Пятница , 4 июля 2025

Лидия Кәденованың келіні БҮРКІТПЕН КӨҢІЛ ҚОСҚАН БА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 


 

Әнші Бүр­кіт про­дю­сер­лік еткен «Апан» филь­мі­нен кей­ін актер Дидар Кәден мен Айым Алтын­бе­ко­ва (жоғарғы сурет­те) ажы­рас­ып тын­ды деген қау­е­сет ел аузын­да жүр. Дидар мен Айым ажы­рас­қан­да­рын мой­ын­да­са да, не себеп­ті екі­ге кет­кен­дерін айт­па­ды. Ал жұрт бұл мәсе­ле­ге Бүр­кіт­тің қаты­сы болуы мүм­кін деп болжайды.

 

Соны­мен Бүр­кіт­тің Лидия Каде­но­ва­ның келіні­мен көңіл қосқа­ны рас па? Бұл сұрақтың жау­а­бын Бүр­кіт пен Айым «31 арна­ның» «Айта бер­сін» бағ­дар­ла­ма­сын­да бер­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz.

Бүр­кіт­тің өзі бол­са, ел аузын­дағы әңгі­ме­ге мүл­дем мән бер­мей­тінін айта­ды. «Негізін­де мен ондай өсек деген нәр­се­лер­ге ешқа­шан ара­лас­пай­мын. Енді актер­лар­дың арты­нан өсек­тер жүреді, бірақ мен ондай­ларға құлақ аспай­мын. Отба­сын­да осын­дай про­бле­ма­лар­дың болып жатқа­нын жақын­да ғана естідім. Мен Лидия Кәде­но­ва әпке­мізді жақ­сы құр­мет­тей­мін. Жақын­да ғана «Моана» мульт­филь­міне дуб­ляж жасаған­да, ол кісі­мен бір­ге болған­быз. Кім біледі енді олар­дың отба­сын­да не боп жатқа­нын?!» – деді ол.

Айым бол­са, экс-күй­е­уі­мен не себеп­ті ажы­рас­қа­ным­ды айт­пай­мын деп шорт кесті. Алай­да Бүр­кіт­пен ара­мы­зда ештеңе жоқ деп ақтал­ды ол.

«Ондай сын­дарға үйреніп қал­дым. Оны оқы­май­мын да, қара­май­мын да, мүл­дем қызы­қтыр­май­ды. Бірақ кино­дан кей­ін ол әңгі­ме қай­та баста­ла­ды, шусыз жүре алмай­мыз. Оның бәріне дай­ын­быз. Енді біз қаза­қ­пыз ғой: олар үне­мі қосып айта­ды, өсек айта­ды. Деген­мен, «Айбек аға­мен мені қосқан­да­ры дұрыс бол­ма­ды. Өйт­кені жары жаны­мы­зда жүр­ді, қан­ша­ма таны­мал актер­лар жүр қасы­мы­зда. Менің енем Халық әртісі, мен оны біле тұра, біре­умен көңіл қосу деген ойы­ма да кір­ме­ген. Ел не демей­ді? Деген­мен де, жеке өмірім тура­лы айтқым кел­мей­ді. Құдай сақ­та­сын, Айбек аға­мен ара­мы­зда ештеңе жоқ», – дей­ді Айым Алтынбекова.

Алай­да Айым кәсі­би актри­са бол­ма­са да, басты рөл­ге Бүр­кіт­тен шақыр­ту алға­нын жасыр­май­ды. «Маған Айбек­тің өзі хабар­ласқан бола­тын, кастинг­ке шақыр­ды. Бірін­ші күні мүл­дем ұнатқан жоқ менің ойнаға­ным­ды, екін­ші күні де ұнатқан жоқ. Үшін­ші күні өзім звон­дап: «Тағы бір рет көрей­ін, үйде дай­ын­да­лып жатыр­мын», – дедім. Үшін­ші рет­тің өзін­де де алма­ды, бірақ кеш­кісін тағы сөй­ле­стік. Маған Айбек қана сен­ді, тек Айбек­тің көме­гі­мен, сені­мі­мен ғана киноға түс­кен бола­тын­быз», – дей­ді ол.

Еске сала кетей­ік, жуыр­да Бүр­кіт­тің дебют­тық «Лого­во» кар­ти­на­сы жарық көр­мек. Фильм­де тұңғыш рет актри­са ретін­де бағын сынаған бью­ти-бло­гер Aeka Posh (Айым Алтын­бе­ко­ва) түсірілім­де біраз қиын­ды­қтар­ды еңсеріп­ті. Ал алға­шқы кино­сы­нан кей­ін Айым­ның жеке өмірін­де еле­улі өзгерістер де бар екен. Бұл тура­лы «НТК» арна­сы­ның «Ревю» бағ­дар­ла­ма­сын­да айтылды.

Тәжіри­бесінің жоқты­ғы­на қара­ма­стан, бью­ти-бло­гер­ге негіз­гі рөл­дер­дің бірі бұй­ы­рған. Айым­ның өзі «келісті кел­бетім Бүр­кіт­ке ұнап қалған­ды­қтан, мені таң­даған болуы керек» деп топ­шы­лай­ды. «Бұрын­нан бері менің «Инста­гра­мым­ды» оқи­ды екен негізі. Соны­мен, түр жағым­нан ұнатқан-ау… Қаза­қстан­да бір актри­са­лар­ды түсі­ре береді, бір актри­са­лар­ды көре бере­міз. Ол жаңа актер­лар­ды, жаңа актри­са­лар­ды түсір­гісі кел­ген», – дей­ді Айым Алтынбекова.

Фильм­нің түсірілі­мі­нен соң Айым инста-парақ­ша­сы­нан күй­е­уінің сурет­терін мүл­де өшіріп тастай­ды. Фол­ло­вер­лері Айым­ның бұл әре­кетін жары­мен ажы­рас­ты деп топ­шы­лаған. Айым­ның өзі бұл жай­ын­да жақ ашуға құлы­қ­сыз. «Мен жеке өмірім жай­лы айтқым кел­мей­ді, ол тура­лы қозға­май-ақ қой­сақ бола­ды», – дей­ді Айым.

Жеке өмірін жасы­рға­ны­мен, Айым кино­гер­лер тара­пы­нан түр­лі ұсы­ны­стар түсіп жатқа­нын ашып айт­ты. «Ақан Сата­ев­тың «Биз­не­сме­ны», «Томи­рис», «Инст­га­рам­щи­ца» деген секіл­ді, «Қаза­қ­фильм» түсіріп жатқан кино­ларға шақыр­ту алдым. Кей­бірі­нен өзім бас тарт­тым, өйт­кені мына жер­де басты рөл бер­ген­нен кей­ін, эпи­зодқа түскім кел­мей­ді», – дей­ді Алтынбекова.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн