Суббота , 5 июля 2025

КОМСОМОЛДЫҢ ШАЛДАРЫ «СССР-дің елесін» аңсап жүр ме?

Алма­ты­да сал­та­нат­ты жағ­дай­да өткен ком­со­мол­дың 100 жыл­ды­ғы­на арналған форум көп­шілік қаза­қтар­дың зығыр­да­нын туғы­зды. Құр­ды­мға кет­кен совет­тік импе­ри­я­ның «елесін» аңсаған бұры­нғы ком­со­мол – қазір­гі шал­дар­дың жиы­ны­на қаты­сты Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия арнайы мәлім­де­ме қабылдады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гінің идео­ло­ги­я­сын жүй­елі түр­де жүзе­ге асы­ру қажет­ті­гі тура­лы» құжат­та соци­ал-демо­крат­тар «ком­со­мол­дың 100 жыл­ды­ғы­на арналған сал­та­нат­ты іс-шара жастық шағын еске алғы­сы кел­ген адам­дар­дың құқы­ғы­нан да өзек­ті мәсе­ле­лер­ді қозғап отыр» деп мәлімдейді.

Мәлім­де­ме мәтініне қараған­да, «сал­та­нат­ты жиы­нға бірқа­тар жоға­ры лау­а­зым­ды тұлға­лар қаты­сып, мем­ле­кет­тік рәміз­дер мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әске­ри қыз­мет­кер­лері де көз­ге түс­кеніне» алаң­да­у­шы­лық танытылады.

Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әске­ри қыз­мет­кер­лері де көз­ге түс­кеніне» алаң­да­у­шы­лық танытылады.

«Біздің елі­міз­де қоғам­дық ғима­рат­тар­да жина­лыс өткі­зу үшін ең қатаң «рұқ­сат беру» про­це­ду­ра­сын ескер­сек, іс-шара­ның Абай атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық опе­ра және балет теат­рын­да өтуі – билік­тің қаза­қстан­дық ком­со­мол фун­ци­о­нер­лерін құр­мет­теп, қол­дай­ты­ны­ның дәлелі деп санай­мыз. Ал «ком­со­мол съезінің» елі­міздің мәде­ни орта­лы­ғын­да өтуі – идео­ло­ги­я­ның жүзе­ге аспа­уы­ның дәлелі болып отыр», – дей­ді ЖСДП өз мәлімдемесінде. 

Бұл жағ­дай Ресей­дің «КСРО елесін» қай­та тіріл­ту кезеңін­де сыр­тқы сая­сат­тың біздің эко­но­ми­каға анти­ре­сей­лік санк­ци­я­лар­мен ұлт­тық валю­таға тіке­лей әсер ететін­ді­гі алаңдатады. 

«Біз­ге бөтен конъ­юнк­ту­ра­лық идео­ло­ги­я­ны қой­ып, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гінің айқын, прин­ципті идео­ло­ги­я­сын дәй­ек­ті түр­де жүзе­ге асы­ру­дың уақы­ты кел­ді. ЖСДП билік пен оның өкіл­дері­нен фан­том­ды Кеңе­стік иде­я­лар­мен ойна­уын тоқта­ту­ды талап ете­ді. Кеңес идео­ло­ги­я­сы өткен уақыт­тағы көп­те­ген қай­ғы-қасірет әкеліп қана қой­май, бүгін­гі күні жаңа қауіп­тер көзі болып табы­ла­ды» – деп жазы­лған мәлім­де­ме мәтінінде.

(медиа-про­ект «DAT» №38 (450) от 25 октяб­ря 2018 г.)

Республиканский еженедельник онлайн