Четверг , 3 июля 2025

«ҚОРДАЙ ҚАҚТЫҒЫСЫ»: 51 айыпталушының 19‑ы түрмеге жабылды

От пен сот

  • Тараз­да Қор­дай­дағы ұлта­ра­лық жан­жалға бай­ла­ны­сты 51 айып­та­лушы­ға сот үкі­мі оқыл­ды. Ең ауыр жаза – 20 жыл түр­ме жаза­сы. Бір адам толық ақта­лып шықты.

Бір­не­ше ада­мға – 15- 20 жыл ара­лы­ғын­да түр­ме жаза­сы беріл­ген. Оларға “Адам өлті­ру”, “Жап­пай тәр­тіп­сіздік” бой­ын­ша айып­тар тағы­лған. Жам­был облы­сы соты­ның мәлі­метін­ше, 9 ада­мға – 5 жыл түр­ме жаза­сы беріл­ген. 31 ада­мға шар­тты жаза неме­се бостан­ды­қты шек­теу жаза­сы тағай­ын­далған: 24 адам шар­тты түр­де бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды, 7 адам­ның бостан­ды­ғы шектелді.

Айып­та­лушы­ларҮкім
1. Сей­іл­ха­нов, 83 жылғы – 272 бап (3‑бөлік), “Жап­пай тәртіпсіздік”екі жылға бостан­ды­ғы шектелді
2. Сері­ков, 81 жылғы – 272-бап (3‑бөлік)екі жылға бостан­ды­ғы шектелді
3. Есет Қал­ни­я­зов – 272-бап (3‑бөлік)екі жылға бостан­ды­ғы шектелді
4. Дастан Қал­ни­я­зов, 91 жылғы – 272-бап (3‑бөлік)екі жылға бостан­ды­ғы шектелді
5. Құды­рет Мұх­тарұ­лы – 272-бап (3‑бөлік)екі жылға бостан­ды­ғы шектелді
6. Мей­рам­бек Рашидұ­лы – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
7. Бақыт­жан Жол­да­с­бекұ­лы – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
8. Аян Бақыт­жан Әскер­бе­ков, 97 жылғы – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
9. Шамиль Хар­са­нов – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
10. Жасұлан Мың­жа­са­ров – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
11. Нұр­бол Асланұ­лы – 272-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
12. Алмас Әубәкіров – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл түр­ме жазасы
13. Бақыт Мақсұтов5 жыл шар­тты жаза
14. Мақ­сат Мажы­ра­ев – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
15. Саян Сапар­бекұ­лы – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
16. Бай­ке Құр­манға­зы­ұ­лы – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
17. Сағын­тай Ишке­ев – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
18. Шакир Мау­ров – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
19. Аидир Машанло5 жыл шар­тты жаза
20. Бакир Дау­ров – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
21. Исмар Ушу­ров – 272-бап (2‑бөлік)толық ақтал­ды
22. Закир Юнху – 272-бап (2‑бөлік)6 жыл шар­тты жаза
23. Ролан Шоге­лов – 272-бап (2‑бөлік)5 жылға бостан­ды­ғы шектелді
24. Қуа­ныш Сәр­сен­ба­ев – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
25. Төле­ген Балға­бе­ков – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
26. Сапар Әли­ев – 272-бап (1,2,3‑бөлік)5 жыл түр­ме жазасы
27. Мурат Қибе­ков – 272-бап (1,2,3‑бөлік)3 жылға бостан­ды­ғы шектелді
28. Мақ­сат Чара­бас – 272-бап (1,2,3‑бөлік)5 жыл түр­ме жазасы
29.Бақытбек Ибра­ги­мов – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
30 Елдар Нұрәлі – 272-бап (1,2,3‑бөлік)3 жылға бостан­ды­ғы шектелді
31. Саров Хар­ки – 272-бап (2‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
32. Аза­мат Тори­ев – 272-бап (2‑бөлік), 180-бап (3‑бөлік).5 жыл түр­ме жазасы
33. Ақжол Әлім­бай – 272-бап (2‑бөлік), 188-бап ( 3‑тармағы)5 жыл шар­ты жаза
34. Нұр­жан Иман­ба­ев – 272-бап (2‑бөлік), 188-бап ( 3‑тармағы)5 жыл шар­тты жаза
35. Рус­лан Телға­зи­ев – 272-бап (2‑бөлік), 188-бап (3‑бөлік)5 жыл шар­тты жаза
36. Әділет Бажа­нов – 272-бап (2‑бөлік), 419-бап (3‑бөлік)5 жыл түр­ме жазасы
37. Юсуп Шин­ху – 272-бап (2‑бөлік), 419-бап (3‑бөлік)6 жыл шар­тты жаза
38. Эрсе Дау­ров, – 272-бап (2‑бөлік), 381-бап, (3‑бөлік )16 жыл түр­ме жазасы
39. Мади­яр Жуну­сов – 272-бап (2‑бөлік), 380-бап 1‑бөлік5 жыл түр­ме жазасы
40. Медет Тоқо­бай – 99- бап ( 2‑бөлік), 272-бап17 жыл түр­ме жазасы
41. Әну­ар Ора­зай, 287-бап, 192-бап, 272-бап11 түр­ме жазасы
42. Жұма­хан Бота­ба­сов, 99-бап (2‑бөлік), 272-бап20 жыл түр­ме жазасы
43. Ринат Иманға­зи­ев, 192-бап, 272-бап7 жыл түр­ме жазасы
44. Юбур Чин­шан­ло, 99-бап, 272-бап16,5 жыл түр­ме жазасы
45. Сан­гуй Шимар, 272-бап16,5 жыл түр­ме жазасы
46. Ислам Зиму­ров, 272-бап, 99-бап5 жыл түр­ме жазасы
47. Хижин Исмар, 272-бап5 жыл түр­ме жазасы
48. Хижин Мухар­ме, 272-бап5 жыл түр­ме жазасы
49. Мади­яр Кәрі­ба­ев, 272-бап16,5 жыл түр­ме жазасы
50. Мақ­сат Сол­то­на­ев, 272-бап, 287-бап, 97-бап17 жыл түр­ме жазасы
51. Ерік Бәй­те­нов, 272-бап, 282-бап, 98-бап15,5 жыл түр­ме жазасы

51 айып­та­лушы­ға “Жап­пай тәр­тіп­сіздік” (272-бап), “Қару­ды, оқ-дәрiлер­дi, жары­лғыш заттар­ды және жары­лыс құры­лғы­ла­рын заң­сыз ием­де­ну, беру, өткi­зу, сақтау, тасы­мал­дау неме­се алып жүру” (287-бап), “Қорқы­тып алу” (194-бап), “Қарақ­шы­лық” (192-бап) және “Адам өлті­ру” (99-бап), “Сепа­ра­ти­стік әре­кет­тер” (180-бап), “Заң­сыз қару-жарақ сақтау және алып жүру” (287-бап), “Әске­ри қыз­мет­кер­лерінің өміріне қол­сұғу­шы­лық” (380-бап), “Қару­лы бүлік” (181-бап) бой­ын­ша айып­тар тағы­лған. Айып­та­лушы­лар­ды шама­мен 60 адво­кат қорғады.

Бұл іс бой­ын­ша сот про­цесі жел­тоқ­сан айын­да басталған еді.

2020 жылы 7 ақпан­да түн­де Жам­был облы­сы Қор­дай ауда­нын­да қаза­қтар мен дүн­ген­дер ара­сын­да қақты­ғыс болған. Оқиға кезін­де 11 адам қаза тапқан. Мың­даған адам үй-жай­ын тастап, көр­ші Қырғыз­станға қашуға мәж­бүр болған. Қаза­қстан үкі­меті кей­інірек олар­дың көбі үйлеріне орал­ды деп мәлім­де­ген. Про­ку­ра­ту­ра­ның мәлі­метін­ше, Қор­дай­дағы ұлта­ра­лық жан­жал кезін­де 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам жәбір­ле­ну­ші деп таны­лған. 400-ден астам сарап­та­ма жүр­гізіліп, 1,5 мың­нан астам адам сұралған.

Қор­дай­дағы жан­жал­дан кей­ін Жам­был облы­сы­ның әкі­мі Асқар Мыр­за­хме­тов отстав­каға кет­ті. Бір­не­ше жоға­ры лау­а­зым­ды шене­унік қыз­меті­нен боса­тыл­ды. Сол кез­де пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры қыз­метін атқарған Бер­ді­бек Сапар­ба­ев облыс әкі­мі болып тағай­ын­дал­ды. Жан­жал­дан кей­ін Қаза­қстан билі­гі 120-дан астам қыл­мыстық іс ашы­лға­нын хабарлады.

Қор­дай­дағы жан­жалға бай­ла­ны­сты айып­талған тағы жеті ада­мға үкім был­тыр қыр­күй­ек айын­да шыққан.

Ресей­лік “Мемо­ри­ал” орта­лы­ғы был­тыр мамыр айын­да жари­я­лаған мақа­ла­сын­да Қор­дай­дағы жан­жал бой­ын­ша тер­ге­удің бір­жақты әрі ашық емес жүр­гізіліп жатқа­нын айтып сынаған. Ұйым оқиға­ны мұқи­ят тер­ге­у­ге шақы­рып, дүн­ген қауым­да­сты­ғы өкіл­дерінің Қаза­қстан билі­гіне арнап жазған соған ұқсас үнде­уін жари­я­лаған. Онда ұсталған­дар­дың азапталға­ны жай­лы да дерек бар.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн