Суббота , 5 июля 2025

Жаңаөзеннің БОЗДАҒЫ қайтыс болды

ҚОШ, БАТЫР!

Жаңаө­зен оқиға­сы­на қаты­сты алты жылға сот­та­лып, жаза­сын өтеп шыққан ере­уіл­шілер бел­сен­дісі Мақ­сат Досмағам­бе­тов 29 қыр­күй­ек күні қатер­лі ісік­тен қай­тыс бол­ды. Бұл тура­лы «Азаттық» тіл­шісіне Досмағам­бе­то­втың ана­сы Оңай­гүл Досмағам­бе­то­ва хабарлаған.
Мақ­сат Досмағам­бе­тов бет сүй­е­гін­де­гі қатер­лі ісік диа­гнозы­мен Маңғы­стау облы­стық ауру­ха­на­сы­ның онко­ло­ги­я­лық бөлі­мін­де жатқан. Ол 2012 жылы Жаңаө­зен­де «жап­пай тәр­тіп­сіздік­ті ұйым­да­сты­ру­шы» деп таны­лып, алты жылға сот­талған. Қаза­қстан соты­ның бар­лық апел­ля­ци­я­лық инстан­ци­я­ла­ры оның жаза­сын жеңіл­де­ту­ден де, істі қай­та қара­удан да бас тар­тқан. 2012 жылғы Ақта­удағы сот­та Мақ­сат Досмағам­бе­тов ең алғаш рет түр­ме­де­гі азаптау тура­лы ашық мәлім­де­ме жасап, оның тер­ге­луін талап етті. Оның ары­зы­нан соң қамаудағы 21 мұнай­шы сотқа азаптау тура­лы шағым түсір­ді. Сот сарап­та­ма­сы оның қабы­рға­сы­ның, бет жақ сүй­е­гінің сынға­нын аны­қтаған, деп жаз­ды «Азаттық».
Еске сал­сақ, 2015 жылы ақпан­ның 5‑інде Мақ­сат Досмағам­бе­тов шар­тты түр­де мерзі­мі­нен бұрын боса­тыл­ды. 2017 жылы жел­тоқ­сан­ның 19-ында ол жаза­сын толық өтеді.
Мақ­сат қай­тыс болар­дан бір күн бұрын «Азатты­қтың» тіл­шісі Сәния Той­кен өзінің «Фейс­бук­те­гі» парақ­ша­сын­да былай деп жазған еді: «Қазір ауру­ха­на­да тұр­мын. 2011 жылғы Жаңаө­зен оқиға­сы­нан соң абақты­ға қама­лып шыққан Мақ­сат Досмағам­бе­тов аса ауыр хал­де ауру­ха­наға түсті. Қан кетіп жатыр. Сөй­лей алмай­ды. Атқы­лаған қанға қара­ма­стан, маған хат жазып бер­ді. Айтуын­ша, дәрі­гер­лер оны реани­ма­ци­ядан шыға­рып тастаған. Ол өмір сүруі тиіс. Өзі айтқан түр­ме­де­гі азаптау тура­лы БҰҰ-ға шағым­да­нып үлгер­ген жоқ! Ол ең бірін­ші болып, түр­ме­де­гі азаптау тура­лы айтып, тер­ге­уді талап еткен еді. Өзінің сол түр­ме­де­гі ұрып-соғу­дан соң бет рагы­на шал­ды­ққа­нын айтқан. Мұнай­лы Маңғы­ста­уда онко­ау­ру­ха­на жоқ. Мен оның жана­ры­нан от бай­қа­дым. Менің жағ­дай­ым осы деді».
Жаңаө­зен­нің боздағы Мақ­сат Досмағам­бе­то­втың қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры­на, қан­ды қырғын­нан зардап шек­кен маңғы­ста­улық ағай­ын­дарға қай­ғы­рып көңіл айтады.

(медиа-про­ект «DAT» №35 (447) от 4 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн