Сонымен, мемлекет басшысының тапсырмасымен Жер реформасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасын талқылап, парламентке ұсыныстар әзірлеу жөніндегі Жер комиссиясы құрылды. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» өкімінде (19.03.2021 ж. № 62-ө) біраз әкім-қара мен Жауапкершілігі шектеулі серіктестердің, Шаруа қожалықтарының басшылары аталған. Бірақ Жерін қорғау жолында сотты болып, төрт жыл түрмеде отырған Макс Боқаев пен абақтыда отырған Талғат Аян, қазақ жерін қытайлықтар иемденіп жатқаны жөнінде алғаш рет дабыл қаққан Айдын Егеубаев және қазақстандықтар атынан билікке бірнеше қайтара үндеу жолдаған «Ел мен Жер» қозғалысының жетекшісі Балташ Тұрсымбаев бұл құрамда жоқ. Шынайы тәуелсіз азаматтық қоғам өкілдері де жоқтың қасы.
Сонымен, 2016 жылдан кейін қайтадан жасақталған Жеркомның құрамына кімдер кірді?
Тоғжанов Ералы – ҚР премьер-министрінің орынбасары, комиссия төрағасы
Омаров Сапархан – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, төрағаның орынбасары
Теміржанов Мұрат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, комиссия хатшысы
Қырықбаев Арман –«Nur Otan» партиясының хатшысы
Бектаев Әли – ҚР сенаторы, «Ауыл» партиясының төрағасы, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы
Құл-Мұхаммед Мұхтар – ҚР сенаторы, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Бақтиярұлы Мұрат – ҚР сенаторы, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы
Күрішбаев Ақылбек – ҚР сенаторы, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы
Сұлтанов Ерік – ҚР сенаторы, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы
Барлыбаев Ерлан – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының мүшесі, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы
Қоңыров Айқын – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халық партиясының төрағасы
Үйсімбаев Асқарбек – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Тілеухан Бекболат – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі
Сарым Айдос – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҰҚСК мүшесі
Әбдіғалиұлы Берік – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҰҚСК мүшесі
Смағұл Бақытбек – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, ҰҚСК мүшесі
Әшімжанов Жанарбек – ҚР парламенті мәжілісінің депутаты
Нұркенов Нұрлан – Астаналық әкімнің орынбасары
Әзірбаев Мұхит – Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Айманбетов Мәулен – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Әбдіқалықов Ғалымжан – Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Кенжеханұлы Ермек – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары
Тұрдалиев Серік – Алматы облысы әкімінің орынбасары
Нұрлыбаев Қайрат – Атырау облысы әкімінің орынбасары
Нұрбаев Ержан – ШҚО әкімінің орынбасары
Манкеев Мұхтар – БҚО әкімінің бірінші орынбасары
Нығмашев Берік – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Шайдаров Серік – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Нұрмұхамбетов Ғәуез – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары
Жаханов Бақыт – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Ниязов Ғалымжан – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары
Байханов Асаин – Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Тасмағанбетов Марат – СҚО әкімінің бірінші орынбасары
Тәжібаев Ұлан – Түркістан облысы әкімінің орынбасары
Есенеев Ербол – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры
Сауэр Иван – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы
Дайрабаев Жигули – «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті
Бисетаев Қайрат – «Қазақстан картоп пен көкөніс өндірушілерінің одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы
Садырбаев Алмазбек – «SHOPAN ATA» Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының» төрағасы
Бақтыбаев Мақсұт – «Қазақстанның ет одағы» бірлестігінің төрағасы
Тұрысбеков Зауытбек – Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары
Көшім Досмұханбет – «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Құдайбергенов Олжас – «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС-нің директоры
Қуат Дәурен – Жазушы, ҚР президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі
Тайжан Мұхтар – Болатхан Тайжан қорының президенті
Қожық Жәнібек – Қоғам қайраткері, жазушы
Базарбек Бақытжан – «Bazarbek & Partners» ЖШС-нің директоры, заңгер
Толықбай Мақсат – Журналист
Жұмалы Расул – Саясаткер, ҚР президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі
Бәшімов Марат – Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры, саясаткер
Ошақбаев Рахым – «TALAP» қоғамдық қорының директоры, экономист
Әбенов Мұрат – «Серпін» білім және инновация ұлттық палатасы» бірлестігінің төрағасы
Терещенко Сергей – «Бал-ара» бірлестігінің президенті, Алматы облысы
Нажметдинұлы Болатбек – «Бағбандар одағы» бірлестігінің төрағасы, Түркістан облысы
Жайынбаева Нұрсәуле – «Агророст» фермерлер және ауыл шаруашылығы кооперативтері бірлестігінің төрағасы, Маңғыстау облысы
Досмұхамбетов Темірхан – «Байсерке-Агро» ЖШС-нің құрылтайшысы, Алматы облысы
Буканов Сайран – «Қарқын» ЖШС-нің құрылтайшысы, Қостанай облысы
Сағыналин Нұрлан – «Актеп» ЖШС-нің құрылтайшысы, Ақтөбе облысы
Қожаназаров Айдарбек – «Олжа Агро» ЖШС-нің бас директоры, Қостанай облысы
Уәлиев Батырбек – «Агрофирма ТNК» ЖШС-нің бас директоры, Ақмола облысы
Жақсылықов Әсен – «Гормолзавод» ЖШС-нің директоры, Ақмола облысы
Жәкібаев Мұрат – «Белес Агро» ЖШС-нің директоры, Батыс Қазақстан облысы
Касицин Александр – «Галицкое» ЖШС-нің директоры, Павлодар облысы
Нығметов Сейітжапар – «Қайнар» ЖШС-нің директоры, Қарағанды облысы
Әбітаев Фарид – «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нің директоры, Шығыс Қазақстан облысы
Оразбаев Сайлау – «ҚараҚұдық» ЖШС-нің директоры, Павлодар облысы
Шағыртаев Имамзада – «Тан ЛТД» ЖШС-нің директоры, Қызылорда облысы
Ысқақов Нартай – «Агрофирма Қара-өзек» ЖШС-нің директоры, Ақмола облысы
Зенченко Геннадий – «Зенченко и К» коммандиттік серіктестігінің директоры, СҚО
Мамбетов Еркебұлан – «Мамбетов и компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры, СҚО
Егізбаев Оразгелді – «Оразгелді-Датқа» а/ш өндірістік кооперативінің басшысы, Түркістан облысы
Егізбаев Керімхан – «Агротехнология» шаруа қожалығының басшысы, Қызылорда облысы
Жабяк Игорь – «Шанс» шаруа қожалығының басшысы, Қарағанды облысы
Хильниченко Александр – «Хильниченко и К» серіктестігі басқарма төрағасының орынбасары, Алматы облысы
Манатов Саха – «Aspan agro» шаруа қожалығының басшысы, Жамбыл облысы
Нұрбаев Талап – «Нұрсұлтан» шаруа қожалығының басшысы, Жамбыл облысы
Сарманов Мұрат – «Нұрлы Дала» шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы
Балжігітов Сейітжан – «Достан Ата» шаруа қожалығының басшысы, Атырау облысы
Тоқашев Оралбек – «Балке» шаруа қожалығының басшысы, ШҚО
Әлішев Қазыбек – «Арман-М» шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы