Пятница , 4 июля 2025

Ұлтқа жасалған САТҚЫНДЫҚ КЕШІЛІМЕЙДІ!

  • Ұлт­тың ұлт­тық намысы­на тию – қамысқа сірің­ке тигі­зу­мен бір­дей, Дау­рен Аба­ев!  Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та талай басы­мы­зға т‑н! Оның қызы да қаза­қты “мәм­бет” деп келе­ке еткен! Бір ұлт­ты сала­физм дер­тіне тұн­шы­қты­рып, қаза­қты —  қаза­ққа айдап салып, тағы бір ағаң таса­да тас атып отыр.

Енді сол аждаһа­ның апа­ны­нан ысқы­ры­нып, сіз шықты­ңыз ба? Қаза­қты түк біл­мей­тін миғұ­ла ұлт сана­маңыз!  Бәрін көріп, біліп отыр. Назар­ба­ев деген көкеңіз өз билі­гін бекем­дей түсу үшін талай рет қаза­қтың қақын өзге­ге жегізіп, талай рет ұлт­тың мүд­десін өзге­ге жығып бер­ген. Импе­ри­а­ли­стер­дің ары­нын басу үшін, солай айтып-істе­у­ге мәж­бүр бол­дық деп, өтірік мәй­мөң­ке­ле­удің қажеті жоқ. Сен­дер­дікі – елдік емес, тай­па­лық инстинкт. Енді­гі жер­де бұл клан­дық ойын­да­рың қаза­ққа өтпейді!

Иә, Тәу­ел­сіздік пен тер­ри­то­ри­я­лық тұта­сты­қты сақтап қалу – ұдайы күрес пен төзім­ді талап ете­ді. Бәрі түсінік­ті. Ресей­дің алдын­да ұпай жина­удың да түр­лі әмбе­бап әдісі, дипло­ма­ти­я­лық жолы бар. Бірақ тұтас ұлт­тың ұлт­тық намысын қор­лап-тап­тау арқы­лы сая­си ойын­сы­мақ жүр­гізіп оты­рған қай елді көр­діңіз? Ұлт жана­шыр­ла­рын жауы­ның асты­на салып бер­ген қай елдің идео­лог­та­рын көр­діңіз? Талағы­ңыз тарс айы­рыл­са да айтай­ын, бұл – барып тұрған “пещер­ная идеология”! 

Кеше­гі Марал­тай­ға бер­ген жау­а­бы­ңыз да мар­дым­сыз екен. “Қазақ бір­не­ше тіл біл­се, несі айып?” деп­сіз. Құдай-ау, басқа тіл біл­месін деп оты­рған бір қазақ бар ма?! Орыс, ағы­л­шын, қытай тілін мең­гер­сін, тіп­ті Әл-Фара­би секіл­ді 70 тіл білсін.

Бірақ осы 70 тіл білу­ге ұмты­лған ел тұрғын­да­ры неге қаза­қтың жалғыз-ақ тілін білу­ге қауқар­сыз? Орыс пен ағы­л­шын­ша зуыл­даған билік неге ұлт­тың тілін­де сай­ра­май­ды? Неге алқа­лы жиын­дар тек орыс тілін­де өте­ді? Неге пре­мьер-министр ұлт тіліне шорқақ? Пре­зи­дент­тің доклад­та­ры неге қаза­қ­ша жазыл­май­ды? Неге ұлт заң­да­ры ауда­ры­лып беріледі? Неге қазақ жур­на­ли­стері аудар­ма­шы болуға мәж­бүр? Неге біздің қоғам әлі күн­ге орыс тіліне тәу­ел­ді? Мем­ле­кет­тік тіл үшін сіз неғып шырылдамайсыз?

Ел тұрғын­да­ры өзге тіл­ді біледі деп емес, неге қаза­қ­ша біл­мей­ді” деп, мәсе­ле көтеріп оты­рған жоқ па қазақ? Осы сау­алға нақты жау­ап берудің орны­на, айда­лаға лағып кетіпсіз! 

Қазақ мек­теп­терінің саны 70 пай­ыз” деп­сіз? Елі­міз­де 3726 қазақ мек­теп­тері бар. Орыс мек­тебінің саны – 1181 екен. Ал енді 50-ге жуық өзге тіл мек­теп­тері мен 2043 ара­лас мек­теп­ті қай­да жібе­ресіз? Таза орыс пен ара­лас мек­теп­тер­ді қос­саңыз, 3270 мек­теп шыға­ды. Енді қазақ мек­теп­терінің үлес сал­мағы 70 пай­ыз деген ерте­гіңізді есеп­тей алмай оты­рған жай­ым бар.

Ара­лас мек­теп­тер ұрпақты не қазақ, не орыс емес, дүбә­ра ететіні жөнін­де ұлт­тың бас­пасөзі талай рет даб­ыл қаға жазған жоқ па? “Руха­ни жаңғы­ру” ұлт­тық бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да Ұлт­тық аудар­ма бюро­сы нен­дей ғажап жұмыс жаса­ды? Оны өзіңіз де жазып­сыз. Қан­ша­ма әлем­дік әде­би­ет ұлт тіліне ауда­рыл­ды. Кере­мет екен­сіз­дер, онда дәл осы “Руха­ни жаңғы­ру” жоба­сы­на бөлі­нетін қар­жы­ны 5 есе­ге қысқар­тып, ал Ұлт­тық аудар­ма бюро­сы­ның мем­ле­кет­тік қар­жы­лан­ды­ры­луын неге тоқта­тып тастадыңыздар?! 

Әліп­пе­ні” қай­та­рып алдық деп мәз бола­сыз, ал неге сіз “Әліп­пе­нің” жоға­лып кетуіне жол бересіз?! Бұл іске қоғам ара­лас­паған­да, “Әліп­пе­нің” қаза­қ­пен табысуы екіта­лай еді ғой…

Жалған бай­ба­лам салу­ды доға­ры­ңыз! ҰҚҚ-де Кәрім Мәсі­мов отыр. Пар­ла­мент­те Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин көп жыл­дан бері төрелік ету­де. Пре­мьер мини­стр­дің орын­ба­са­ры – Роман Скляр. Ден­са­улық сақтау мини­стрі – Алек­сей Цой. Төтен­ше жағ­дай мини­стрі – Юрий Ильин. 

Халы­қтар Ассам­бле­я­сын асы­рау қаза­қтың мой­нын­да! ФОРБС-тың тізі­мін­де өзге ұлт өкіл­дері отыр. Оры­стан әкім, депу­тат, биз­не­смен­дер өріп жүр. Қазақ ешқа­шан өзге ұлт­ты таба­лаған емес! Өзгені өзге ұлт болға­ны үшін ұрып-соғып, көше­де қан­сы­рап жатқан қай оры­сты көр­діңіз? Қай жер­де олар­дың құқы тап­та­лып­ты? Қай жер­де жұмысқа алмай, шет­тетіп­ті? Ондай дерек жоқ!

Құдай-ау, басқа – басқа бірақ дәл оры­стың қаза­ққа өкпе­сі жоқ. Біздің елде қарым-қаты­нас та, құжат та, БАҚ-та орыс тілін­де! Қазақ тол­ле­рант­ты екенін дәлел­деп келе жатқан ұлт! Жала жауып, жоқ жер­ден про­бле­ма шығармаңыз! 

Пещер­ный наци­о­на­лизм” жай­лаған елдің қан­дай бола­ты­нын біл­мей­ді екен­сіз, өзге елдер­ге көз жүгір­тіп, тарих­ты тара­зы­лап көріңіз…

30 жыл­да ұлт­тық мем­ле­кет құрып, деко­ло­ни­за­ция жаса­удың орны­на, клан­дық иерар­хия қалып­та­стыр­ды­ңы­здар! Қаза­қстан­ды өзге діни-мәде­ни идео­ло­ги­я­лық ағым­дар­дың плац­дар­мы­на айналдырдыңыздар!

Тағы айтам, ұлт­шыл­ды­қтың мис­си­я­сын толық іске асы­рған ұлт қана мем­ле­кет­шіл де, жаһан­шыл да бола ала­ды! Басқа ұлт­тың жүре­гіне жол табам деп, өз ұлты­ң­ның жаны­на түкі­ру – сатқын­дық. Сатқын­ды­қтың түр-түрі болуы мүм­кін. Соның ішін­де ұлты­на жасалған сатқын­дық ешқа­шан кешірілмейді…

Дина ЕЛГЕЗЕК

Қаз-қал­пын­да

АБАЕВ доға­ры­сқа КЕТСІН!

Пре­зи­дент әкім­шілі­гі Бас­шы­сы­ның 1‑ші орын­ба­са­ры ДАУРЕН АБАЕВ оры­нын боса­тып, жау­а­пқа тартылсын!

Мен – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты Өсте­мір Жан­дос Лес­бекұ­лы, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның 1‑ші орын­ба­са­ры ДАУРЕН АБАЕВТЫҢ Мем­ле­кет­тік тіл­де қыз­мет ала алмай, талап етіп жүр­ген­дер­ді “ПЕЩЕРНЫЙ НАЦИОНАЛИЗМ” дегені дөрекі және менің ар-ожда­ным мен қадiр-қаси­етi­ме нұқ­сан кел­тiреді және қорлайды!!!

Дау­рен Аба­ев мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер ретін­де “Мем­ле­кет­тік қыз­меті тура­лы” Заңын­да бекітілген: 

- Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке, мем­ле­кет­ке және оның инсти­тут­та­ры­на қоғам­ның сені­мін САҚТАУ және НЫҒАЙТУ;

 — Мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер­дің қыз­мет­тік әдебін­де көз­дел­ген өзге де әдеп қағи­да­ла­рын сақтау МІНДЕТТЕРІН бұз­ды деп санаймын.

Дау­рен Аба­ев Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­лық өкілі бола тұра, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың “ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАЗАҚ тілі­нен баста­ла­ды” деген қағи­да­сы­на ҚАРСЫ әре­кет жасап, мем­ле­кет­тік сая­сат­ты жақта­уға және оны дәй­ек­ті түр­де іс жүзіне асы­руға, өзінің әре­кет­тері­мен мем­ле­кет­тік билік­тің беделін нығай­туға, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке кір кел­тіретін­дей әре­кет­тер жаса­уға жол бер­ме­у­ге бағыт­талған мін­дет­терін бұз­ды деп санаймын!

Ол бұл әре­кет­тері­мен ҰЛТТЫҚ ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­руға, ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ұлт­тық ар-намысы мен қадiр-қаси­етiн қор­ла­у­ға бағыт­талған қасақа­на әре­кет жаса­ды деп ойлай­мын, сол сияқты қазақ ұлты­ның ұлт­тық қаты­сты­лы­ғы бел­гiлерi бой­ын­ша олар­дың толы­ққан­ды еме­сті­гін наси­хат­тап отыр деп санай­мын. Оның үстіне, Дау­рен Аба­ев­тың бұл іс-әре­кет­тері жария, БАҚ, теле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар желілерін пай­да­ла­на оты­рып жасалға­нын еске­ре оты­рып, ЗАҢДЫ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫН ТАЛАП ЕТЕМІН

Осы себеп­тер­ден Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның 1‑ші орын­ба­са­ры Дау­рен Аба­ев­тың ЖАЗАЛАНУЫН және ОРЫНЫН БОСАТУЫН ТАЛАП ЕТЕМІН

Ұжым­дық ары­зды қол­да­саңыз, аты-жөніңізді жазыңыз.

/Бұл ары­зды әле­умет­тік желіде/ бөлі­су­ге шақырамын!

Жан­дос ӨСТЕМІР

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн