Пятница , 4 июля 2025

Назарбаевтың жүйесі кеткенше ӘЛІ ТАЛАЙ БОМБА ЖАРЫЛАДЫ

Еркін РАҚЫШЕВ, «Ел мен Жер» қозға­лы­сы­ның атқа­ру­шы хат­шы­сы:

Мұн­дай қай­ғы­лы оқиға бірін­ші рет болып оты­рған жоқ. Алды­ңғы жылы Ары­стағы оқ-дәрі қой­ма­сы жары­лған соң, басты кінәлілер жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды. Шен­ділер жау­ап­кер­шілік­ті сезін­бей, жасаған қыл­мысы­ның жаза­сын алмаған­нан кей­ін, бұн­дай қай­ғы­лы оқиға­лар­дың жалға­са беретіні белгілі.

15 адам­ның өмірін қиған, 100 шақты адам жарақат алған Тараз­дағы сұм­дық жары­лыс неден бол­ды? Бей­біт күн­де ары­стай аза­мат­та­ры­мы­здың қаза болуы­на кім кінәлі? Бұған кім жау­ап береді? Артын­да жылап қалған бала-шаға­сы­на, әке-шеше­сіне, туған-туы­ста­ры­на кім түсін­діреді? Қалай?

Өкіні­шті. Батыр­ла­ры­мы­здың жан­да­ры жән­нат­та болсын!

Жары­лыс неден бол­ды? Бұның ақ-қара­сын комис­сия аны­қтай жатар. Бірақ жемқор­лық жай­лаған, мафия биле­ген елде комис­си­яға да сенім жоқ. Қоғам өкіл­дерінің қаты­суы­мен тәу­ел­сіз комис­сия құрыл­ма­са, әске­ри­лер өздерінің былы­қта­рын өздері жауып-жасы­ра­ты­ны айт­па­са да түсінікті.

Министр Ермек­ба­ев дема­лы­сқа емес, басты күдік­ті ретін­де сотқа дей­ін түр­ме­ге қама­лу керек. Ешкім­ді лау­а­зы­мы­на қара­май аямау керек. Егер Ары­стағы оқиға­дан дұрыс қоры­тын­ды шыға­ры­лып, шын­ды­қты жасыр­май жұмыс істел­ген­де, мұн­дай сұм­дық қай­та­лан­бас па еді?!

Одан кей­ін біздің пре­зи­дент­тері­міз қай­да жүр? Өткен­де Кабул­дағы жары­лы­стан кей­ін қаза болған 13 сар­ба­зын АҚШ пре­зи­ден­ті Бай­ден аэро­порт­тан өзі қар­сы алды. Марқұм­дар­дың туы­ста­ры­ның алдын­да, «Қай­ғы­ла­ры­ңы­зға ортақ­пын, ұлда­ры­ңы­здың осын­дай қай­ғы­лы қаза­ға ұшы­раға­ны­на мен кінәлі­мін. Кешіріңіз­дер­ші мені деп, жылап тұрып кешірім сұрап, көңіл айтты.

Ал біздің елба­сы министр Ермек­ба­евқа теле­фон шалып­ты дей­ді. Кім­ге керек оның мини­стр­ге хабар­ласқа­ны. Әзір­ше дема­ла тұр, бір жұмыс тауып берем деген шығар…

Біз­де билік халы­қты мен­сін­бей­ді, адам құр­лы көр­мей­ді. Кеше ғана күнін атап өткен Кон­сти­ту­ци­ядан бастап, халы­қтың емес, билік­те оты­рған­дар­дың мүд­десін қорғай­ды. Билік Тараз­дағы қай­ғы­лы оқиғаға да біре­улер­ді кінәлі қылып шығарар.

 Бірақ бұған қалып­тасқан қыл­мыстық жүйе кінәлі. Жемқор­лық пен ұрлы­ққа, өтірік айту мен көз­бо­я­у­шы­лы­ққа негіз­дел­ген жүйе қалып­та­сты­рған Назар­ба­ев кінәлі. Егер кіші­гірім бір жетістік­тер болып жат­са, «мен, мен, мен істе­дім, менің иде­ям» деп мақтанған­да, алды­на жан сал­май­ды. Оны жан­дай­шап­та­ры «кере­мет, қан­дай көре­ген­дік, даны­шпан, күн көсем» деп, жер-көк­ке сый­ғы­з­бай мақтай­ды. Мей­лі мақтай бер­сін. Бірақ халқы қасірет шегіп, қина­лып жатқан­да, неге бұның қаты­сы бол­мауы керек?! Неге қай­ғы­сын бөліс­пей, бір ауыз көңіл айтып, жұба­туға жара­май отыр.

Назар­ба­ев кет­пей, өзі құрған іріп-шірі­ген жүй­есін­де әлі талай бом­ба­лар жарылады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн