Пятница , 4 июля 2025

КЛАНДАР МӘСЛИХАТТЫ БАСЫП АЛҒАЛЫ ЖАТЫР – дейді газет редакциясына хабарласқан ШҚО әкімдігінің қызметкері.

Біз мына жақта билік пен «Нұр Отан­ның» озбыр­лы­ғы­на бола қырық пышақ болып, «сай­лау» деген аты бар сорақы­лы­қты жыр қылып жат­сақ, нағыз озбыр­лық «Нұр Отан­ның» өз ішін­де жүріп жатқан көрі­неді. Елде 30 жыл ойран салған бұл пар­тия енді өза­ра клан­дық қырқы­сқа көш­кен сияқты.

Өз пар­ти­я­сы­ның пары­қ­сыз әре­кетіне зығыр­да­ны қай­наған өске­мен­дік таны­сым, әкім­дік­тің біл­дей бір қыз­мет­кері теле­фон шал­ды: «Бүгін «Нұр Отан» ШҚО фили­а­лы­ның бюро­сы облы­стық мәс­ли­хатқа пар­ти­я­лық тізім бой­ын­ша өтетін депу­тат­тар­ды аны­қтай­ды. Бұл бюро­да аты шулы прай­ме­ризтің бел­сен­ділері де, сай­ла­у­ал­ды науқан­ның нақты лидер­лері де сырт­та қалай­ын деп тұр, облы­стық мәс­ли­хат депу­тат­та­рын пар­тия бюро­сы емес, ШҚО әкі­мі Дани­ал Ахме­тов пен жер­гілік­ті клан­дар өза­ра ымы­ра­ла­сып, жабық есік­тің ішін­де «ірік­теп» жатыр. Депу­тат­ты­ққа лай­ы­қты аза­мат­тарға «ДАТ» газеті ара­ша түс­пе­се, «Нұр Отан» мен билік­тің бай­ла­у­ын­дағы БАҚ-тар­дан қай­ыр жоқ», – дей­ді теле­фон тұтқа­сы­ның арғы жағын­дағы таныс дауыс.

Иә, соны­мен жеме-жем­ге кел­ген­де, әділет­тің сөзін біздің газет­тен ізде­ген «нұро­тан­ды­қтар» қан­дай қия­натқа тап бол­ды? Бірін­ші­ден, өске­мен­дік чинов­ник біздің редак­ци­яға жол­даған рей­тинг­ке (фото­кө­шір­мені қараңыз) көз салай­ық: мұн­дағы екі көр­сет­кіш бой­ын­ша мей­ілін­ше мол ұпай жинаған топ басын­да тұрған­дар – билік пар­ти­я­сы­ның нағыз бел­сен­ділері, сай­лау кезін­де депу­тат­тық ман­дат үшін жан­ке­шті қыз­мет қылған­дар. Қара­пай­ым қисын бой­ын­ша, топ басын­дағы бел­сен­ділер депу­тат болуы керек еді.

Бірақ облыс мәс­ли­ха­ты­ның депу­тат­ты­ғы­на орта жол­дан қосы­лған «жол­би­ке­лер» мен жер­гілік­ті клан­дар өкіл­дері өткелі тұрған көрі­неді. Тіп­ті «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның сай­ла­у­ал­ды науқа­ны­на Семей қала­сын­да жетек­шілік еткен, білім­ділі­гі­мен, әскер­лі­гі­мен таны­лған, 30-дан жаңа асқан Азат Сар­пе­ков те пар­ла­мент ман­да­ты­нан үміт­кер­лер тізі­мі­нен тыс қалған екен.

Ал ШҚО мәс­ли­ха­тын «жау­лап алу­дың» қия­нат­ты қамын күйт­те­ген бұл қан­дай жер­гілік­ті клан? Біздің газет­ке жол­данған ақпа­ратқа қараған­да, семей­лік «Досқо­жа­но­втар кла­ны» «нұр­лы» рей­тинг­ті ұра­тын түрі жоқ көрі­неді: клан­ның сер­кесі – семей­лік кәсіп­кер Әсем­хан Серік­ханұ­лы Досқо­жа­но­втың (сурет­те облыс әкі­мі Дани­ал Ахме­то­втың ту сыр­ты­нан сыға­лап тұр) өзі облы­стық мәс­ли­хатқа «бірін­ші нөмір­мен» өткелі отыр; өзі­мен бір­ге келіні Шол­пан Шеге­де­ко­ва­ны да облы­сқа «сүй­реп кір­гі­зуді» Дани­ал-дөкей­мен келісіп қой­ған; аға­сы Әсет­хан Досқо­жа­но­вты – Семей қала­лық мәс­ли­ха­ты­на депу­тат ету­ге ымы­ра­ласқан; Дани­ал мен Досқо­жа­но­вқа ортақ «Сили­кат» фир­ма­сы­ның дирек­то­ры Ибра­ев пен Досқо­жа­но­втың досы – Мұхит Тұма­ба­ев, құда­сы Мерей Кош­ки­нов, туы­сы Ардақ Әділ­жа­нов облы­стық мәс­ли­хатқа депу­тат­ты­ққа «тір­келіп» қой­ған екен. «Ал тағы бір досы Жұмаға­зы Рахи­мға­ли­ев­ті Семей қала­лық мәс­ли­ха­ты­на депу­тат етпек ойы бар, – дей­ді облы­стық әкім­дік­те әбі­гер­ге түс­кен әділет ізде­ушілер. – Қысқа­сы, жер­гілік­ті өкілет­ті билік­ті Досқо­жа­но­втар кла­ны басып алға­лы жатыр. Ал бұл клан­дық схе­ма­ны облыс әкі­мінің көмек­шісі болған, қазір бір облы­стық коми­тет­тің басты­ғы болып оты­рған Досқо­жа­нов Әсет­хан­ның ұлы Дани­ал Ахме­тов­пен бір­лесіп жасап отыр».

Міне, Қаза­қстан­да «сай­лау» деп ата­ла­тын афе­ра­ның Өске­мен жақтағы жағ­дайы осы. Әлбет­те, біз­ге жет­кен ақпа­рат анық па, жоқ әлде жаң­сақ па – ол билік пар­ти­я­сы­ның облы­стық бюро­сы шыға­ра­тын қоры­тындысы бой­ын­ша бел­гілі бол­мақ. Жер­гілік­ті өкілет­ті билік­ті «Досқо­жа­но­втар кла­ны» басып алды ма, жоқ әлде облыс бас­шы­лы­ғы рей­тинг­тің ретіне бағы­на ма – ол жағын газет­тің келесі апта­да шыға­тын нөмірін­де жария ете жатармыз.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн