Пятница , 4 июля 2025

«ЖЫЛ АДАМЫ» – ҚАЗАҚ ДӘРІГЕРІ

Врачи
  • Өтіп бара жатқан әр жыл­дың соңын­дағы дәстүр бой­ын­ша, «ДАТ» газеті өзінің «Жыл ада­мын» ата­ды. 2020-ның «Жыл ада­мы» – биы­лғы коро­на­ви­рус індетіне қар­сы кес­кілес­кен май­дан­да ерен ерлік пен қайт­пас қай­сар­лы­қтың үлгісін таны­тқан ҚАЗАҚ ДӘРІГЕРІ.

Бұл ерлік­тің мән-мағы­на­сын тәп­ті­ш­теп айтып жату­дың қажеті бол­ма­са керек: COVID қасіретін елде екінің бірі басы­нан кешті. Ресми дерек бой­ын­ша, індет­ке қар­сы күре­сте 197 меди­ци­на қыз­мет­кері қаза тапқан екен (нақты бей­ре­сми дерек бей­мағлұм). Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өкі­мі­мен Қаза­қстан өкі­меті қаза болған­дар­дың отба­сы­на 10 млн тең­ге­ден өте­мақы төледі. Рақ­мет! Бірақ ол төлем­нің мөл­шері 100 мил­ли­он бол­са да, өлген­дер­дің өте­мі бола алмайды!

Тая­у­да ҚР пре­зи­ден­тінің жар­лы­ғы­мен «бір қора адам» Тәу­ел­сіздік күніне бай­ла­ны­сты мем­ле­кет­тік орден-медаль­дар­мен мара­пат­тал­ды. Бірақ олар­дың ара­сын­да «қаза тапқан­нан кей­ін» (посмерт­но) деген бел­гі­мен орден беріл­ген 197 шәй­іт­тің біре­уі жоқ. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың баста­ма­сы­мен пан­де­мия кезін­де­гі еселі еңбе­гі мен ерлі­гі үшін тағай­ын­далған «Халық алғы­сы» медалі жанын қиған бір­де-бір медқыз­мет­кер­дің рухы­на бұй­ыр­ма­ды. Өкінішті!

Ал ала­пат соғы­стан аман қалған дәрі­гер­лер ше? Олар­дың бір бөлі­гі әлі күн­ге өте­мақы­сын ала алмай жүр. Мәсе­лен, Алма­ты қала­лық жедел жәр­дем қыз­метінің фельд­шер­лері мен сани­тар­ла­ры бір рет­тік төлем­ді қазан-жел­тоқ­сан айла­рын­да ғана алған, деп жаза­ды «Азаттық». Бұл сала­да шама­мен төрт мың адам жұмыс істей­ді екен. Ал ел іші коро­на­ви­ру­стың «екін­ші соққы­сын» үдірейе күтіп оты­рған жағ­дай­да сол төрт мың медқыз­мет­ші қай­та­дан қан май­данға басы мен жанын тіге ме?..

Еске сал­сақ, осы қазан айын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев меди­ци­на қыз­мет­кер­лерінің ақы­сын төле­у­ге 150 млрд тең­ге бөлін­генін айтқан еді. Дәрі­гер­лер алуы тиіс ақша­ны жалы­нып алмауы керек деген-ді сон­да мем­ле­кет бас­шы­сы. Алай­да «жедел жәр­дем» қыз­мет­кер­лері әлі күн­ге дей­ін уәде етіл­ген ақша­ны төлет­кі­зе алмай, бас­шы­лы­ққа жалы­нуға мәж­бүр, деп жаза­ды «Азаттық».

Бұл екі ара­да АҚШ Кон­гресі коро­на­ви­рус пан­де­ми­я­сы­нан зардап шек­кен­дер­ге көмек ретін­де шама­мен 900 млрд дол­лар бөлу тура­лы заң жоба­сын мақұл­да­ды. Осы заңға сәй­кес, әрбір ере­сек аме­ри­ка­лық аза­мат пен әрбір балаға 600 дол­лар­дан төле­неді. Жұмыс­сыздар­дың жәр­де­мақы­сы 300 дол­ларға артып, мұн­дай көмек келесі жыл­дың көк­те­міне дей­ін төле­неді. 300 млрд дол­лар­дан астам қара­жат шағын кәсіп­кер­лер­ге көмек ретін­де бөлін­ді. Оның бір бөлі­гі бұл фир­ма­лар­да уақыт­ша жұмыс­сыз қалған­дарға төле­неді. 50 млрд дол­лар COVID вак­ци­на­сын алуға және аме­ри­кан­дық халы­ққа вак­ци­на егу­ге жұмсалады.

Ал біз­де ше?

Біз­де Түр­кістан қала­сын­да қыру­ар қар­жы­ға «әулие пай­ғам­бар» Назар­ба­ев­тың мав­зо­лейі салы­нып жатыр…

«DAT»-тың редак­ци­я­сы аты­нан – Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн