Суббота , 5 июля 2025

Маминге МІНДЕТ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­мьер-мини­стрі Асқар Маминге!

Көшір­месі: ҚР Білім және ғылым мини­стрі Күләш Шәмшидиноваға

Асқар Ұза­қ­бай­ұ­лы!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­метінің бас­шы­сы мен Үкі­мет мүше­лері және олар­дың құзыр­лы құры­лым­да­ры, әсіре­се, елі­міздің бола­шақ буын­да­ры­на тәлім-тәр­бие беретін ҚР Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің лау­а­зым­ды (әрі қатар­дағы) бас­шы­ла­ры мен қыз­мет­кер­лері НЕГЕ мем­ле­кеті­міздің ең құн­ды Ата Заңын­дағы мін­детт­тер­ді бұзып (тіп­ті, бел­ден басып), Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ресми Мем­ле­кет­тік тілі – қазақ тілін­де құжат­та­ма­лар­ды толық жүр­гізіп, еркін сөйлемейді?!.

Әлде, Қазақ тіліне іштей қар­сы­лы­қта­ры­ңыз бар ма?

Бол­ма­са, «Қазақ тілінің мем­ле­кет­тік мәр­те­бесін мой­ын­да­маң­дар» деген құпия тап­сыр­ма­лар түсті ме?..

Мұн­дай ішкі-сыр­тқы қысым­дар көр­сетіл­ме­се, сіз­дер­ді іңгәла­тып дүни­е­ге әкел­ген ана­ла­ры­ңыз – қаза­қтың кей­у­а­на­сы бол­са, туған анаңы­зға һәм тіліңіз­ге сатқын­дық жасай­тын­дай, баста­ры­ңы­зға не күн туды?!.

Ар-ұят пен намыс-ождан­ды ысы­рып былай қой­ған­ның өзін­де, Ана­ның ақ сүтіне адал­дық қайда?!.

…Күні кеше Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің Бюд­жет­ті жоса­пар­лау депар­та­мен­ті дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Жанар Рах­ме­то­ва қазақ мұғалі­мінің сұрақ-сөзіне: «Я не гово­рю по казах­ский. У нас трехья­зы­чие, если что…» – депті…

Біздің­ше, Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің Бюд­жет­ті жоса­пар­лау депар­та­мен­ті дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Жанар Рах­ме­то­ваға қол­да­ны­ла­тын жаза мына­дай болуы керек:

1. Қыз­меті­нен босату.

2. Өмірінің соңы­на дей­ін мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс істе­уіне тый­ым салу.

3. Үлкен көлем, жоға­ры сома­да айып­пұл салу (қол­да­ны­стағы заң­дарға сәй­кес), мыса­лы, 90 (тоқ­сан) млн тең­ге шамасында…

4. Қазақ халқы­нан арнайы (ашық түр­де) кешірім сұрату.

Егер дәп осы­ны жаса­сақ, ертең бір­де-бір адам қазақ тіліне қар­сы жар­ты ауыз сөз айта алмай­ды. Өйт­кені, нәпақа­дан айы­ры­лу, лау­а­зым­нан ажы­рау, бола­шаққа үміт­ті жоғал­ту, қыру­ар қар­жы айып­пұл төлеу, ақы­рын­да, «екі елі ауы­зы­на – бес елі қақ­пақ» қоя алмай, жұрт алдын­да масқа­ра­лы­қ­пен кешірім сұрау – кез кел­ген­нің «сай­та­нын» қағып алады!

Білім және ғылым мини­стрінің орын­ба­са­ры Бибі­гүл Асы­ло­ва да – ана тәр­би­есін, әке тәлі­мін көр­ме­ген қылық таны­тып, үне­мі басқын­шы жұрт­тың тілін­де сай­рап жүр…

Мемле­кет­тен жалақы ала­тын мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­дің – өзін асы­рап оты­рған мем­ле­кет­тің тілін біл­ме­уі және сөй­ле­ме­уі – жәй ғана салғырт­тық емес, сол мем­ле­кет­тің заң­да­рын мой­ын­да­мау болып табы­ла­ды. Демек, бұл – бұза­қы­лық емес, қатар­дағы қыл­мыс та емес; бұл – мем­ле­кет­тің тәу­ел­сізді­гіне қауіп төн­ді­ру, іргесін сөгу­ге атсалысу.

Ешқан­дай өрт бір­ден лау­лап жан­бай­ды, ол алды­мен, шыр­пы­мен тұта­на­ды. Таза қаза­қтіл­ді балғын буын қау­лап өсіп келеді, бір күні жат елдің тілін­де сан­дуға­шқа сай­раған шене­унік­тер­дің «ойы­ны­нан – от шығып» жүрмесін…

Тая­у­да ғана мем­ле­кет бас­шы­сы Үкі­мет пен Пар­ла­мент­тің жұмыс тілі – ресми мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі болуы қажет­ті­гін сала мини­стріне арнайы, қадап айт­ты. Бірақ, мем­ле­кет бас­шы­сы­ның осы сөзін ерін­дері кезер­ген бір­де-бір шене­унік шым­бай­ы­на батып, шынайы түсін­ген жоқ. Әдет­те­гі­дей, уақыт­ша бір-екі рет, бір-екі күн қаза­қ­ша ерін­дерін жыбыр­лат­ты да, күңкіл­дерін доға­ра қойды…

Асқар Ұза­қ­бай­ұ­лы!

«Әліп­ті – таяқ деп біл­мей­тін» шұбар­тіл әріп­те­стеріңіз­ге Сіздің талап қоюға толық құқы­ңыз бар! Құқық қана емес, бұл сіздің үкі­метіңіз­ге мін­дет! Қазақ мықты да күшті болуы үшін – бір­лі­гі мен бекем­ді­гі болуы керек. Қазақ рух­ты да жігер­лі болуы үшін – талға­мы биік Ана тілін­де сөй­ле­уі керек!

Сіз­ден ойлы қадам, пер­зент­тік адал­дық күтеміз!

Құр­мет­пен –

Қажы­мұқан ҒАБДОЛЛА,

«Қазақ Елі» халы­қтық қозға­лы­сы­ның төрағасы.

Республиканский еженедельник онлайн