Пятница , 4 июля 2025

Байғазы

  • Жуы­қта бас­па­дан «Соның сөзі» деген кітап шықты. Ауто­ры – Сан­сыз­бай Өкенұ­лы. Жур­на­лист. Жур­на­лист болған­да, «Жас Ала­штың» дүр­кіреп тұрған кезін­де, газет­тің тіл­шісі, бөлім мең­ге­ру­шісі болған таны­мал қаламгер.

Кей­ін­нен – 2011–2015 жыл­да­ры ара­лы­ғын­да біздің «ДАТ»-тың дар­ба­за­сы­на өткен дарын. Соңғы жыл­да­ры әртүр­лі теле­ар­на­лар мен ТВ-про­дакшн ком­па­ни­я­лар­да қыз­мет істе­ген. Талай-талай сая­си пам­флет­тері біздің тұрақты оқыр­манға таныс бол­са керек.

Қысқа­сы, біз Сан­сыз­бай әріп­тесі­мізді жаңа жинағы­ның жары­ққа шығуы­мен құт­ты­қтай оты­рып, бай­ға­зы ретін­де осы кітап­тан үзін­ді жари­я­лап отыр­мыз. Егер «Соның сөзін» оқы­ғы­ңыз кел­се және «оның өзі» кім екенін білу­ге ынтық бол­саңыз, +7 −702−238−18−65 неме­се +7–701-384–80-85 қал­та­фон нөмір­леріне хабар­ла­суы­ңы­зға болады.

«ДАТ»

АЛЫП БАРЫС ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Ерте ерте ерте­де, бірақ ешкі жүні бөр­те болған заман­нан сәл бер­тінірек­те бір алып барыс өмір сүріп­ті. Деген­мен оның шыны­мен де, алып болған-бол­маға­ны тура­лы тар­ты­сты пікір көп. Себебі оны сол кездің өзін­де «барыс емес, мысық еді» дей­тін­дер жиі ұшы­рас­ып­ты. Доңы­здар елі мен жылан­дар халқы­на жақын­ды­ғы­на әрі құрық бой­ла­мас қулы­ғы­на қарап, оны «шата болған» дей­тін деректер де там-тұм­дап көз­ге түседі.

Алып бары­стың айбыны

Барыс елі әу баста батыр болғанға ұқсай­ды. Өйт­кені ата-баба­ла­ры кезін­де дүниені дүр сіл­кін­дір­се керек. Соның дәлелі – бары­старға бақ қонған. Асты-үсті бай­лы­ққа тұнып тұрған өлке­ге бары­стар иелік етіп­ті. Содан күн­дер­дің күнін­де, барыс елінің тіз­гіні бір қара­саң – бары­сқа, енді бір қара­саң – сіле­усін­ге ұқсай­тын түл­кі­ни­ет­ті біре­у­ге бұй­ыр­са керек. Сол мезет­тен бастап ол айна­ла­сын­дағы­ларға өзін «алып» деп ата­уды бұй­ы­рып­ты. «Алып» деген сөздің сән­ге айналға­ны сон­ша­лық, бары­стар кез-кел­ген қуа­ны­шты алып­тың аты­мен бай­ла­ны­сты­ру­ды әдет­ке айнал­ды­рып­ты. Айта­лық, таң атып, күн шық­са, «Алып­тың арқа­сын­да шуақ көр­дік» десіп­ті. Көк­тем шығып, жер жіп­сі­се, «бұл да – Алпе­кеңнің шапаға­ты» дей­ді екен.

Осы­ған мастанға­ны болар, Алып енді әлем­де өзіне тең келер ақыл иесі бар деген­ге күмән­мен қарай бастап­ты. Ары­стан мен жол­ба­рыс бір-біріне айбар шек­се, сала-құлаш құй­ры­ғын сүй­ретіп барған ақыл­ман Алпе­кең «бұл мәсе­лені біздің үйде оты­рып шешей­ік» дей­ді екен. Айдаһар мен аю жем­тік­ке талас­са да, Алып өзін бітім­гер бей­несін­де еле­стетіп, құй­ры­ғын жоға­ры көтер­ген деседі.

Бір қызы­ғы, жан-жану­ар біт­кен­нің ешбірінің шежіресін­де Алып­тың айғай басып ара­ша­шы бола алға­ны тура­лы дерек сақталмаған.

Алып қалай адасты?

Алып­тың кісісүй­ер бір қылы­ғы – өзі­нен тараған ұрпаққа еміреніп қарап­ты. Көзін ашқан­нан аяқ-қол­да­рын жер­ге тигіз­беп­ті. Әрі құлақта­ры­на Алып­тан туға­нын сіңі­ре беріп­ті. Еркек-ұрға­шы­сы­на қара­май, ес біл­ген­дерін елдің шетіне шыға­рып, қол­да­ры­на билік беріп­ті. Қысқа­сы, «бары­сқа біт­кен­нің бәрі – сен­дер­дікі» деген ғой. Қан­да­ры­ның «асыл екенін» жан-тәні­мен сезін­ген ұрпақта­ры күн­нен-күн­ге күпініп-ісініп, жары­луға айнал­са керек. «Ақы­лы кем бол­са да, Алып тұқы­мы сөй­лесін!» деген мақал сол тұста пай­да болған делінеді.Олар барыс жұр­тын көз­ге ілмеп­ті. Қала­са – қамап­ты, қар­сы кел­се, сабап­ты. Бара-бара барыс елін былай қой­ып, Алып­тың өзіне ақыл айта­тын­ды шыға­рып­ты. Әсіре­се өзінің ұрға­шы күші­гіне ұялас болған Жар­ты алып мұның таба­ны жет­пей­тін бір қиы­рға шығып алып, мысы­қ­ша мия­у­лап­ты: «Алып емес, азғын­сың, ниеті жаман байғызсың!».

Оның нені мең­зеп жатқа­нын барыс жұр­ты сол тұста түсін­бе­ген көрі­неді. Бір ақиқат, Жар­ты алып өзі қашып барған мекен­де аңшы­лар­дың торғай­ға құрған торы­на ора­лып өлсе керек. Аңы­здың кей­бір нұсқа­ла­рын­да «әлгі тор­дың бір түй­інін­де Алып тыр­нағы­ның ізі қалған» деген деректер де кездеседі.

Алып­тың ақыры

«Алып «алып» болға­лы мұн­дай соққы­ны сезініп көр­ме­ген еді» деп баста­ла­ды аңы­здың соңғы тара­уы. Сон­да Алы­пқа не болған? Оны біреу ту сыр­ты­нан сілейт­кен бе, әлде қастық қылған ба? Жоқ, мұның біре­уі де емес: ойла­маған жер­де барыс жұр­ты­ның алдын­да беті күй­ген. Күй­ген­де де, оңбай қалған! Қалай? Міне, осы сұрақ сол тұста бүкіл әлем­ді дүр сіл­кін­дір­се керек. Себебі Жар­ты алып­тың тұяғы әкесі құсап, қол жет­пес қиы­рға шығып алған соң, дүй­ім жұр­тқа естір­тіп былай деп­ті: «Менің жаным – тыр­нағым­ның ұшын­да. Мені өлтір­гелі жүр. «Сырқат жұқты­рған, дерт­ті ілбіс» деген сөз тарат­ты, олар. Бірақ дерт­ті екенім рас. Өйт­кені мен Жар­ты алып­тан емес, Алып­тың өзі­нен туға­ным­ды біл­ген­де, у шөп жеп өлгім кел­ді. Содан бері жаным да, тәнім де жаралы».

Аңы­здың «апырмай‑ә!» дегі­зетін жері де – осы тұс. Өйт­кені бары­сың былай тұр­сын, мұн­дай сұм­дық мысы­қтұқым­дас жану­ар­лар­дың ешбірін­де кез­дес­пе­ген. Егер әлгі ілбістің сөзі расқа шық­са, ақы­лы асқан Алпе­кең өз күші­гі­мен ұйы­ққан болып шыға­ды. Түсініп тұр­сыз ба, мәсе­ленің мәнін?!

Содан кей­ін не болған? Міне, осы тұсқа кел­ген­де аңы­здың айт­пағы кесірт­кенің терісін­дей ала­шұ­бар­ла­нып кете­ді. Өйт­кені «былай болған екен» дей­тін нұсқа­ның санын­да есеп жоқ. Бір нұсқа­да ол «мал-мүкә­ма­лын алып, ел біл­мей­тін жаққа қашқан, бірақ ұста­лып, барыс жұр­ты­ның тала­у­ы­на беріл­ген». Енді бір нұсқа­да «сол қашқан­нан тап­тыр­май кет­кен, жылан­дар елін­де айдаһар­дың інін пана­лап, бақа-шаян жеп жатыр». «Жоқ, қашпаған. Ол ұят­тан өлген жоқ, өз ажа­лы­нан өлді» дей­тін тағы бір нұсқа бар. «Қашқан да жоқ, өлген де жоқ, әлі тірі. Ол шыны­мен мәң­гілік екен» дей­тін­дер де толып жатыр.

Неге бұлай? Біздің­ше, бары­стар өз тарихын дұрыс жаза алмаған сияқты. Сол себеп­тен ауы­зекі әңге­ме­де әр тара­пқа ала қашқан айыр­ма көп.

…әлде аңы­здың ақиқатқа жақын тұсын айтар кезең әлі тума­ды ма екен?

Сан­сыз­бай ӨСКЕНҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн