Пятница , 4 июля 2025

ҮКІМЕТТЕГІЛЕР VIP-ҰШАҚПЕН дәрет шаптырымға ұшады…

  • Алма­ты әуе­жай­ын­дағы апат­тың төңіре­гін­де әртүр­лі болжам­дар айты­лып жатқан кез­де «Фейс­бук» желісін­де таны­мал оппо­зи­ци­я­лық жас жур­на­лист Ербол Мән­ді­бек­тің Қаза­қстан­дағы ВИП-ұшақтар жай­ы­на қаты­сты «Бір-бір ұшақ ұстай­ды әуе­жай­да…» деген жаз­ба­сы жария бол­ды. Елде­гі түр­лі орган­дар мен ведом­ство­лар­дың қара­мағын­дағы авиа­парк­тер­дің мән-жай­ын оқыр­ман­дар наза­ры­на салу үшін, жағ­дай­дың қоя­сын қопарған сол жаз­ба­ны төмен­де қаз-қал­пын­да көшіріп басып отырмыз.

Ербол МӘНДІБЕК, журналист

Премьер-мини­стр­ге және оның төрт орын­ба­са­ры­на жеке-жеке ұшақ қарас­ты­ры­лған. Сөзім дәлел­ді болуы үшін сурет­ті қоса ұсы­нып отыр­мын. 

Бір қызы­ғы – үкі­мет­тің авиа­ци­я­лық шығын­да­ры еш жер­де айтыл­май­ды. Пре­зи­дент­тің іс басқар­ма­сы­на қарай­тын «Бер­кут» авиа­ком­па­ни­я­сы­ның сай­ты­на кіріп көріңіз: супер-джет­тер тура­лы бір түй­ір ақпа­рат жоқ. Жыл сай­ын халы­қтан жасы­рып жұм­сай­тын мил­ли­ард­тар тура­лы біл­гіңіз кел­се, /жазбаны/ толық оқып шығыңыз. 

Мен оты­рған мына ұшақтың (сурет­ті қараңыз) құны 140 мил­ли­он дол­лар тұра­ды. 2015 жылы шыға­ры­лған. Дәл осын­дай су жаңа ұшақтың төрт түріне оты­рып, рет­сіз рәсу­а­ларға куә­гер болдық. 

Рәсуа дей­тінім – мынау тұрған Қараған­ды­ға ұшақ алды­рған «көке­лер­ді» көр­дік. Тал­ды­қорған­да оты­рып, тиіп тұрған Алма­ты­ға ұшақ алды­рған сәт­тер­ге мен ғана емес, таны­мал бло­гер­лер де куә.

Әуел­де мұн­дай VIP-само­лет­тер­дің ішін­де сурет­ке түсу­ге тый­ым салын­ды. Себебі үкі­мет мүше­лері­мен бір­ге жүр­ген­дік­тен, халы­ққа шалқы­ған өмір­дің сәт­терін шығар­маң­дар деген бұй­рық түсті. Бір қызы­ғы – осын­дай жылы-жұм­сағы жай­ы­лған ұшақтар­мен 2 жылға жуық тоқта­у­сыз ұшыппын.

Соны­мен, үкі­мет мүше­лерінің авиа­пар­кі қай жер­де орна­ласқан. Аста­на­дағы әуе­жай­дың арғы бетіне бар­саңыз – VIP-тер­ми­нал тұр. Ол жер­де үкі­мет мүше­леріне және «Форбс» тізі­мін­де­гі бай-манап­тарға күн­діз-түні қыз­мет көрсетіледі. 

Пре­мьер-министр Асқар Мамин­нің ұшағы­на артық адам отыр­май­ды. Мәсе­лен, өңір­лер­ге жұмыс сапа­ры кезін­де вице-пре­мьер­лер­ге бөлек биз­нес-ұшақ қарас­ты­ры­лған. Оған мини­стр­лер­дің мің­ге­суіне рұқ­сат. Бірақ Бей­біт Ата­мқұ­лов секіл­ді мил­ли­ар­дер мини­стр­лер мен «Самұрық-Қазы­на­ның» Есі­мов секіл­ді жетек­ші мене­джер­лері жеке мен­шік ком­па­ни­я­ларға тап­сы­рыс береді. 

  • Иллю­стра­ци­я­лық фото ашық ақпа­рат көзі­нен алынды.

Биз­нес санат­тағы ұшақтың 1 саға­ты кемі 5000 евро­дан баста­ла­ды. 10 сағатқа жал­да­саңыз – 50 000 евро. Ұлт­тық валю­та­мен есеп­те­сеңіз, шама­мен 25 мил­ли­он тең­ге. Бұл – бір бағыт­тың ғана шығы­ны. Ал халы­қа­ра­лық ұшу­лар­дың құны 40 000 евро­дан баста­ла­ды. Жылы­на кемін­де ішкі және сыр­тқы 30–40 жұмыс сапа­ры жос­пар­ла­на­ды. Оның шығы­нын есеп­шо­тқа соға беріңіз. Сома­сы мил­ли­ард­тар­ды құрайды. 

Соны­мен, ұшақтан құшаққа секіріп жүр­ген үкі­мет мүше­лерінің авиа­ци­я­лық шығын­да­ры тура­лы бей­ре­сми дерек жоқ емес – бар. Пре­мьер-мини­стр­ді, 4 вице-пре­мьер­ді және мини­стр­лер­ді, сенат пен мәжіліс төраға­ла­рын әрлі-бер­лі тасы­мал­да­уға жыл сай­ын рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 15 000 000 000 – 20 000 000 000 (15−20 мил­ли­ард тең­ге) қарастырылады. 

Пре­зи­дент­тің іс басқар­ма­сы­на қарай­тын «Бер­кут» авиа­ком­па­ни­я­сы мем­ле­кет­тік деп көр­сетіл­ген. Яғни, саны көп, сапа­сы жоқ үкі­мет­тің аспан­дағы ерме­гіне халы­қтың есебі­нен сұра­у­сыз ақша алу үрдісі 20 жыл­дан бері жалға­сып келеді. 

«Хабар» мен «Қаза­қстан­ның» жаңы­лт­паш жаңа­лы­қта­рын қарап отыр­саңыз, Асқар Мамин түс­ке дей­ін – Түр­кістан­да, түстен кей­ін – Қарағанды­да, кеш­кісін – Көк­ше­та­уды, Ала­та­уды айы­рып, Қара­та­уды қай­ы­рып жүр деген қыр­тым­бай сюжет­тер­ді күн­де көресіз. 

Бір мезет­те Ера­лы Тоғ­жа­нов – Аты­ра­уда, Әли­хан Смай­ы­лов – Алма­ты­да, Роман Скляр – Пет­ро­пав­л­да жүр деген жаңа­лы­қты да жиі естисіз­дер. Былай қара­саң, үкі­мет үне­мі ұшып-қонып жүреді. 

«Ерік­кен сарт е…гін уқа­ла­са», біздің ерік­кен үкі­мет сідік шап­ты­рым жер­ге само­лет­пен сай­ран салу­ды ұнатады. 

Қыз­мет құны­на құнар­лы тағам­мен қоса, қызыл-қара икра, арақ-вис­ки, экзо­ти­ка­лық жеміс-жидек ұсынылады. 

Орта­ша есеп­пен алсақ, соңғы он жыл­да келіп-кетіп жатқан пай­да­сы көк тиын үкі­мет­тің ұшып-қонуы­на ғана 200 000 мил­ли­ард тең­ге­ге жуық ақша бюд­жет­тен шығындалыпты. 

Бұған 19 мини­стр­лік­тің коман­ди­ро­воч­ный шығын­да­рын қосы­ңыз. Мәсе­лен, Бей­біт Ата­мқұ­лов басқа­ра­тын Инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стр­лі­гі ісса­пар шығын­да­ры­на 250–300 мил­ли­он тең­ге­ге дей­ін қарастырған. 

Ұзын сөздің қысқа­сы – үкі­мет халы­қты емес, халық үкі­мет­ті асы­рап отыр. Мил­ли­ард­тап – ұшаққа, мил­ли­он­дап – маши­наға, пай­ы­здап – пре­мия мен айлы­ққа аяу­сыз ақша жұмсайды. 

Салы­стыр­ма­лы түр­де: Қаза­қстан­да жылы­на 30–40 әйел үшем туа­ды екен. Сол үшем туған ана­ларға Қаза­қстан­ның кез кел­ген қала­сы­нан кезексіз пәтер беріл­сін деген ұсы­ныс болып еді. Сол уақыт­та үкі­мет басын­дағы саба­з­дар үшем туа­тын сана­у­лы әйел­дің шығы­нын ауыр­сы­нып, бас тар­тқан болатын. 

Басқа­сын өзіңіз ойлай беріңіз…

Айт­пақ­шы, ұшақ ішін­де­гі басқа да қызы­ққа толы сурет­тер мен виде­о­лар­ды алдағы уақыт­та жари­я­лай­мын. Әзір­ге осы­ны «қорек» қыла тұрыңыздар… 

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн