Билік Еуропарламентке ШАЙПАУ ҚАТЫННЫҢ әңгімесімен жауап қатты

Еуропарламенттің сынына Қазақстан СІМ-нің өкілі Айбек Смадияров жауап беріпті: «Еліміздегі жағдайды бұрмалап, теріс ниеттегі саясаткерлер дайындаған. Жалпы, Еуропарламент депутаттары мәселені зерттемей, өтірікті соға береді. Тіпті кейбір «ескі кейстер» бір құжаттан екіншісіне көшіп жүре береді, оған (біз сияқты дұрыс мемлекеттер) таң қалуды қойғанбыз», – депті сабазың.

Ұяттан бұрын туған бұлар тіпті қаншама саяси тұтқын барын да мойындауға жүректері тұрмапты. «Өзің дорақсың» деген шайпау қатынның әңгімесінен аспапты жауаптары. Ең болмаса еркектерше: «Иә, мойындаймыз, жөндейміз», – деуге де батылдары жетпепті.

Ұят-ақ!

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ

НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖИЕНІ «Транстелекомның» 75 ПАЙЫЗЫН ИЕЛЕНДІ

«Транстелеком» акционерлік қоғамының 75 пайыз акциясы Нұрәли Әлиев құрылтайшыларының бірі саналатын «Unit Telecom» компаниясына өтті. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің қаулысында айтылған.

«Марлен Савитұлы Мұқановқа «Транстелеком» акционерлік қоғамының акциялар пакетінің 75 %-і минус 1 акцияны «Unit Telecom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін» делінген 11 ақпан күні № 58 қаулыда.

ҚaзТАГ агенттігі «Kompra» сервисіне сілтей отырып, 2021 жылғы 9 ақпандағы мәлімет бойынша, «Unit Telecom» компаниясының қос құрылтайшылары Дмитрий Покупателев пен Нұрали Әлиев екенін хабарлады.

Нұрәли Әлиев – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мен Вена түрмесінде өлі табылған Рахат Әлиевтің үлкен ұлы.

Ашық ақпараттарға қарағанда, Нұрәли Әлиев 2013–2014 жылдары «Транстелекомның» басқарма төрағасы болған. 2014–2016 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды, ал 2016 жылы «Транстелеком» директорлар кеңесінің төрағалығына тағайындалған. Сол жылы «Транстелеком» акциясының 49 пайызы Марлен Мұқановқа өткен. Ал Марлен Мұқанов Нұрәли Әлиевтің сенімді адамы саналады.

«Транстелеком» АҚ-ы 1998 жылы құрылған. Қазақстандағы ең ірі байланыс операторларының бірі саналады. 2021 жылдың 1 қаңтарындағы ақпарат бойынша, «Транстелеком» компаниясы акциясының 75 пайызы Марлен Мұқановқа, 25 пайыз акциясы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тиесілі болған. Компанияның жарғылық капиталы 12,2 миллиард теңге, активтерінің жалпы сомасы 174 миллиард теңге болған.

Forbes.kz дерегінше, 35 жастағы Нұрәли Әлиев Capital Holding инвестициялық холдингіне, Nd Capital венчурлық қорына иелік етеді. Байлығы – шамамен 269 миллион доллар.

Кейінгі уақытта Нұрәли Әлиевтің аты халықаралық басылымдарда жиі аталады. Алдыңғы жылдары Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі Нұрәли Әлиев пен оның анасы Дариға Назарбаеваға тиесілі деген екі зәулім үйді және қымбат пәтерді бұғаттап тастаған. Назарбаева мен Әлиев Лондон сотына жүгініп, сот бұғаттау шешімінің күшін жойған.

Azattyq.org

Соңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАН ҚЫТАЙҒА 12 миллион тоннаға жуық МҰНАЙ АЙДАЙДЫ

2021 жылы Қазақстан Қытай бағыты бойынша шамамен 12 миллион тонна мұнай айдайды, деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев. «Менің ойымша, осы жылы сол көрсеткіштер өзгеріссіз қалады – Қытай бағытында шамамен 12 миллион тонна», – деді Берлібаев сейсенбіде «Қазақстаннан мұнай экспортын жеткізуді ұйымдастыру жүйесінде стратегиялық міндеттерді іске асыру» тақырыбында өткен брифингте.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн