Суббота , 5 июля 2025

ӨМІРІҢ ұзаратын БОЛДЫ

Нур­сул­тан Аби­ше­вич Назарбаев

Бұдан бірер күн бұрын ақпа­рат агент­тік­тері мен билік­тің бай­ла­у­ын­дағы бар­ша басы­лым «пре­зи­дент қаза­қстан­ды­қтар­дың өмірін ұзар­туға тап­сыр­ма бер­ді» деп жазып жат­ты. Құдай екеш құдай да адам бала­сы­ның өмірін өлшеп беріп жатқан­да, пре­зи­дент­тің бұл пәр­мені қай паңқу деп ойладық.

Сөйт­сек, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті елі­міз­де­гі алға­шқы робот­тық хирур­гия орта­лы­ғын­да болып, зама­на­уи нысан­ның жұмысы­мен таны­сып­ты. Өске­ме­не­ге ісса­па­ры­мен барған Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев Аягөз, Зырян аудан­да­ры­ның инсульт орта­лы­қта­ры­ның ұжым­да­ры­мен де телекө­пір арқы­лы тіл­десіп­ті. Сол тіл­де­су­де қырып тастаған біраз жетісті­гін тіліне тиек еткен екен. 

«Қаза­қстан бой­ын­ша адам­ның шеті­не­уінің ең жоғарғы көр­сет­кі­ші – ол қан тамыр­ла­ры­ның, жүрек­тің ауру­ла­ры бола­тын. Қазір бар­лық облы­стық орта­лы­қтар­да жүрек­ке опе­ра­ция жасай­тын жағ­дай­ға жет­кіздік. Бала туу мәсе­лесін­де бала­ның шеті­не­уі көп бола­тын. Оны да төмен­дет­тік. Сон­ды­қтан елдің ден­са­улы­ғын нығай­тып өмірін ұзар­та берің­дер», – деп­ті той қар­саңын­да ел ара­лап жүр­ген пре­зи­дент. Әлбет­те, «ұзар­та берің­дер» дегені дұрыс-ақ: пре­зи­дент болған соң, бір­деңе деуі керек қой. Бірақ оның осы «ұзар­туын» ұғы­нған халы­қтың қаны басы­на шап­шы­ған сияқты. «Халы­қтың әле­умет­тiк жағ­дайы жақ­сы бол­са, жұмысы, үй-жайы бар бол­са, ғұмы­ры онсыз да ұзақ болады. 

Қаза­қтың бар бай­лы­ғын талан-тара­жға салып, қара халы­қты қары­зға баты­рып-баты­рып, орыс пен қытай­ға оны құл етіп алып, мынау не көкіп отыр?» – дей­ді «Фейс­бук» қол­да­ну­шы Ася Асеткина.

Ал осы пост­тың астын­дағы жаз­ба мына­дай: «Халы­қты бес жасар бала сияқты алда­у­сы­ратқа­ны ма? Бұрын елба­сы «халы­қтың өмірін ұзар­ты­ң­дар» деген нұсқау бер­ме­гесін, адам­дар қыры­лып жатыр екен ғой. Жол апа­ты­нан, қиналған­нан өзіне қол салған­нан, тұр­мыс жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты кикіл­жің­нен бір-біріне қол жұм­сап, қан­ша­ма адам, әсіре­се жастар өмір­ден ерте өтіп жатыр. Енді тап­сыр­ма беріл­ген­нен кей­ін өлім аза­яр ма екен?» – дей­ді Асыл Ибрагимова.

(медиа-про­ект «DAT» №26 (438) от 5 июля 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн