Четверг , 3 июля 2025

АҚЫН ҮНІХАЛЫҚ ҮНІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Сана­сы улан­баған, әле­умет­тік желіні жиі пай­да­ла­на­тын қай­бір қаза­қтан «Қуа­ныш Мұқтай деген кім?» деп сұра­саңыз, еш ойлан­ба­стан: «Қай­сар аза­мат, оппо­зи­ци­о­нер, қоғам қай­рат­кері, халық ақы­ны», – дей­ді. Расын­да да, әле­умет­тік желілер­де Қуа­ныш Мұқтай­дың аты кеңі­нен таны­мал. Оның өлең­дері жиі жари­я­ла­нып тұра­ды. Оған пікір біл­дір­ме­се де, «лайк» баса­тын­дар өте көп. Пікір біл­дір­ме­уінің өзін екі түр­лі түсі­ну­ге бола­ды. Не «пікір біл­діретін­дей әде­би­ет­ші емес­піз ғой» деп ойла­уы мүм­кін, не қауіп­сіздік орын­да­ры тағай­ын­дап қой­ған «троль­дар­дың» наза­ры­на ілі­гу­ден қорқақтайды.

Ал бүгін­гі таң­да «Хан емес­сің, қасқыр­сың!» деп Махам­бет­ше тай­сал­май жыр­лай­тын ақы­ның табы­ла ма? Табыл­са, Қуа­ныш Мұқтай сын­ды жүрек жұтқан батыл, батыр екен.

Әр заман, әр кезең өз қаһар­ма­нын дүни­е­ге келтіреді.

2003 жыл­дың 1 мамы­ры күні Алма­ты­да оппо­зи­ци­я­ның жина­ла­тын орны боп есеп­те­летін «Сары­арқа» кино­те­ат­ры­ның артын­дағы алаң­да өткен митин­гі­де мін­бер­ге көтеріл­ген түрі де, үні де келісті бір аза­мат «Автоқа­лам­дар жаза-жаза шар­ша­ды, енді­гі сөзді авто­мат­тарға беру керек!» деген сөзді айтып, сұңқар­дай саңқ етті. Жұрт аңта­ры­ла қарап: «Ұранға бер­гісіз мына сөздің иесі кім? Нет­кен қай­сар жан!» – деп, таң-тама­ша қал­ды. Осы сәт­те «Қару­лы көтеріліс­ке шақы­рған кім?!» деп, көлең­кесі­нен қоры­ққан құқық қорғау орган­да­ры әлгі адам­ды дереу ұстай­ды. Бір­ден тер­ге­у­ге ала­ды. «Кім­сің?» – «Ақы­н­мын! Қуа­ныш Мұқтай­мын! Неге ұстай­сың, ұқпай­мын?». Қолын­да авто­ма­ты жоқ, тек тіл­ші куәлі­гі ғана болға­сын, амал­сыздан боса­тып жібе­реді. Міне, сол тұстан бастап Қуа­ныш Мұқтай демо­кра­ти­я­шыл қауым мен қауіп­сіздік орын­да­ры­ның наза­рын­да. Бірі оны «дауыл­паз ақын» деп там­са­нып, бел­сен­ді қоғам қай­рат­кері ретін­де таны­са, бірі «билік­ке қауіп­ті адам» деп қатер қылады.

Ақын Қуа­ныш Мұқтай өзінің халық қол­да­уы­на ие екенін біледі. Оны алғаш 2008 жылы «Дат, тақ­сыр!» атты тұңғыш жинағын ақын­ның жана­шыр­ла­ры өз қара­жа­ты­на шыға­рып бер­ген­де анық сезін­ді. Аз тираж­бен шық­са да, атағы алы­сқа кет­ті. Елдің түк­пір-түк­пірі­нен таныс-бей­та­ныс кісілер хабар­ла­сып, бай­ға­зы­лап, кіта­бын сұрап жатқан­да: «Қаза­ғым, бар екен­сің ғой!» – деді еріксіз жүре­гі елжіреп.

Міне, сол Қуа­ныш Мұқтай ақын­ның жаңа өлең­дер жинағы жары­ққа шықты (сурет­те). Сатып алам деушілер газет редак­ци­я­сы­на хабар­ла­суы­на болады.

Жан ТІЛЕУ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн