Суббота , 5 июля 2025

ДАЛАНЫҢ ИЕСІ мен КИІКТІҢ КИЕСІ

Ераға­мы­зды жер­леп кел­дік… Бар­шын ауы­лы, расы­мен де, алыс екен, жол­дың жар­ты­сы қара жол. Тоқым сулап, тұяқ тозды­рып жет­кен мың­даған ада­мға қарап, аға­мы­здың баға­сын білдік. 

Көп­тің ішін­де ауыл шару­а­шы­лы­ғы вице-мини­стрі Арман Евне­ев те бол­ды. Сол кісінің аузы­нан: «Біздің мини­стр­лік­тің бүкіл 500 қыз­мет­кері бір күн­дік жалақы­сын (4 млн тең­ге) береді. Ерлан Нұрға­ли­ев­ті «Ерлі­гі үшін» мем­ле­кет­тік мара­патқа ұсындық».



Ауыл­даста­ры Ерағаға бұл мадақ аз дей­ді, себебі өмірін­де көп­те­ген жан­ды от пен судан құтқа­рып қалған екен. 20 шақты жыл бұрын «участ­ко­вый» болға­нын­да айна­ла­сын­дағы бұзы­қты­қ­пен аты шыққан ауыл­дар­ды тәр­тіп­ке салған. «Фор­маңа рах­мет айт, әйт­пе­ген­де осы жер­де өлер едің», – деген бау­кеспе­лер­дің сөзі­нен кей­ін, үйіне барып, фор­ма­сын шешіп, спорт киі­мін киіп, бұза­қы­лар­ды жек­пе-жек­ке шақы­рып, жын­да­рын басқан екен. 

Осы қаңтар­дың 30-ында 53-ке толуы керек еді… Жалғыз ұлы­нан үшін­ші неме­рені күт­кен аға­мы­здың келіні кеше ғана ауру­ха­наға толғақ­пен түс­кен. «Келінім менің туған күні­ме өте тама­ша сый­лық жаса­мақ­шы», – деп, той­ға сояр мал­ды өзі жем­деп жүріпті. 

Ал қай­ғы­лы оқиға күні бра­ко­ньер­лер­дің еке­уін жалаң қол­мен жай­ра­тып тастаған, қол­да­ры­на кісен салып жатқан­да, арты­нан үшін­ші адам келіп, жел­кесі­нен мыл­ты­қ­пен ұрып, артын­ша өзге­лері келіп, тұрғы­з­бай теп­кі­ге жыққан. Бұл сәт­те екін­ші инспек­тор ес-түс­сіз жатқан… 

Енді ағам­ның қыз­меті жай­лы бірер сөз. Табиғат­ты қорғау сақ­шы­ла­ры 15 күн­ге үйі­нен жырақ кетіп, жұмыс істей­ді, айлы­қта­ры 100 мыңға (тең­ге) жетер-жет­пес. Әрбір күн­дері қауіп пен тәу­е­кел­ге бай­ланған. Соңғы үш жыл­да инспек­тор­ларға оннан астам шабуыл жасалған, соның біре­уін­де ғана қыл­мыстық іс қозға­лып­ты. Көбін­де айып­ты­лар оңай құты­лып кете­ді, тіп­ті табы­лған өлі киік­тер­ді тер­геу бары­сын­да ешкінің еті деп жазы­ла­ты­нын білесіз бе? Ал ақбө­кен­нің еті екені дәлел­ден­се, айып­ты­лар айып­пұл төлеп кете беретінін естіп пе едіңіз? Адам өміріне қауіп төн­ді­ру, өлтіру­ге тал­пы­ну деген бір­де-бір іс қозғал­май­ды! Себебі – ақша! 

«Киік­тің мүй­ізінің 1 келісі 2 мың еуро, үш мүй­іздің өзі 1 кило тар­та­ды, ол Қытай­ға кете­ді», – бұл мини­стр­дің орын­ба­са­ры Арман Евне­ев­тің айтқа­ны! Ал аңшы­лар әсте кедей адам­дар емес, соңғы мар­ка­лы джип­тар­мен, қым­бат құрал-сай­ман­да­ры­мен жүреді, Мүй­із­дер Қытай­ға сатыл­са, өткі­зу нары­ғы бар, оны «дөкей­лер» басқа­рып отыр деген сөз! 

Тағы бір мәсе­ле: табиғат сақ­шы­ла­ры поли­цей не әске­ри қыз­мет­кер болып санал­май­ды, олар бұза­қы­ларға жау­ап ретін­де оқ атса, көп жағ­дай­да сот оларға: «Атуы­ңа қан­дай негіз бол­ды? Бірін­ші саған оқ атыл­ды деген дәлелің бар ма?» – деп, өздерін кінәлі қылып шыға­ра­ды екен. Сон­дай-ақ бра­ко­ньер­лер трас­сқа шығып кет­се, олар­ды ұста­уға табиғат сақ­шы­ла­ры­ның құқы­қта­ры жоқ, себебі ол жол поли­ци­я­сы­ның өкілет­ті­гін­де. Заң солай, қай­тесіз енді… Бәрі ауыз жаласқан, шын­жыр сияқты бір-біріне бай­ланған қыл­мыстық жүйе. Төр­де оты­рған төре­лері де көп, олар жау­а­пқа тар­ты­ла­ды деу – ертегі! 

Қысқа­сы, ТАБИҒАТ САҚШЫСЫ болып жұмыс істеу үшін – не ақы­мақ болу керексің, не Ерлан Нұрға­ли­ев сияқты жан-жану­ар­ды жаны­ң­дай жақ­сы көру керексің! Дала­ның иесін өлтір­ген­дер­ді киік­тің киесі ұрмай қой­май­ды! Топы­рақ салуға кел­ген және еске алып сөй­ле­ген адам­дар­ды көріп, біреу Ерағаң­ды бай-манап, шен­ді-шек­пен­ді деп ойлар. Олай емес, ол – АДАМ, кісі емес – НАҒЫЗ АДАЛ АДАМ болған! Жаның жән­нәт­та бол­сын, Есіл Ер! 

Жалғас ЗЕЙНОЛЛАЕВ

Республиканский еженедельник онлайн