Пятница , 4 июля 2025

ҚОЙ ТЕРІСІН ЖАМЫЛҒАН қасқыр комиссия халыққа керек емес!

Қаза­қтың Жерін сату және жалға беру тура­лы комис­сия құра­мын­да мына кісілер не істеп жүр: Сау­эр Иван, Тере­щен­ко Сер­гей, Каси­цин Алек­сандр, Зен­чен­ко Ген­на­дий, Жабяк Игорь, Хиль­ни­чен­ко Алек­сандр. Бар­лы­ғы да ірі шаруа қожа­лы­қта­ры­ның бас­шы­ла­ры. Яғни, лати­фун­ди­стер десе де бола­ды. Қасқы­рға қой бақты­рып қой­ған жоқ­пыз ба?

Оңғар Қаб­ден­нің ФБ-парақшасынан

Бізді алаң­да­тып оты­рған мәсе­ле – Жер комис­си­я­сы­ның құра­мы. 80 адам­нан тұра­тын комис­сия мүше­лері, халы­қтың емес, билік пен бай лати­фун­ди­стер мүд­десін қорғай­ты­ны анық. Себебі комис­сия құра­мын­да депу­тат­тар мен әкім­дер, мил­ли­он­даған гек­тар жері бар ірі шаруа қожа­лы­қта­ры­ның иелері, «түсініксіз» тұлға­лар да бар. Бұл – қасқы­рға қой бақты­рған­мен бір­дей. Мұн­дай комис­сия құру­дың қажеті жоқ еді.

Жер «ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді» деп пре­зи­дент айтқан соң, оны заңға шеге­леп тастау керек те, Жер заңы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар­ды маман­дар жасау керек. Топыр­лаған 80 адам көз­бо­я­у­шы­лық үшін жиналған­дар. Олар­дың біра­зы заң­гер, маман емес, Жер заңын түсін­бей­ді де. Комис­сия құра­мы­на ымы­раға көн­бей­тін қоғам бел­сен­ділерін кір­гіз­ген жоқ.

Оның себебі түсінік­ті. Билік 2016 жылы құры­лған алға­шқы Жер комис­си­я­сы секіл­ді халы­қты алдап, Жер заңы­на өздеріне тиім­ді бап­тар өткіз­бек­ші. Сол кез­де комис­си­я­ның ұсы­ны­ста­ры бой­ын­ша заңға толы­қты­ру­лар енгіз­ген пар­ла­мент депу­тат­та­ры елді алдап, кей­бір ұлт­шыл­дар­дың аузы­мен Жер кодексін­де жер­ді шетел­дік­тер­ге жалға беретін бап жоқ, бәрі жақ­сы, кере­мет бол­ды деп халы­қты шата­стыр­ды. Бұл жолы да билік жымысқы әре­кет­терін жүзе­ге асы­ру үшін, комис­сия құра­мы­на өздеріне қар­сы шық­пай­тын адам­дар­ды кір­гізіп отыр.

Біз жер бір ада­мға бел­гілі бір мөл­шер­ден, мыса­лы, 10 неме­се 20 мың гек­тар­дан артық беріл­месін деп айтып жүр­міз. Енді комис­сия құра­мын­дағы жүз­де­ген, мил­ли­он­даған гек­тар жер­лері бар бай­лар осы­ған келі­се ме? Әрине, қар­сы бола­ды. Олар жер өз аза­мат­та­ры­мы­зға да сатыл­ма­сын деген халы­қтың тала­бы­на да қар­сы бола­ты­ны түсінікті.

Одан кей­ін Жер заңын­да әр аза­мат 10 сот­тық жер алуға құқы­лы деп жазы­лға­ны­мен, әкім­дер «бос жатқан жер жоқ» деген сыл­тау айтып, заң­ды орын­дағы­сы кел­мей­ді. Қара­пай­ым халық бас­па­на сала­тын жер ала алмай жүр­ген кез­де кей­бір бай-қал­та­лы­лар жүз мың­даған гек­тар жер­ді иеленіп отыр. Мұн­дай әділет­сіздік­ке тоқтау салы­ну керек. Қала­лар мен елді мекен­дер­дің маңын­дағы жеке­ше­лен­діріліп кет­кен, үй салуға бола­тын жер­лер­дің бар­лы­ғы мем­ле­кет­тік мұқтаж­ды­ққа жатқы­зы­лып, қай­та­ры­лып алын­сын да, халы­ққа бас­па­на салуға үле­стіріп берілуі керек. Ол жер­лер алды­мен әле­умет­тік жағы­нан аз қам­ты­лған отба­сы­лар мен үйсіз-күй­сіз жүр­ген жан­дарға беріл­сін деп айтып жүр­міз. Комис­сия құра­мын­дағы әкім­дер мен көп­те­ген шаруа қожа­лы­ғы­ның бас­шы­ла­ры бұған да қар­сы бола­ты­ны түсінікті.

 Мұн­дай комис­си­яға сенім жоқ. Қазір бұлар әртүр­лі қитұрқы әре­кет­тер арқы­лы заң­ды айна­лып өтіп, жері­мізді Қытай­ға сатуға, жалға беру­ге жан­та­ла­са­ды. Бір мысал айтай­ын: был­тыр ерекше қорға­ла­тын Іле-Ала­тау ұлт­тық пар­кінің біраз жерін «Құл­тау» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Гужа­вин деген біреу 49 жылға жалға алған бола­тын. Ол жер­лер­ге түр­лі нысан­дар салуға 100 мил­ли­он дол­лар­ды қытай­лар бер­мек­ші дей­ді. Сон­да жалға алы­нған Ала­тау, Алма-Ара­сан, Асы жай­ла­уы, Есік шатқа­лы, елі­міздің тағы басқа ұлт­тық парк­терінің, шұрай­лы жер­лері­міздің иесі кім болады?

«Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның табан­ды талап етуінің арқа­сын­да про­ку­ра­ту­ра ол жер­лер­ді жалға беру тен­дері заң бұзы­лу­шы­лы­қтар­мен өткенін мой­ын­дап отыр. Бірақ істі әрі қарай жалға­сты­руға олар да дәр­мен­сіз. Енді осы мәсе­лені шешуі тиіс комис­си­яға қалай сену­ге бола­ды: егер оның құра­мын­дағы Мұх­тар Тай­жан «Құл­тау» ком­па­ни­я­сы тури­стер­ге арнап жол, әжет­ха­на­лар, дема­лыс орын­да­рын сала­ды деп қол­дап жүрсе?!

 Билік комис­си­яға өз ойла­рын ашық айта­тын мықты маман­дар­ды кір­гізу­ге қорқа­ды. «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның жетек­шісі, ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі болған Бал­таш Тұр­сым­ба­ев­ты, Жер заңын жазуға үлкен үлес қосқан мықты эко­но­мист Тоқтар Есір­ке­по­вты, тағы басқа ұлт­шыл аза­мат­тар­ды кір­гіз­се, ойла­ры жүзе­ге аспай қала­ты­нын біледі.

Бірақ біз билік солай жаса­ды екен деп қарап отыр­май­мыз. Жақын­да Жер кодексіне 38 өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу жай­лы Жер коми­тетіне ұсы­ны­стар бер­ген­біз. Соның орын­да­луын талап ете­міз. Жер ешкім­ге сатыл­май­ды, шетел­дік­тер­ге жалға да беріл­мей­ді деген халы­қтың тала­бын орын­да­ту үшін күре­се­міз. Бұл билік халы­қ­пен сана­спай, бас­сызды­ққа бара бер­се, онда жер дауы­ның арты үлкен тең­селіс­ке алып келеді. Осы­ны билік түсі­нуі керек.

Еркін РАҚЫШЕВ,

«Ел мен Жер» қоғамдық

қозға­лы­сы­ның хатшысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн