Пятница , 4 июля 2025

Дариғаны билік басынан КӨРМЕЙТІН БОЛАЙЫҚ!

Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқаевқа

Құрмет­ті Пре­зи­дент мыр­за! 10 қаңтар күні «бола­шақта бола­ды» деген сая­си рефор­ма­лар тура­лы сөзіңізді көп­шілік естіді. Ол айтқа­ны­ңыз халы­қтың көңілін басқа жаққа ауда­ру екені түсінік­ті. Бай­ғұс халық 30 жыл­дан бері осы­лай алда­нып келе­міз. Бірақ бұл айтқан­да­ры­ңы­зды өткен жылы да айтып едіңіз, одан 1% да өзгеріс болған жоқ. «НСОД» деген ұйым құрға­сыз, ол да ешбір жұмыс тын­дыр­май тарап кетті.

Қысқа­сы, сіз пре­зи­дент болған бір жыл сегіз айдың ішін­де бір­де-бір мәсе­ле оң шешіл­ген жоқ. Осы Ашық хат­тың иелері жеке өз аты­ңы­зға 6 рет өтініш жаз­дық. Көшір­ме­лері сақта­у­лы. Жау­ап жоқ.

Жер шетел­дік­тер­ге сатыл­ма­сын, жалға беріл­месін деп, жал­пы қара­пай­ым халық аты­нан нара­зы­лы­ққа шыққан жастар­ды түр­ме­ге қамат­ты­ңыз, айып­пұл салғы­зып, 15 күн­нен 2 айға дей­ін абақты­ға жап­тыр­ды­ңыз. Осы­ның бәрін көріп, сіз­ге деген сенім­нен айы­ры­лып отырмыз.

Қара­пай­ым халық бар жиған-тер­геніне қосып, банк­тен қосым­ша қарыз – кре­дит алып, өлген­де әрең салған үйін Алма­ты әкі­мі Тасмағам­бе­тов трак­тор­мен бұз­ды­рып, жер­мен-жек­сен еткенін көріп, оған қар­сы шығып, тоқтау айтқан Арон Ата­бек­ті 18 жылға қатаң түр­де­гі түр­ме­ге жауып қой­ған – осы біздің елдің сот­та­ры. Бүгін­гі күні оның жасы 70-ке тая­ды. Түр­ме­де оты­рып бір қол, бір аяғы істе­мей­тін мүге­дек бол­ды. Осы бей­күнә тұтқын тура­лы өзіңіз­ге төрт рет хат жазған­дар­дың ішін­де біз де бар­мыз. Бүгін­де шал болған аза­мат­тан неге қорқып отыр­сыз, оны түр­ме­ден шыға­руға пәр­меніңіз жет­пе­ді ме?!

Жер шетел­ге сатыл­ма­сын, жалға беріл­месін деп айтқан бір ауыз сөзі үшін Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ды бес жылға сот­та­ды­ңы­здар. Жер тура­лы айтқа­ны бол­ма­са, бұлар­дың басқа бір ауыз жаман сөзі болған жоқ. Ұрлы­ққа барған жоқ. Ешкім­ді өлтіріп атқан жоқ, Жаңаө­зен­ді атқы­зған жоқ. Сол кез­дер­де пар­ла­мент­те сенат­тың төраға­сы болып оты­рып, бәрін көр­діңіз, біл­діңіз. Бірақ үн шығармадыңыз.

Сіз пре­зи­дент болға­лы жағ­дай тіп­ті ушы­ғып кет­ті. Жәй халық сіз­ден жақ­сы­лы­қты былай қой­ған­да, болар-бол­мас қамқор­лық ниетіңізді көр­меді. Түк көр­ме­ген­дей, Нұр­сұл­танға жақ­сы адам болып, «сен тиме­сең, мен тимен» болып, жүріп жатырсыз.

Дулат Аға­діл­ді поли­ци­яда әдейі тап­сыр­ма­мен өлтірт­кен – сіздің төңіре­гіңіз­де­гі жен­дет­тер. Бала­сы еке­уін бір­дей өлтір­ген қыл­мыс­кер­лер әлі ұсталған жоқ. Әрине, мұн­дай мәсе­ле­лер­ге көңіл аудармайсыз.

Жер сатыл­ма­сын, жалға беріл­месін, пар­ла­мент сай­ла­уы әділ өтсін деп күні кеше, тіп­ті пар­ла­мент сай­ла­уы өтіп жатқан 10 қаңтар күні көше­ге шыққан шал-кем­пір­лер­ден бастап, нара­зы аза­мат­тар­ды поли­ци­яға итше тала­тып, түр­ме­ге жіберт­тіңіз. Біз қасын­да көріп тұр­дық. Бұл кез­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «әп-әде­мі», «тап-таза» адам болып, рези­ден­ци­я­сын­да шіреніп жатты.

Енді пар­ла­мент сай­ла­уы бітер­ге жақын­даған кез­де сағат күн­діз­гі 11-де жақ­сы «ақыл­ды» пре­зи­дент болып, сай­лау участ­кесіне келіп, дауыс беріп тұрып: «15 қаңтар­да пар­ла­мент­те­гілер­мен жина­лыс өткі­зем, ақыл­да­сам, бола­шақта сая­си рефор­ма жасай­мыз, мәжілісте­гілер­дің санын азай­та­мыз» деп және тағы басқа уәдені үйіп-төк­тіңіз. Жал­пы халы­қтың түсін­гені: баяғы пар­ла­мент­тен кетіп қалған Дариға Назар­ба­е­ва­ны ақы­рын жыл­жы­та-жыл­жы­та келіп, мәжіліс­ке әуелі депу­тат етіп алып, бола­шақта болға­лы тұрған пар­ла­мент­тік рес­пуб­ли­ка­ның бірін­ші басты­ғы етіп қояй­ын деп отыр­сыздар. Бұл жос­пар­ды Нұр­сұл­тан осы­дан 5 жыл бұрын құрып қойған.

Құрмет­ті Тоқа­ев мырза!

Бүкіл Қаза­қстан халқы­ның арман-тіле­гі – Дариға Назар­ба­е­ва­ның пар­ла­мент мәжілісіне бірін­ші бастық болуын көр­меу! Нұр­сұл­тан оған: «Бірін­ші бастық болып отыр­саң бол­ды, басқа­сын поли­ция мен сот орын­дап береді» деп айтқан шығар. Сіз Дариға­ның ой-өрісінің қан­ша­лы­қты екенін, білі­мінің қан­ша­лы­қты терең екенін осы күн­ге дей­ін біл­мей жүр­сіз бе? Әлде сіз­ге бәрібір ме? Біз олай деп ойла­май­мыз: біз­ге пар­ла­мент­те сала­у­ат­ты, халы­қ­шыл, ұлтқа жаны аши­тын адам­ның жетек­ші болға­ны керек.

Нұр­сұл­тан Дариға­сын тық­па­лап, буын­сыз жер­ге пышақ ұрма­сын! Дариға мем­ле­кеті­міздің бір бас­шы­сы бол­са, қоғам­да тең­селіс басталады!

Ең алды­мен «Пана­ма құжа­ты» бой­ын­ша жари­я­ланған Дариға­ның шетел­дер­де­гі тыққан ақша­сын аны­қтап алу керек. Лон­дон­дағы жыл­жы­май­тын мүлік­терінің анық-қаны­ғын тек­се­ру қажет. Шетел­дік бас­пасөз бен қар­жы­лық тек­се­ру агент­тік­тері күдік­ке алған адам­ның пар­ла­мент депу­та­ты болға­ны­ның өзі ешқан­дай заң түгілі, ада­ми мораль­ға да сай келмейді.

Дариға­дан 10 есе артық білім­ді, ақыл­ды, жал­пы халық қамын, оның бола­шағын жос­пар­лап ойлай­тын ер аза­мат­тар жет­кілік­ті. Мыса­лы, Дариға далаға шығып, қыр­ды басып, қаза­қтың қара жерін, егіс алқа­бын, мал қорас­ын көр­ді ме? Кеше­гі өртеніп кет­кен, жер жүзі жылаған 5 жас нәре­стенің жағ­дай­ын біле ме?

Туған елім, жұр­тым, қан­да­сым, бауыр­ла­рым деп, Қытай­дан қашып кел­ген Сай­ра­гүл­ге өз елі­нен орын бере алма­ды­ңы­здар. Ал сол Сай­ра­гүл шетел­ге кету­ге мәж­бүр болып, атақты, абы­рой­лы ата­нып, халы­қа­ра­лық мара­патқа ие болды!

Тоқа­ев мыр­за! Енді Дариға­ны билік басы­нан көр­мей­тін болай­ық. Сізді Назар­ба­ев пре­зи­дент­тік­тен боса­та алмай­ды, халық сізді қолдайды.

Дәл осы заман­да халық ара­сын­да кей­біре­улер аузы­на не кел­се, соны сан­да­ла сала­тын бол­ды. Мысалға алсақ, ресей­лік Жири­нов­ский мен қаза­қстан­дық Қуа­ныш Сұл­та­нов сияқты­лар қаза­қтар­дың өзіне тиісті жері бол­маған деп сан­ды­рақтап жүр. Қуа­ныш Сұл­та­нов өзін туған ата-баба­ла­рын ғана емес, қазақ мем­ле­кетін­де­гі қазақ халқы­ның ар-намысын, жер бетіне пай­да болға­лы бер­гі өмірін, тарихын жоққа шыға­рып, аяқ асты­на тап­тағы­сы келеді.

Басқа да сая­си ақы­мақтар жет­кілік­ті. Ал Қуа­ныш Сұл­та­нов Қаза­қстан­да туған, осын­да тәр­би­е­лен­ген, қазақ жаста­ры­на өз елі­міздің, қаза­ғы­мы­здың өмірін, тарихын кезін­де үйрет­пек болған адам емес пе еді? Оның қасын­дағы депу­тат­сы­мақтар баяғы үнсіздік­те отыр, біре­уінің аузы ашыл­май­ды. Мұның не сан­ды­рақ демеді. Сұл­та­но­втың бұл пікір-сан­ды­рағы Ресей­де­гі дұшпан­да­ры­мы­зға қолай­лы көзір, факт бола­тын бол­ды. Қызы­қтың көкесі әлі алда. 20–­30 жыл пар­ла­мент кере­гесін­де жұмыс­сыз оты­рып, үйрен­ген үлгісі шығар. Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа осы біздің ұсы­ныс-пікірі­мізді жет­кізіңіз. Сұл­та­нов та соның кад­ры. Бірін-бірі ерекше сыйлайды.

  • Сіз­ге халы­қтың біраз өкіл­дері аты­нан өтініш-тілек біл­діру­шілер: 4 ака­де­мик, 14 ғылым док­то­ры, 8 ғылым кан­ди­да­ты, қалған­да­ры пен­си­о­нер­лер мен қара­пай­ым халық: С. Сәкен­жа­нов, Б. Берға­ли, Р. Орман­бек, Б. Көкі­шев, З. Оры­нға­ли, М. Сәке­нов, Ж. Боран­ба­ев, М. Сақты­бе­ков, С. Әуел­бек, М. Сағы­з­бе­ков, Р. Дәу­рен­бе­ков, З. Сер­ге­е­ва, Ж. Мамыр­хан, Д. Рым­бе­ков, М. Сол­тан­бек, Қ. Рахы­мов, Р. Мүсілі­мов, Б. Қорға­с­бай, Ж. Дәр­ме­нов, С. Сақтаға­нов, М. Яцен­ко, Қ. Жәр­ме­нов, Д. Бек­тұров, З. Ноғай­бек, Р. Тынышбеков.

11 қаңтар 2021 жыл

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн