Пятница , 4 июля 2025

Ақылы жолдың ҚҰНЫ ҚАНША?

  • Кеше – 9 мау­сым­да “ҚазАв­то­жол” ком­па­ни­я­сы бірін­ші санат­тағы жол төсел­ген 5 аумақта биыл жол­дың ақы­лы бола­ты­нын хабар­ла­ды. Бұлар: “Батыс Еуро­па – Батыс Қытай” (Қай­нар Тараз, Тараз Шым­кент, Шым­кент Қызы­лор­да, Шым­кент Таш­кент), Шртан­ды Көк­ше­тау, Қап­шағай –Тал­ды­қорған, Аста­на Пав­ло­дар және Ақтау Жеті­бай –Жаңаө­зен.

Ком­па­ни­я­ның хабар­ла­у­ын­ша, аталған аумақтар­да жүретін көлік­тер 2013 жылы енгізіл­ген тариф бой­ын­ша ақы төлей­ді. Жол ақы­сы сол күй­ін­ше қала­ды дей­ді ком­па­ния өзінің таратқан хабарламасында.

  • Аталған аумақтар­да жүретін жеңіл көлік­тер 1 шақы­рым үшін – 1 тең­ге төлейді;
  • Авто­бу­стар орын саны­на қарай 1 шақы­рым үшін 5 – 15 тең­ге ара­лы­ғын­да төлейді;
  • Жүк көлік­тері жүк сал­мағы­на бай­ла­ны­сты 1 шақы­рым үшін 5 – 25 тең­ге ара­лы­ғын­да төлейді.

ҚазАв­то­жол­дың” айтуын­ша, ақы­лы жол­дар­да дема­лыс орны, қонақүй­лер, супер­мар­кет­тер, дәрет­ха­на, дәрі­ха­на сияқты жола­у­шы­ларға қажет нысан­дар орна­лас­пақ. Қазір­гі кез­де GasEnergy, ҚазТранс­Газ, Compass, Sinooil, PetroRetail, М‑36 сияқты ірі жанар-жағар­май стан­ци­я­сы желілері­мен 2024 жылға дей­ін 134 жол кешенін салу бой­ын­ша келісім жасалған. Осы­ған дей­ін Қаза­қстан­да 2021 жылы 18 аумақтық жол­дың ақы­лы бола­ты­ны хабар­ланған еді.

Мамыр­дың соңын­да Қаза­қстан­ның бір­не­ше аймағын­да жол­дар­дың ақы­лы болуы­на бай­ла­ны­сты жүр­гі­зу­шілер нара­зы­лы­ққа шыққан. Алыс жолға жүретін көлік айда­у­шы­лар жол сапа­сы­ның нашар­лы­ғын, жанар­май­дың қым­бат­таға­нын, тасы­мал баға­сы­ның төмен­ді­гін алға тартқан.

2 мау­сым­да инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стрі Бей­біт Ата­мқұ­лов “ақы­лы жол әлем­дік тәжіри­бе­де бар нәр­се, кім жол­ды пай­да­лан­са, сол жағ­дай­ы­на да жау­ап­ты” деп мәлім­де­ген. Оның айтуын­ша, ақы­лы жүйе ой-шұңқы­ры жоқ, тегіс бірін­ші кате­го­ри­я­лы жол­дарға ғана енгізіледі.

Министр Қаза­қстан­да 2025 жылға дей­ін 11 мың шақы­рым авто­мо­биль жолы, оның ішін­де биыл 5,8 мың шақы­рым жол ақы­лы бола­ты­нын мәлімдеген.

Azayytq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн