Пятница , 4 июля 2025

МИНИСТРГЕ СҰРАҚ БАР

(Әзіл-шыны ара­лас)

– Менің бір сұрағым бар еді…

– Кім­ге?

– Өзі­міздің Қар­жы министрімізге.

– Соңғы апта­лар­да пре­зи­дент Тоқа­ев – жай мини­стрі бар, пре­мьер-мини­стрі бар, бір­не­ше­уін анда тағай­ын­дап, мын­да тық­па­лап, одан соң «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның ұсы­нуы­мен деп, қай­та тағай­ын­да­у­лар болып, біраз шаты­стық қой, енді «өзі­міздің қар­жы мини­стрі­мізің» кім өзі?

– «Мен біле­мін!» деушілер­дің айтуын­ша, Ерұлан Жамау­ба­ев деген біреу…

– Жемқор­лар жұлып жеген қазы­на­ның қар­жы­сы­на «Жамау­ба­ев» деген пәми­ләсі сай кел­ген екен, ә?! Ал оған не сұрақ қоймақсың?

– Осы гәзет­тің 4‑нші ақпан күн­гі саны­нан «Назар­ба­ев әулетінің шетел­де­гі зәулім сарай­ла­ры» деген­ді оқы­ған шығарсың?

– Оқы­дым, ондағы он сарай­дың сурет­терін көріп, әрбіре­уінің қан­ша дол­ларға сатып алы­нға­нын да білдім.

– Баға­ла­рын қосып, жиы­ны қан­ша екенін есеп­те­медің бе?

– Есеп­те­дім, а как же? Баяғы оқу­шы кезім­де-ақ ариф­ме­ти­каға шорқақ едім, оның үстіне сарай­лар­дың бәрінің баға­сы дол­лар­мен көр­сетіліп­ті, тегі назар­ба­ев­тар «тең­ге» деген тер­мин­ді ұмы­тқан шығар…

– Жиы­ны қан­ша бол­ды, соны айтшы?!

– Бес жүз елу бес мил­ли­он доллар!

– Қал-л-лай екен?!

– Таңқалға­ным­нан ба, шошып кет­кенім­нен бе – біл­мей­мін, төбем­нен таба­ны­ма дей­ін­гі қыл-түгім түгел­дей тік тұрған сияқтанды…

– Бәсе, бүгін­гі өңің өзіңдікі емес… Жақ жүнің үрпиіп кетіпті…

– Ерұлан Жамау­ба­ев мыр­за­ға сол үрпи­ген халім­ді айтып, сұрақ қояй­ын деп шығып едім.

– Сені қат­ты маза­лаған ол не сұрақ?

– Енді әлгі бес жүз елу бес мил­ли­он дол­лар­ды тең­ге­ге айнал­ды­рған­да, қан­ша бола­ды? Ол біздің Алма­ты облы­сы­ның бір жылғы бюд­жеті­нен аз ба, көп пе? Қар­жы мини­стрі­міз­ден соны білмекпін.

– Сен назар­ба­ев­тар­дың шетел­дер­де­гі сарай­ла­ры сол он ғана деп ойлай­сың ба?

– Жоғ‑а! Ол жағы­нан хабар-оша­рым бар, жиыр­ма шақты…

– Сен сұрағы­ң­ды қой­дың дей­ік, бірақ оның мини­стр­ге жет­пей­ді, олар бұл гәзет­ті оқымайды.

– «Оқы­май­ды-ы‑ы»?! Неге?! Пар­ла­мент жақта қыз­мет істеп жүр­ген жиенім был­тыр айтқан: «Депу­тат­тар «ДАТ» гәзетін тіп­ті бірі­нен-бірі тығып оқи­ды» деп! Зал­да қама­лып оты­рған депу­тат­тар сөйт­кен­де, сырт­та емін-еркін жүр­ген мини­стр­лер неге оқы­ма­сын, оқи-и-иды!..

Екі көр­шім: мұғалім Жапар Айташ пен дірі­гер Елжан Ыбы­рай­дың аула­мы­зда осы­лай десіп дау­ры­ғып тұрған­да­рын көріп, мини­стр­ге сұрақ қой­мақ­шы Жапарға:

– Жәке, сұрағы­ң­ды сүй­ре­леп әуре бол­ма, жау­ап ала алмай­сың, – дедім.

– Ә, ол рас, рас! Біз мек­теп­тің жанын­дағы дәрі­ха­на­ның көбі­не­се жабық тұра­ты­нын айтып, қала әкі­міне екі рет хат жаз­дық, жар­ты жыл бол­ды, әлі жау­ап жоқ, – деді Елжан мені қостап.

Жапар­дың әлгі тікірей­ген түгі жата­тын түрі жоқ:

– Сұрағым­ды бәрібір қоя­мын, жаза­мын! – деп, жігер­лене сөй­леп кете барды.

Марат ЕЛШІБЕК

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн