Четверг , 3 июля 2025

АРЫСТАНБЕКТІҢ ӨЗІНАШТАН ҚАТЫРУ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

АнекDAT

 

Үйің­де­гі бес адам­ның төр­те­уі шығар­ма­шы­лы­қ­пен айна­лыс­са, тамаққа эко­ном бола­ды екен.

• Ақан Серік­тің ФБ-парақшасынан

 

Әтте­ген-ай!

 


•Мәжілі­сте мәде­ни­ет сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік сая­сатқа арналған үкі­мет саға­тын­да ҚР мәде­ни­ет және спорт мини­стрі тағы да күл­кі­ге қалды.

 

«Шынын­да еңбе­кақы төмен. Жал­пы, өнер адам­да­ры ерке емес. Тамағы тоқ емес, аш өзек жүретін шығар­ма­шы­лық ада­мы ғала­мат туын­ды­лар дүни­е­ге әке­леді деп есеп­те­леді. Мыса­лы, Бет­хо­вен, Моцарт­тың аш-жалаңаш жүр­генін біле­міз, бірақ бұл адам­дар әлем­дік жауһар­лар жаз­ды. Аз қар­жы­лан­ды­руға, біздің дарын­дар әлем­дік дең­гей­ге шығып жатыр. Деген­мен, кіта­п­ха­на, музей, мәде­ни­ет үйлері секіл­ді сала­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру керек», – деді Мұха­ме­диұ­лы депу­тат­тың сұрағы­на жау­ап бере отырып.

Осы­ған орай таны­мал ком­по­зи­тор Қал­ды­бек Құр­манәлі министр Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­ның мәлім­де­месі мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің айта­тын сөзі емес дей­ді («Ратель»). «Әр адам­ның жеке өз пікірі бола­ды және айтуға құқы­лы. Ал мини­стр­дің бұлай сөй­ле­у­ге мораль­дық хақы­сы жоқ. Министр Бет­хо­вен, Моцарт аш жүріп, небір шедевр­лер­ді дүни­е­ге әкел­ді дей­ді. Онда мини­стр­лер­ге кіта­п­ха­на­шы­ның айлы­ғын берей­ік. 30 мың тең­ге­мен бір ай өмір сүріп көр­сін. Бәл­кім, сол кез­де олар қыз­мет­терін­де шығар­ма­шы­лық табысқа жетіп, жақ­сы жұмыс жасар», – дей­ді композитор.

Сон­дай-ақ ком­по­зи­тор Бет­хо­вен мен Моцарт мыса­лы ойға қоным­сыз, бұл тоқ бала аш бала­мен ойна­май­ды­ның кері дей­ді. «Қазір шоу-биз­нес өкіл­дері мен аса­ба­лар­дың ғана жағ­дайы жақ­сы. Бірақ олар нағыз өнер­паз­дарға жат­пай­ды. Керісін­ше, шын талант­тар­дың өмір­ге бей­і­мі жоқ. Олар­ды мем­ле­кет қол­да­уы керек. Министр өнер сала­сы­ның жана­шы­ры болуы тиіс.

Мәде­ни­ет сала­сын­да күнін көре алмай жүр­ген адам­дар бар. Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­мен үй алып, ипо­те­ка­сын төле­у­ге айлы­қта­ры жет­пей жүр­ген­дер қан­ша­ма? Мен мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істеп көр­ген адам­мын. Өңір­лер­де кіта­п­ха­на­шы­лар тап­шы. Ешкім ондай аз айлы­ққа жұмыс жасағы­сы кел­мей­ді. Ал олар сай­ла­удың бар­лық жұмысын­да құлақ кесті құл сияқты жүреді. Бүкіл қаз­ба бай­лы­қтың үстін­де оты­рып, аш болуға бола ма?» – деді Қал­ды­бек Құрманәлі.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн