Пятница , 4 июля 2025

ҚАЗАҚ ЖЕРІ сатылмайтын БОЛДЫ МА?

  • Кеше – 7 сәуір­де Пар­ла­мент Мәжілісі «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне жер қаты­на­ста­ры мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру енгі­зу тура­лы» заң жоба­сын талқы­лап, шетел­дік­тер­ге жер сатуға және жалға беру­ге тый­ым сала­тын нор­ма­лар­ды бірін­ші оқы­лым­да біра­уы­здан мақұл­да­ды (сурет­ті қараңыз).

Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі Сапар­хан Ома­ро­втың айтуын­ша, жер заң­на­ма­сы­нан шетел­дік­тер, шетел аза­мат­та­ры неме­се шетел ком­па­ни­я­ла­ры­мен бір­лес­кен кәсі­по­рын­дарға, аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дарға, қан­дастарға жер беру құқы­ғын рет­тей­тін нор­ма­лар алы­на­ды, деп хабар­ла­ды «Азаттық».

«Заң жоба­сын­да соны­мен бір­ге бұдан бұрын (2016 жыл­дың 1 шіл­десіне дей­ін) шетел­дік­тер­мен және шетел­дік үлесі бар қаза­қстан­дық ком­па­ни­я­лар­мен жалға алы­нған ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­лерінің пай­да­ла­ну мерзі­мі ұзар­тыл­май­тын­ды­ғы және олар­дың пай­да­ла­ну мерзі­мі аяқталғанға дей­ін ғана иелік­те бола­ты­ны қарас­ты­ры­лған», – деді министр.

Оның айтуын­ша, шетел­ден Қаза­қстанға көшіп кел­ген қан­дастар «жеке қосалқы шару­шы­лы­ғы, бау-бақ­ша және сая­жай құры­лы­сы үшін жер учас­кесін ала ала­ды, Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алған­нан кей­ін ғана ауыл шару­а­шы­лы­ғы жерін жалға алу мүм­кін­ді­гі болады».

Мини­стр­дің сөзіне қараған­да, қазір 74,4 мың гек­тар жер­ді – жеті бір­лес­кен кәсі­по­рын, 18,5 мың гек­тар жер­ді – шетел­дік екі заң­ды тұлға жалға алып отыр. Аталған кәсі­по­рын­дар мен тұлға­ларға жер мора­то­рий енгізіл­ген­ге дей­ін жалға беріл­ген. Жалға алу мерзі­мі 2022–2025 жыл­да­ры аяқта­ла­ды, деген екен министр.

Ал елде­гі жер қаты­на­ста­рын рет­тей­тін басты құжат – «Жер кодексі» аталған тый­ым салу нор­ма­ла­рын қам­ти ма, жоқ бұл мәсе­ле әлі де сөз­бұй­даға созы­ла ма? Кім­ге бол­сын ауыл шару­а­шы­лық мақ­сат­тағы жер­ді сату мәсе­лесіне нара­зы жұрт­шы­лық осы талап­тың «Жер кодексі» мен ел Кон­сти­ту­ци­я­сын­да шеге­леніп жазы­лға­ны­на тән­ті екенін еске саламыз.

«ДАТ-ақпа­рат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн