Четверг , 3 июля 2025

БОЛАТ жарыққа ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №45 (409) от 7 декаб­ря 2017 г.

 


 

Бұған дей­ін БАҚ біт­кен­нен қашқақтап, жаңа­лы­ғын жар­на­ма­ла­удан жал­та­рып жүретін таны­мал мил­ли­ар­дер Болат Өте­мұра­тов ҚР Тен­нис феде­ра­ци­я­сы­ның жыл­дық қоры­тын­ды есеп­тік мәс­ли­ха­тын­да «жары­ққа шықты».

 

«Біз (Қаза­қстан тен­нисі – Ред.) қазір соңғы 6 жыл­дан бері әлем­дік топқа кір­дік. Түр­лі орын­дар­да бол­дық бұған дей­ін, қазір ең мықты­лар­дың әлем­дік топ-16 қата­рын­да­мыз. Коман­да­дағы леги­о­нер­лер­дің бар­лы­ғы­на өз қара­жа­тым­ды жұм­са­дым. Мем­ле­кет­тің емес, бюд­жет­тің емес, өзім­нің қар­жым­нан төлеп тұр­дым», – деді Болат мыр­за мәс­ли­хат барысында.

Оның сөзін­ше, отан­дық тен­ни­сті көте­ру үшін, ол 60 мил­ли­он дол­лар ақша­сын салған екен. «Мен өткен жыл­дар­ды есеп­теп қара­сам, 60 мил­ли­он дол­лар салып­пын. Қан­дай да бір қаза­қстан­дық спорт феде­ра­ци­я­сы, біл­сеңіз­дер айты­ңы­здар­шы, өз ақша­сын салып жатқан біре­уі бар ма? Соңғы төрт жыл­да бюд­жет қар­жы­сы­нан бар­лық шығын­ның 30 пай­ы­зын ғана алып отыр­мыз. Қалған 70 пай­ы­зы – жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың қар­жы­сы», – деді ол.

«Зари­на Диа­сты 21 жасы­на дей­ін біз қар­жы­лан­ды­рып, мил­ли­он­нан астам дол­лар жұм­са­дық. Зари­на өзі бұзып-жарып шықты деп жата­ды. 14 жасын­да қара­мағы­ма алдым және оны дамы­туға жеке өзім­нің мил­ли­он­нан астам дол­ла­рым шығын­дал­ды. Иығы­на ота жасаған­да да, мен қар­жы­лан­дыр­дым. Қазір өзі де табыс таба­ды», – деді миллиардер-меценат.

«Тен­нис­пен айна­лы­су үшін инфрақұры­лым салу бой­ын­ша өзі­міз­ге алған мін­дет­те­мені орын­да­дық және 2017 жылы елі­міздің бар­лық өңір­лерін­де­гі корт­тар санын 184-ке жет­кіздік. Биы­лғы жылы Шым­кент­те­гі жұмыс істеп тұрған тен­нис орта­лы­ғын­да екі жабық корт, жат­ты­ғу залы мен қонақ үй пай­да­ла­нуға беріледі. Осы­лай­ша бұл орта­лық халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сәйкестендіріледі.

Келесі жылы Алма­ты­да «Эйс» жаңа тен­нис орта­лы­ғын ашу­ды жос­пар­лап отыр­мыз. Ол жеке инве­сти­ция есебі­нен, Тен­нис феде­ра­ци­я­сы­ның толы­қтай қар­жы­лан­ды­ру­мен салы­нып жатыр. Соны­мен қатар Ақтө­бе­де де тағы бір тен­нис орта­лы­ғы салы­ну­да. Аста­на­да да 14 кор­ты бар тен­нис орта­лы­ғы салы­на­тын бола­ды. Мұнан бөлек, Қараған­ды, Ақтау, Тараз қала­ла­рын­да құры­лыс жұмыста­рын бастай­мыз. Қызы­лор­да­да жабық корт­тар санын арт­ты­ра­мыз», – деді Болат Өте­мұра­тов бас­пасөз мәслихатында.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн