Четверг , 3 июля 2025

«АСАНОВПЕН КЕЗДЕСПЕЙ, КЕТПЕЙМІЗ!» – деп талап қойған бір топ адам Жоғарғы сот алдында түнеп шықты.

«Әділет­сіз сот шешім­дері мен үкім­дер­ге» нара­зы бір топ адам Жоғарғы сот ғима­ра­ты алдын­да түнеп шықты. Қаза­қстан­ның түк­пір-түк­пірі­нен кел­ген 25 адам өздері мен жақын­да­ры­на шыққан сот шешім­дерін қай­та қара­уды және Жоғарғы сот төраға­сы Жақып Аса­нов­пен кез­де­суді талап етті.

«Аса­нов­пен кез­дес­пей­ін­ше, бұл жер­ден кет­пей­міз», – деді нара­зы топ 16 мау­сым күні таңер­тең «Азаттық» тіл­шісіне. «Кеше күн­діз­гі сағат 11-ден бастап осы жер­де тұр­мыз. Бізді Аса­нов қабыл­да­сын. Түн­де осын­да крес­ло­да ұйы­қта­дық. Ешкім қуған жоқ. Бір әйел­дің жағ­дайы нашар­лап, жедел жәр­дем шақы­рып едік, кел­мей қой­ды», – деді нара­зы­лар­дың бірі Мади­на Көкетаева.

Оның сөзіне қараған­да, жиналған­дар ара­сын­да Алма­ты, Қараған­ды, Өске­мен, Шым­кент, Аты­рау, Ақтө­бе, Орал­дан кел­ген­дер бар. «Кеше Аса­но­втың кеңес­шілері, судья­лар мен кең­се қыз­мет­кер­лері шықты. Бізді судья­лар­мен кез­де­стіре­міз деді. Бірақ біз бұл инстан­ци­я­лар­дан өтіп кет­кен­біз. Пре­зи­дент әкім­шілі­гі жанын­дағы комис­си­ядан да өткен­біз. Нәти­же бол­май­ты­нын түсін­ген­біз. Аса­нов­пен кез­де­стір­мей­ін­ше, бұл жер­ден кет­пей­міз», – деді Мади­на Көкетаева.

Нара­зы­лар кеше ғима­рат қор­ша­уы­на пла­кат іліп, жалғыз адам­дық пикет­тер өткі­зе баста­ды. Өзінің «ала­яқты­қтан зардап шек­кенін» айтқан алма­ты­лық бел­сен­ді Иль­шат Кен­зин он жылға жуық уақыт­тан бері кінәлі адам­ның жаза­ла­нуын талап етіп келеді. Бел­сен­ді жөнін­де жер­гілік­ті сайт­тар көп жазған. Оның айтуын­ша, осы­ған дей­ін Алма­ты қала­лық соты айып­та­лушы­ны ақтап шыққан. Ол сот шеші­міне нара­зы аза­мат­тар­дың басын қосқан «Әділет» баста­ма­сы­ның авторы.

Жоғарғы сот ғима­ра­ты алды­на жиналған­дар­дың әрқай­сысы­ның шағы­мы әртүр­лі. Бірақ олар өз істері бой­ын­ша тер­геу қай­та жүр­гізіліп, қай­та қара­луын талап етеді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн