Пятница , 4 июля 2025

НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІНІҢ шетелдегі ЗӘУЛІМ САРАЙЛАРЫ

  • Жене­ва көлінің суы мөл­дір, табиға­ты әсем жаға­лау. Швей­ца­ри­я­ның шығыс бөлі­гін­де­гі Аньер ком­му­на­сы – дипло­мат­тар, бан­кир­лер және қал­та­лы швей­ца­ри­я­лы­қтар тұра­тын көрік­ті жер.

Қала­шы­қтағы қара­пай­ым үйлер­дің ара­сын­да бір вил­ла ерекше­леніп, көз­ге бір­ден түседі. № 399 Route D’Hermance мекен­жай­ын­да орна­ласқан үш қабат­ты зәулім үйдің аумағы 3200 шар­шы метр. Вил­ла­ның 25 метр­лік бас­сей­ні, спа, қонақ күтетін орны және тер­ра­са­сы бар.

Бұл – аймақтағы ең қым­бат үй. Швей­ца­ри­ядағы құжат­тарға сай, бұл вил­ла­ның иесі – Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың қызы Дина­ра Құлы­ба­е­ва. Дина­ра мен оның күй­е­уі Тимур Құлы­ба­ев бұл вил­ла­ны 2009 жылы 75 мил­ли­он дол­ларға сатып алған.

Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры кей­ін­гі 20 жыл­да АҚШ пен Еуро­па­да жүз­де­ген мил­ли­он дол­ларға жыл­жы­май­тын мүлік сатып алған. Бұл үйлер әйгілі өзен-көл­дер­дің бой­ын­да, Ман­х­эт­тен­де­гі көпқа­бат­ты биік ғима­рат­тар­да, Лон­дон­дағы ауқат­ты­лар ауда­нын­да, Испа­ни­я­ның Коста Бра­ва жаға­ла­у­ын­да орналасқан.

«Азаттық» радио­сы жаңа зерт­теу жүр­гізіп, Назар­ба­ев жақын­да­ры­ның, соның ішін­де оның екі қызы­ның, жиен­дерінің және інісінің шетел­де­гі мүлік­тері жай­лы жан-жақтан ақпа­рат жинап шықты.

Зерт­те­уде Назар­ба­ев туы­ста­ры­ның шетел­де­гі мүл­кінің бір бөлі­гі қам­ты­лған. Деген­мен бұл зерт­те­уден Назар­ба­ев маңын­дағы адам­дар­дың шетел­де­гі қым­бат мүлік­терінің құны, орна­ласқан жері жай­лы деректер­ді таба аласыз.

Қаза­қстан­ды отыз жыл басқарған Назар­ба­ев 2019 жылғы науры­зда пре­зи­дент­тік­тен кет­кен, бірақ ол пәр­мені күшті Қауіп­сіздік кеңесінің және «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның бас­шы­сы ретін­де билік­ке ықпал етіп отыр. Ол 2010 жылы «елба­сы – ұлт көш­бас­шы­сы» ста­ту­сын алған. Бұл ста­тусқа сай, Назар­ба­ев және оның отба­сы мүше­лері қыл­мыстық жау­а­пқа тартылмайды.

Бұл зерт­теу Назар­ба­ев жақын­да­ры­ның жыл­жы­май­тын мүлік­ке салған инве­сти­ци­я­сы­ның ауқы­мы­нан хабар береді және Қаза­қстан­дағы биле­уші әулет­тің маңай­ын­дағы қан­ша адам­ның ауқат­ты аудан­дар­дағы қым­бат актив­тер­ге иелік ететінін көрсетеді.

«Азаттық» радио­сы Назар­ба­ев әулеті мүше­лері мен оның күй­еу бала­ла­ры­ның 20 жыл ішін­де АҚШ және Еуро­па елдерін­де жыл­жы­май­тын мүлік алуға 785 мил­ли­он дол­лар ақша жұм­саға­нын есеп­теп шығар­ды. Бұған содан бері саты­лып кет­кен бір­не­ше мүлік, соның ішін­де Назар­ба­ев­тың інісі – Болат­тың АҚШ-тағы мил­ли­он­даған дол­ларға алы­нған пәтер­лері кіреді.

Бұл мүлік­тер­ді сатып алу үшін көп қар­жы кет­кен. Ал үйді алған Назар­ба­ев­тың жақын­да­ры мұнай­ға бай елде энер­ге­ти­ка, банк және басқа да сала­лар­да, жоға­ры мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­де істе­ген. Отба­сы­лық және сая­си бай­ла­ны­стар­дың қаты­сын­сыз, биз­несі­міз сәт­ті жүріп, ауқат­ты бол­дық деп жүр­ген Назар­ба­ев туы­ста­ры­ның бұл бай­лы­қты жина­уы­на оның қол­да­уы сеп бол­ды деп көп айтылады.

«Азаттық» мәлі­мет­терін тапқан бұл үйлер­дің кей­бірі сот істеріне, ажы­рас­қан екі адам­ның ара­сын­дағы үлкен дауға, Ұлы­бри­та­ни­ядағы қым­бат үш үйді бұғат­тау өтіні­шіне себеп болды.

 «Жүйе өте осал. Назар­ба­ев құрған сая­си эко­но­ми­ка бір ада­мға ғана негіз­дел­ген… Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры мен жақын серік­тері бола­шағын күні бұрын ойлап, актив­терін сыр­тқа шыға­руға мәж­бүр бол­ды», – деді Орта­лық Ази­ядағы сая­си аху­ал­ды зерт­тей­тін сарап­шы, лон­дон­дық кон­суль­тант Кейт Мэл­лин­сон «Азаттық» радиосына.

Қаза­қстан­дағы ең ірі және ұза­қтан бері жұмыс істей­тін адам құқы­ғы жөнін­де­гі ұйым­ның бас­шы­сы Евге­ний Жовтис «билік­ті [Назар­ба­ев] отба­сы­нан бөліп қарау мүм­кін емес» және «Назар­ба­ев өмір­ден өткен соң жағ­дай­дың қалай бола­рын болжау қиын» деп есеп­тей­ді. «Мұн­дай сая­си жүй­е­де өмір сүріп жатқан адам заң үстем­ді­гі қорған бола­ды деп үміт ете алмай­ды», – дей­ді ол.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн