Суббота , 5 июля 2025

«Бір кем дүние» КЕТИІП ҚАЛДЫ


Шер­хан аға қай­тыс бол­ды… «Бір кем дүние…».

Тұла бойы тек қаза­қи қаси­ет­тен ғана жаралған, тепе­рі­ш­тен көз ашпаған қаза­қтың шерін шерт­кен Шер-аға­мыз еді. Соңын­да қалған енді­гі депу­тат­тар­дың ара­сын­да ала­шқа ара­ша түсіп, ары­стан­дай арқы­рай­тын аза­ма­ты түгілі, мия­у­лай­тын мысы­ғы да жоқ. «Бір кем дүние…». 

Менің Алма­ты­ға – сол кез­де­гі «Соци­а­ли­стік Қаза­қстан» газетіне келуі­ме бір­ден-бір себеп­ші болған, бұған дей­ін ырқы-тырқы болған «РКТРК» теле­ком­па­ни­я­сы­на өзі­мен бір­ге ала кет­кен абзал ағам еді. Сон­да ғой, Шер-ағаң­ды басқаға қимаған «СҚ»-лық жігіт­тер­дің «Біре­уі – «Воль­во», еке­уі – «Вол­га» мін­ді» деп жаза­ты­ны. Бірақ Шер-ағаң онда «Воль­во» міну үшін емес, қаза­ққа ауа­дай қажет теле­ком­па­ни­я­ны қаза­қ­ша­лау үшін барған-ды. 

Қаза­қ­ша­ла­ды! Сон­да ашы­лған «Таң­шол­пан» бүгін­де шошақай­лау бол­са да, Шер­хан­нан қалған шол­пы­сы анда-сан­да сыл­дыр ететіні бер… 

Мені ел алдын­да «Ер Бапи» деп, мәр­те­бем­ді көк­ке бір елі жет­кіз­бей тастаған тағы сол Шер-ағам еді. Кей­ін­нен депу­тат болып жүр­генін­де, «пре­зи­дент – біреу, халық оған тіреу» деп, назар­ба­ев­тық билік­тің сой­ы­лын соғып кет­кен­де, «ДАТ»-тың біраз сыны­на ұшы­ра­ды. Бірақ анда-сан­да той-тома­лақ, өлім-жітім­де кез­дескен кез­де ешқа­шан реніш біл­дір­ме­ген: «Ер Бапи, елге сенің сөзің де керек…» десе де, үне­мі қабағы қату­лы аға­ның көңіл аңы­сын аңдау қиын еді.

Енді, міне, қазақ жур­на­ли­сти­ка­сы­ның бір дәуірі Шер-ағаң­мен бір­ге кет­ті… (Жоқ, әлде сол дәуір артын­да асқар тау боп қал­ды ма екен?). «Біз Шер­хан­ның шинелі­нен шыққан­быз» дей­тін бір төбе жур­на­лист ел мен жер­дің шерін шер­туі тиіс біраз газет­те, қия­нат­шы­ның қысы­мы­нан қысты­қ­са да, редак­тор болып жүр. 

Кім біл­сін, толғағы тоқ­сан тағ­дыр­дың салуы­мен соңын­да кітап­та­ры­нан басқа мұра­гер қал­маған (Шер-ағаң­ның өз сөзі) көңілін аты­на сай шер шай­қап кет­ті ме екен, қай­ран аға­ның…
«Бір кем дүние…» енді тіп­тен кетиіп қал­ды ма?
Қош, Асыл Аға!

«DAT»-тық жур­на­ли­стер аты­нан –
Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн