Суббота , 5 июля 2025

СӘЛӘФИЗМДІН ЕМЕС, саяси идеология

Ішің қалай­ша қан жыла­май­ды, жүре­гің сызда­май­ды? Құд­ды бір Әбіл мен Қабыл­ды­ң­кебі келгендей… 

Кеше Қазақ еді ғой, ала­яқтарға ерді, сәлә­фи (псевдосалафи)болды, сосын бір-ақ күн­де тер­ро­рист­ке айна­лып шыға кел­ді. Өз қанын, өз қағы­нан­шы­ққан қаза­ғын қолы қал­ты­ра­ма­стан өлті­ре сал­ды. Атты, бауы­зда­ды. Өз мем­ле­кеті­неқар­сы шықты. Демек, кез кел­ген сәлә­фит кез кел­ген уақыт­та тер­ро­рист­ке айна­ла­а­ла­ды деген тұжы­рым жаса­уға әбден болады.

Соңғы тер­ро­ри­сті өлтір­дік деп қуа­нып жатыр­мыз… Шын мәнін­де, өз бауы­ры­мы­зды өлтір­дік. Қына­дай қыры­лған­дар­дың бәрі қыр­шын­дай жас. Қай­дағы жоқ біре­улер­дің азғы­руы­на түсті, ажал құшты. Әулеті бол­са, қара­бет болып қала бер­ді… Ұлт­тық трагедия!

Біздің шеке­міздің қыза­рып жүр­гені де сол. Идео­ло­гия! Жат идео­ло­гия! Сәлә­физм дін емес, сая­си идео­ло­гия! Әйт­пе­се ислам ғана емес, кез кел­ген дін­де ада­мға қия­нат жасау тура­лы бір ауыз сөз таба алмайсыз.

Адам­зат тарихын­да сан түр­лі идео­ло­гия үшін осы уақы­тқа шей­ін мил­ли­он­дар­дың қаны қып-қызыл теңіз болып ақты. Ең үлкен соғы­стар­дың көбі идео­ло­гия үшін бол­ды. Сол үшін аға – іні­ге қар­сы кел­ді, бала – әкені өлтірді. 

Сәлә­физм біздің қоға­мға сына­лап еніп бара­ды. Қазақ қоға­мы оны қабыл­дау үшін бай­ы­рғы салт-дәстүрі­нен бас тар­ту керек.

Жо, жоқ, ол мүм­кін емес! Сон­ды­қтан біз «ата-баба­ла­ры­мыз кәпір болып­ты, ада­сып келіп­ті» – деп, өткен­ге мүсір­кей, жиір­кені­шпен қара­май­мыз. Өткен тарихы­мы­зға, баба­ла­ры­мы­здан қалған асыл мұраға мақтан­мен қарай­мыз. Бұл идео­ло­гия өте қауіп­ті. Қан­ша­ма елді іштен ірітіп, құр­ды­мға жөнелт­ті. Бұлар­дың артын­да үлкен күш бар, үлкен қар­жы бар. Ат төбелін­дей аз ғана топ солар­дың қызы­ғын көріп, мис­си­о­нер­лік дұры­сы – Отанға сатқын­дық жасап келеді. Тұтас халы­қты соңы­нан ертіп, азды­рып, қырғы­нға итер­ме­леп, қалың қаза­қты бір-біріне қар­сы қой­ып отыр. Нәти­же­сі міне, Сири­яға, Таяу Шығы­сқа барып, қыры­лған жастар, өз елі­міз­де өз бауыр­ла­рын баудай түсіріп, бауы­здай­тын қаны­пе­зер­лер пай­да бол­ды. Осы жол­да құр­бан болған­дар­дың бәрінің қаны ат төбелін­дей осы­лар­дың мойынында.

Жүрек­ті ауыр­та­тын тра­ге­дия да осы. Теріс дін­нің жете­гін­де кет­кен талай жас ата-ана­сы­ның істе­ген тамағын жеме­гені былай тұр­сын, олар­ды ұрып-соғып, «кәпір­сің» деп, үйі­нен айдап шығып жатқа­нын да көріп отыр­мыз. Әсіре­се батыс өңірлерде.

Біз жат идео­ло­ги­яға жол бер­мей­міз! Қаза­қтың қаси­ет­ті топы­рағын­да сая­си­ланған сәлә­фи­лік­тің дәне­гінің өсуіне қар­сы­мыз. Өз құн­ды­лы­ғы­мы­зға қар­сы шыға­тын жастар өсіріп, солар­дың қолы­мен дәстүрі­міздің тамы­ры­на бал­та шабуға рұқ­сат етпей­міз. Қаза­қстан­да өмір сүр­гіңіз кел­ме­се, жер­гілік­ті билік­ке, дін басы­ла­ры­на бағы­нғы­ңыз кел­ме­се, Әбу-Хани­фа мәзһа­бы­на мой­ын­сұнғы­ңыз кел­ме­се, мар­ха­бат – араб­станға бары­ңыз. Әйт­пе­се Алты Ала­штың ашуын әбден тасы­тып, шамы­на тиіп бол­ды­ңы­здар. Давай, до свидания!

Мен бей­біт елде өмір сүр­гім келеді. Біз сан ғасыр аңсаған Мәң­гілік елді құрғы­мыз келеді. Өзім­нің терең тарихым­мен қуат­та­нып, саф алтын­дай салт-дәстүрім­ді ұрпағы­ма өне­ге еткім келеді. Тек­тілі­гім­ді өлсем де «ара­б­ты­ққа» айырбастамаймын!

Дәу­лет­ке­рей КӘПҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн