Четверг , 3 июля 2025

ҚҰЛЫБАЕВТЫ ҚҰТҚАРҒАН Мағауов маңып қалмады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.)

 

Апта апты­ғы

Сый­ға – сый…


Елде­гі бен­зин тап­шы­лы­ғы үшін энер­ге­ти­ка вице-мини­стрі қыз­меті­нен кет­кен Әсет Маға­у­ов Kazenergy қауым­да­сты­ғы­ның бас дирек­то­ры болып тағайындалды.

 

Kazenergy-дің төраға­сы Тимур Құлы­ба­ев Әсет Маға­у­овты «Қаза­қстан мұнай-газ және энер­ге­ти­ка кешені ұйым­да­ры қауым­да­сты­ғы­ның» бас дирек­то­ры қыз­метіне тағай­ын­да­ды. Бұл Тимур мыр­за­ның «сый­ға – сый» ретін­де жасаған қамқор­лы­ғы деп баға­лай­ды тәу­ел­сіз сарапшылар.

Еске сала кетей­ік, жуы­қтағы бен­зин тап­шы­лы­ғы­на қаты­сты бірқа­тар бас­пасөз құрал­да­ры Ресей­ден бен­зин импорт­та­у­шы ком­па­ни­я­ны жазғы­рған еді. Ал ол моно­по­лист Тимур Құлы­ба­ев­тың иелі­гін­де­гі ком­па­ния еді. Енді, міне, ел пре­зи­ден­тінің өзіне үстел тоқ­пақтатқан сол дағ­да­рыс кезін­де «Тимур және оның коман­да­сын» құтқа­рып, пре­мьер-мини­стр­дің қаулы­сы­мен вице-мини­стр­лік қыз­меті­нен кет­кен Маға­у­ов маңып қалмады.

Сырым ДАТОВ

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн