Пятница , 4 июля 2025

ҮРЕЙ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

Алма­ты­дағы жағ­дай­ға қарап, Тәу­ел­сіздік күні мере­кесін шыны­мен 25 қазан – Еге­мен­дік тура­лы декла­ра­ция қабыл­данған күн­ге ауы­сты­рған жөн бе деп қалдым. 

Өйт­кені билік мере­келік күл­лі шара­лар­ды 15 жел­тоқ­санға дей­ін өткізіп, сту­дент­тер­ді әдет­те­гі­дей қысқа мерзім­дік кани­кулға жіберіп, 16 жел­тоқ­сан­ды мере­келік шара­лар­дан бос күн­ге айнал­ды­рып тастап­ты. Содан мере­келік көңіл-күй­ден гөрі, тра­ур­лық фон басым көрін­ді. Алаң бос, ескерт­кіш­ке гүл қой­ғы­сы кел­ген, не құран бағы­штағы­сы кел­ген адам­дар­ды поли­ция ұстап әкетіп жатқа­ны тура­лы әле­умет­тік желілер­де­гі хабар үрей туғы­за­ды. Дала­да да, қала­да да қап­таған полиция. 

Ал тәу­ел­сіздік күніне арналған бил­борд та, ұран сөз­дер де жоқтың қасы. Ойын-сауық орта­лы­қта­рын­да («Достық-пла­за») тәу­ел­сіздік­пен құт­ты­қтаған бір де құт­ты­қтау ілін­бе­ген. Құлақтан пер­гіле­ген музы­ка­сы – тек «Сан­та Клаус». Кино­те­ат­рын­да тәу­ел­сіздік­ті былай қой­ған­да, бір­де-бір қазақ филь­мі жоқ. Рес­пуб­ли­ка сарай­ын­да «Мистер Адам» деген­нің кән­сер­ті болып­ты. Он жыл­дан бері айтып келе­міз: Тәу­ел­сіздік мере­кесі Жаңа жыл­дың көлең­кесін­де қал­ма­сын деп. Естір құлақ бол­са, ести­тін уақыт бол­ды. Бірақ ешкім қысты­рып жатқан жоқ. Ойдан шыға­ры­лған Сан­та Клаус мере­кесі шынайы азаттық той­ы­нан көш ілгері тұр. Тәу­ел­сіздік күні дата ретін­де сақталға­ны­мен, халы­қтық мере­ке ретін­де мере­ке­лер сана­ты­нан ысы­ры­лып қалған. Сон­да бұл қуа­ныш орны­на үрей сый­лаған неғы­лған мере­ке? Басқа датаға ауы­сты­ру тура­лы ой төр­кіні содан.

Марат БАЙДІЛДӘҰЛЫ
(Marat Baidildayly)

Республиканский еженедельник онлайн