Пятница , 4 июля 2025

ОТЫЗ ЖЫЛ БОЙҒЫ ЖАЛҒЫЗ президентке азаматтық айтарым бар

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Дат, тақ­сыр!


 

Қаза­қстан­ның бірін­ші және отыз жылға жуық уақыт бойы жалғыз пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа «Дат, тақ­сыр!» деп қам­шым­ды ортаға таста­дым. «Датым бар!» деген сөз – ежел­гі қазақ дала­сы­ның жазыл­маған кодексі еді: ел пре­зи­ден­ті менің сөзі­ме құлақ түреді деп ойлаймын.

 

Қара­ның датын тың­дау – хан­ның жазыл­маған пары­зы болған дей­ді. Халық өкілінің датын тың­дау – тек жүре­гін­де има­ны бар, тек­ті, дара тұлға­ның қолы­нан кел­ген. Сіз де сол дара тұлға­ның бірі деп, үміт артып, хат жол­дап отырмын.

Сіздің «Руха­ни жаңғы­ру» және қазақ әлі­п­биін латын қар­піне көші­ру жөнін­де­гі баста­маңы­зды көп­шілік халық қол­дап отыр. Тек әлі­п­бидің кім-көрін­ген айтқан нұсқа­да қабыл­да­нып кет­пе­уін қат­ты наза­рда ұстаға­ны­ңыз абзал.

Ал «Руха­ни жаңғы­ру» бүгін­гі­дей, қағаз жүзін­де­гі дүр­мек болып қал­мауы керек. Бұл жаңғы­ру­дың жалға­сы сая­си рефор­ма­ларға жалға­суы тиіс деген көп­шілік қауым тақы­мын қысып отыр. Қоғам қат­ты қажет­сініп тұрған кон­сти­ту­ци­я­лық және сая­си рефор­ма­ны қай­сар­лық таны­тып, аяғы­на жет­кіз­сеңіз, сіздің есі­міңізді тарихқа алтын әріп­пен халы­қтың өзі жазып, Нұр­сұл­тан­ның «Нұр­лы жолы» болып мәң­гі қаласыз.

Ал егер бұның бәрі әдет­те­гі­дей алдам­сы­ра­ту­дың ама­лы­мен, жай ғана қағаз жүзін­де қала­тын бол­са, онда қаза­қтың маң­дай­ы­на сор болған, елдің рухын түсір­ген «Сор-сұл­тан» болып қала­сыз. Халы­қтың нала­сы қиын екенін өзіңіз де түсі­нетін шығар­сыз… Енді жаңғы­ру арқы­лы даму мен жаңғы­ру­дың аты­мен алдау жолы­ның қай­сысын таң­дай­сыз – ол сіздің қолыңызда.

Егер бірін­шісін – іс жүзін­де­гі нақты даму жолын таң­да­саңыз, біз сізді қол­дай­мыз, қол ұшын беріп, бастаған ісіңіз­ге ат салы­суға дай­ын­быз. Ол үшін ең алды­мен қоғам­дық келісім­ге негіз бола­тын Ұлт­тық дио­лог алаңын құрға­ны­ңыз абзал болар еді. Датым бар деген оппо­зи­ция мен ұлт пат­ри­от­та­ры­ның басын қос­саңыз, дөң­ге­лек үстел басын­да елде болып жатқан жай­ды біз сіз­ге жай­ып сала­мыз. Сон­да жалған сөз бен ақиқат­тың ара жігі ашы­ла­ды. Біз елі­міздің жауы емес­піз, біз де елі­міздің дамуын сөз­бен емес, іспен қалай­мыз. Біз де сіз айтқан­дай эво­лю­ция жолын таң­дай­мыз. Біз елде рево­лю­ция яки бол­ма­са аза­мат­тық қақты­ғыс болға­нын қаламаймыз.

Ертең біз қоға­мға кан­дай жол қал­ды­ра­мыз, кей­ін­гі ұрпақ қан­дай мем­ле­кет­те өмір сүреді? Сол үшін білек­ті түріп қой­ып, біре­улер­ге деген өкпе­ні сырып қой­ып, бірі­гіп, руха­ни жаңғы­ру­ды діт­те­ген жеріне жет­кі­зуі­міз керек. Оның алғы шар­тта­ры­ның бірі, өзіңіз де ойлап жүр­ген­дей – сая­си рефор­ма жасау. Қоса­ты­ны бар, ала­ты­ны бар, боса­та­тын буы бар – соның бәріне салқын­дық таны­тып, бәрі­міз бір тудың асты­на бірі­гіп, нақты және діт­те­ген нәти­же­ге жетері­міз анық.

Аса құр­мет­ті пре­зи­дент мыр­за, сіз талай мәр­те ора­за, құр­бан айт кез­дерін­де бір-бірі­міз­ге кешірім­ді болай­ық деп айтқа­ны­ңыз сіздің де, халы­қтың да есін­де. Олай бол­са, сіз­бен біраз жыл әріп­тес болған, кей­ін­нен оппо­зи­ци­яға кет­кен сая­сат­тың ақсақа­лы Серік­бол­сын Әбділ­дин, экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин, өзіңіз­ге кезін­де сая­си әріп­тес болған Ғазиз Алдам­жа­ров, Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Төле­ген Жүке­ев, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Ораз Жан­до­сов сияқты, кей­ін­нен сая­сат­тан ала­ста­ты­лған Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Төлен Тоқ­та­сы­нов, Уәли­хан Қай­са­ров, Әмір­жан Қоса­нов… және басқа аза­мат­тар­ды аға­лық кешірім­мен бір ортаға шақы­рып, жаңа іске жұмыл­ды­ра біл­сеңіз, ел-жұрт сіздің іс-әре­кетіңіздің ақты­ғы­на көз жет­кі­зеді. Бұл ұлт­тық ұйы­су­дың, елдік ерік-жігер­дің басы болар еді. «Жігіт­тер, мына рефор­ма­ны бір­ге бастап, бірі­гіп аяқтай­ық, елі­мізді сая­си даму­дың жаңа жолы­на көшірей­ік» деп айт­саңыз, халық бұны­ңы­зды құп алып, тақи­я­сын көк­ке лақты­ра­ры хақ. Мұн­дай жағ­дай­да екі бір­дей жеңіс­ке жетесіз: бірін­ші­ден, сая­си рефор­ма­ны жүзе­ге асы­ру мүм­кін­дік­тері арта­ды; екін­ші­ден, өзіңіз­ден кей­ін­гі ел зер­десіне өз аты­ңы­зды өшпе­стей жазып кетесіз.

Егер осы руха­ни жаңғы­ру­дың заң­ды жалға­сы бола­тын сая­си өзгерістер­ді іске асыр­саңыз, онда біз – халық келесі пре­зи­дент­тен сіздің сая­си кепіл­ді­гіңізді табан­ды­лы­қ­пен талап ете ала­мыз. Онда бүгін­гі Аста­на – Нұр­сұл­тан қала­сы, Алма­ты­дағы Фур­ма­нов көше­сі – «Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев атын­дағы көше» бола­ры айдан анық. Басқа­ша жағ­дай­да сіздің тарих­та қалар аты­ңы­зға арты­ңы­здағы халқы­ңыз кепіл­дік бере алмай­ды. Тіп­ті елде­гі Назар­ба­ев зият­кер­лік мек­теп­тері мен Аста­на­дағы Назар­ба­ев уни­вер­си­тетінің ата­у­ла­ры өзгеріп кетуі ғажап емес. Мен ойлай­мын, сіз де бұны ойлап жүр­сіз деп…

Бұл рефор­ма шынайы бол­са, сіз бір пар­ти­я­ның, яғни «Нұр Отан­ның» лидері ғана емес, күл­лі халы­қтың бас бостан­ды­ғы мен еркін таң­да­уы­ның кепілі болуға тиіссіз.

Сөз еркін­ді­гі мен бей­біт түр­де митинг­тер мен шеру­лер өткізу­ге тый­ым салған заң­дар­дың күші жой­ы­луы керек. Сая­си көзқа­ра­сы бар адам­дар­ды қуда­лау, сот­тау доға­ры­луы тиіс. Был­ты­рғы жер дауы­на бай­ла­ны­сты сот­талған Макс Боқа­ев пен Талғат Аян бостан­ды­ққа шығуы керек.

Ұлт­тық келісім үстелі арқы­лы ғана сіз халы­қты бір мақ­сатқа бірік­ті­ре ала­сыз және елде­гі ақиқат­ты сіз­ден жасы­рып, жаны­ңы­зда жүр­ген серік­теріңіздің сөзі­нен басқа талай нәр­се­ге көзіңіз жететін бола­ды. Қоғам­ның дер­тін емдеу үшін, оның себеп-сал­да­рын аны­қтап алуға бар­ша жұрт жұмы­ла­ры анық.

Әйт­пе­се, сая­си өзгерістер жасал­ма­са, бәрі кеш болып кетуі мүм­кін. Себебі қым­бат­шы­лық халы­қты әбден қинап, қылқын­ды­рып бара­ды. Мұнай­дың үстін­де оты­рып – бен­зин­ге жары­май, көмір­дің үстін­де оты­рып – оты­нға жары­май келе­міз, ком­му­нал­дық төлем­дер мен азық-түлік­тің баға­сы шары­қтап өсу­де. Көк­тем­де бір тон­на көмір 11 мың тен­ге болған, қазір Алма­ты­да – 20–23 мың тең­ге. Менің 52 мың тен­ге жалақым бар-жоғы екі тон­на көмір алуға жете­ді. Бес бала­сы бар ана 9400 тең­ге жәр­де­мақы ала­ды екен: ол қай тесі­гін жамай­ды? Депу­тат­тың айлы­ғы 1 мил­ли­он тең­ге­ге жет­ті, мұғалім мен дәрі­гер­дің айлы­ғы сол қал­пы – 70–80 мың тең­генің маңайы. Халы­қтың өкпе­сі қара қазан­дай: әле­умет­тік нара­зы­лы­қтың бір шыр­пы­сын тұтат­са, жет­кілік­ті – оның арты үлкен өрт­ке айналға­лы тұр.

Ертең сіз қала­саңыз да, қала­ма­саңыз да – заман өзге­реді, билік те өзге­реді. Бірақ ол өзгерісті сіз­ден кей­ін кел­ген­дер емес, өзіңіз жасап кет­сеңіз, ел-жұрт билік­тің өтпе­лі кезеңі­нен сая­си-әле­умет­тік тең­селіс­сіз өтер еді. Бүгін­де біз қан­дай ұрпақ өсіріп жатыр­мыз? Има­ны жоқ, ар-намысы тап­талған, қорқақ, өзге­ге жал­тақ, обал-сау­ап­ты біл­мей­тін ұрпақ өкше­мізді басып келе жатыр. Ондай ұрпақ елі мен жері тұр­мақ, өз отба­сын қорғай алмай­ды. Сіздің маңай­ы­ңы­зда жүр­ген жыл­по­стар мен жағым­паз­дар осы жағ­дай­ды сіз­ге айта алып жүр ме? Күді­гім бар!

Өз баста­ры­ның қамын ғана күйт­теп жүр­ген намысы жоқтар­мен сіз ешқан­дай рефор­ма жасай алмай­сыз! Олар – кері тарт­па­лар. Өз мүд­де­лері үшін олар сіз­ге өмір­дің өңін айнал­ды­рып айта­ды. Олар талай сыл­тау таба­ды, бұл рефор­ма­ны алға жүр­гіз­беу үшін, оларға елба­сы Назар­ба­ев та, қазақ халқы да көк тиын. Оларға өзінің қара басы мен ел қазы­на­сы­нан ұрлап-жыр­лаған қара­жа­тын, билі­гін ұстап қалу әлдеқай­да қым­бат. Ал сіз олар­ды сая­си және мем­ле­кет­тік әріп­те­стер санап жүрсіз!

 

Р.S. Тағы да қай­та­лай­мын, менің бұл датым – ертең­гі күні болып кетуі мүм­кін өрт­тің алдын алу­дың жолы деп білем. Жаман айт­пай, жақ­сы жоқ, ертең халық көше­ге шыға­тын бол­са, сіздің маңай­ы­ңы­зда жүр­ген тобыр оны тоқта­та алмай­ды неме­се тоқта­там деп халы­ққа оқ ата­ды. Мұн­дай нәти­же сіз­ге тіп­ті де керек емес шығар…

«Түй­енің бура­сы, сөздің тура­сы жақ­сы» деуші еді атам қазақ: менің сіз­ге айт­пақ датым осы еді. Сіз осы өзгерістер­ді бастаған күні «Пре­зи­дент­тің сая­си рефор­ма­сын қол­дай­ық!» деген ұран­мен аспанға ақ шар­лар ұшы­рам. Құдай қолға алар ісіңіз­ге қуат берсін!

Қай­рат ЕРДЕБАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн