламада.

Еске салсақ, МАГАТЭ деректері бойынша, қыркүйектің соңы мен қазанның басында бірқатар еуропалық елдердің атмосферасында рутений-106 анықталған болатын. Радиациялық қорғаныс жөніндегі неміс ведомствосы бұл зат Оңтүстік Орал, яғни Ресей немесе Қазақстан аумағынан таралып жатыр деген шешім шығарған.

Бұдан кейін Росгидрометр радиациялық апат туралы бюллетень таратып, қауіпті заттың атмосфераға таралу дерегін растаған еді. Ресейдегі «Гринпис» ұйымы Еуропа атмосферасында байқалған рутений концентрациясының мөлшері аз болғанымен, ондаған миллион адамға әсер ететінін мәлімдеген. Соның салдарынан олардың денсаулығында міндетті түрде проблемалар туындауы мүмкін.

«Апат маңындағы адамдар сәулеленуі мүмкін. IRSN француз институтының болжамы бойынша, ауаға тараған заттың мөлшері 100-ден 300 терабеккерельге тең болуы мүмкін. IRSN бағалауы бойынша, апат болған жерден бірнеше километр қашықтықта тұратын адамдарды қорғау керек», – дейді ұйым.

Еркежан БЕШТАЕВА,

студент

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн