- Былтырғы сайлауда тәуелсіз бақылаушы болған тәжірибемді пайдаланып, Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі біраз сайлау учаскелерін аралап шықтым. Сайлау деген науқан формализм екеніне көзім жетті.
Жуықта «Нұр отан» партиясының Түркісіб аудандық филиалына барып, бақылаушы болуға ниетім барын, тиісті куәлік алуға келгенімді айттым. Партияның өкілімін деген бір жас жігіт: «Қаңтардың 11-іне дейін ешкімді, ешқандай мәселемен қабылдамау жөнінде нұсқау берілген», – деп, мені сыпайы шығарып салды. Маңайларына жолатқысы жоқ. Филиал кеңсесіне артқы жағындағы есігінен кіріп жатыр, алдыңғы есігі жабық тұр. Демек, «Нұр отанның» сайлау алдындағы сиқы осы деген сөз!
Содан Алматы қаласындағы Абай мен Сейфуллин көшелерінің қилысындағы қилысындағы № 256 сайлау учаскесіне жолым түсті. Ешкім ешқашан оқымайтын плакаттардан сайлаудың «исі аңқып» тұрғанымен, бірақ мұнда сайлаушылардың тізімі жоқ болып шықты. Айтуларынша, сайлауға бір-екі күн қалғанда қолдарына тиеді екен.
Өзім Алматы маңындағы «Дача» елді мекенінде тұрамын. Былтырғы президенттік сайлауда астандағы Тәуелсіз бақылаушылар қозғалысының мүшесі болып, жабық мекмелерде (аурухана, мүгедектер үйі т.б) өткен сайлауды бақыладым. Өз учаскемде бастан-аяқ сайлауды бақыладым. Ол жерде ешқандай бұрмалау болған жоқ, хаттама қолымызға тиді: Қосановқа – 54, Тоқаевқа – 51 дауыс берілді.
Ал биылғы көзбен көргеніме келсем, менің ауылыма жақын орналасқан «Комсомол», «Жантекей», «Ащыбұлақ» , «Батыр» елді-мекендердегі сайлау учаскелеріне аралап шықтым. Осындағы учасклердің бәрінде комиссиялардың төрағалары – мектеп директорлары екен. Комиссия мүшелерінің дені мұғалімдерден құралмағанын, басқа да саяси партия өкілдері барын айтты. Әрбіреуіндегі сайлаушылардың саны 2 мыңдай адамды құрайды екен. Тізім қолындарына тимеген, дайын болған күні бір түтінге бір ғана шақырту жіберетіндерін, жасырған жоқ.
Ең бір сорақысы – біз «Дачада» тұратын сайлаушылар жақын жердегі «Комсомолға» барып, 397-ші учаскеде дауыс беретінбіз. Енді «Жантекейден» өтіп кетіп, оның арғы жағындағы «Ащыбұлаққа» баруымыз керек екен. Қыстың ортасында көпірден өтіп, жаяу баратын жерден алысқа, көлік жалдап баруға тура келіп тұр.
Түркісіб аудандық «ЦОН»-ға соқтым. Қызметкерлерінің бәрі «Нұр отан» партиясының мүшесі екен, кімге дауыс беретіндіре айтпса да түсінікті. Партия қатарына қалай кіргендерін сұрағанымда: «Өтініш жазған жоқпыз, жұмысқа тұрған кезде «Нұр отанның» мүшесі екенімізді ескерткен» – дейді.
Билік партиясы күрессіз-ақ жеңіске жеңтетіндеріне сенімді, ал қарапайым қазақты сенделтіп қойған сайлаудан не үміт, не қайыр?

Қуандық АБДУАЛИЕВ
қоғам белсендісі