АЯЛЫ ағамыз ЕДІ…

Қазақ поэзиясында өзіндік орыны бар ақын Абдрахман Асылбек өмірден озды. Жатқан жерің жаннатта болсын, әдебі әдемі Әбеке!

Біз білетін Әбекеміз – ең алдымен аялы аға еді. Жұмсақ мінезін жібектей өріп, редакциямызға жиі келіп-кетіп тұратын. «Басқалар баспайды, сендер керекке жаратсаңдар – көрерсіңдер…» деп, жазған-сызғанын тастап кететін. Жайырқап сөйлеп, жұмсақ жымиып қана келетін ағамызға: «Біз өлең баспаймыз!» деп, басқалардың бетін қайтарар сөзді оған айтудың өзі оғаш еді.

Соңғы келгенінде төрт-бес бет қағазға жазылған өлеңдерін ұсынып: «Саяси лирика мен сатираны да сипап көрейін деп жүр едім… Қоғамның қотырын қаситын ақын аз емес, бірақ сонысын жария ететіндер некен-саяқ – «кәрі қойдың жасындай жасым қалды», мен неден қаймығам!» дегені бар.

Сондағы өлеңдерінің бірін жариялай отырып, енді біздің есігімізді өзімсініп ашып кіретін ағамызды сағынатынымызды еске алдық.
Қош, аялы аға!

«D»

Республиканский еженедельник онлайн