Четверг , 3 июля 2025

Конституцияның сиқы

Сурет Сәбит Құр­ман­бек­тің ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды.

ШЕТЕЛГЕ КЕТТІ Кон­сти­ту­ци­я­ның 1‑бабы қағаз жүзінде:

  • «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзін демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де орны­қты­ра­ды, оның ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостандықтары».

Іс жүзін­де:

  • Күні кеше ғана Жам­был облы­сын­да бей­біт уақыт­та ондаған адам жары­лыс сал­да­ры­нан көз жұм­ды. Бұл бірін­ші рет болып тұрған жоқ. Мына билік тұрған­да, ешбір жоға­ры лау­а­зым иесі ол үшін жау­ап бермейді!

7‑бап қағаз жүзінде: 

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілі.

Іс жүзін­де:

  • Кеше, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­ның 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да, аны­ғы, дата­лы күн­ге 1 сағат қалған­да, Қуат Ахме­тов елден шығып кету­ге мәж­бүр болды! 

Алма­ты, Шым­кент, Нұр-Сұл­тан­нан /жол/ үйле­с­пей, Ақтау арқы­лы қалай, қай­тіп шыға­рып жібер­гені­мізді кей­ін айта жатар­мын, әзір­ге Қуат тура­лы мына жәйт­тер­ді біліңіз, ол:

– банк тонап, мил­ли­ард­тар­ды ұрлап;

– билік­те оты­рып, елін тонап;

– қыл­мыс жасап, соның ізін жасы­ру үшін,

ҚАШҚАН ЖОҚ!

Ол:

– Заман­бек, Алтын­бек­тер аты­лған­да, Арон, Max Bokayev, т.б. көп­те­ген батыр­лар түр­ме­ге қамалған­да, Margulan Boranbay істі болған­да, әре­кет­ке көшпе­ген елім­ді оята­мын деп, «Қазақ тілі – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ» деп жазы­лған Кон­сти­ту­ци­я­ны іс жүзін­де орын­да­та­мын деп, отба­сын, төрт бала­сын, шеше­сін тастап, бір кез­де­гі Мұста­фа Шоқай­дың жолын жалғап кет­ті. Бірақ қай­та ора­лу үшін кетті! 

Ол – КҮРЕС ЖОЛЫН ТАҢДАДЫ!

Абзал ҚҰСПАН

Редак­ци­яға хат

Жүй­ені өзі­міз ӨЗГЕРТЕЙІК!

  • Қоғам­дағы қай сала, қан­дай мәсе­ле бол­ма­сын, кем­шілік­ті сая­си жүй­е­ден іздей­міз. Ал жүйе деген кім, ол не? Ол – сіз бен біз мұр­сат бер­ген билік. 

Талас жоқ, жүйе дұрыс емес, бәріне сол кінәлі дегені­міз­бен, жақ­сы жүй­ені біз­ге біреу жасап бере ме? Жоқ! Сіз бен біз­ден басқа ешкім оны жаса­май­ды, ешкім өзгер­тіп бер­мей­ді. Билік – мынау бүкіл қаза­қтың заң­ды несі­бесіне айна­луға тиіс, оны өзі­міз қай­та­дан құруы­мыз керек. Жері­міздің асты-үсті тұнған бай­лы­ғын түгел тонап, сорып, сатып болға­нын­ша, күтіп оты­руға болмайды!

Қоғам­ды жай­лаған ұйым­дасқан қыл­мыс пен жемқор­лық, парақор­лық, бопса­лау мен тона­удан айна­лып өте алмай­сың. Оларға қар­сы заң да бар. Бірақ ол заңға пысқыр­май­тын­дар да бар. Оған қар­сы қарқын­ды күрес жүріп жатыр (бірақ кім-кім­мен күресіп жатыр?) Кез кел­ген мем­ле­кет­тік тен­дер­дің (заң­да­сты­ры­лған жеу мен жемқор­лы­қтың) 10–20 пай­ыз шәп­кесі бар екені бұл күн­де ешкім­ге жаңа­лық емес. 

«Шәп­кісіз», құр жал­бағай шапан киген тұрғын үйлер­дің басы­на «суық тиіп», қисай­ып, алды құлап жатқа­ны, сылағы мен шаты­ры жел­ге ұшып, су құбыр­ла­ры мен кәріз­дері істен шығып, соған неше жыл тір­нек­теп жинаған ақша­ла­рын салған, қан­ша тұрғын­дар­дың зар илеп жүр­ген­дерін әр қала­дан кез­де­стіру­ге болады. 

«Қазақ – жалқау, сон­ды­қтан кедей дей­ді. Сон­да не, бай­ы­ған­дар­дың (әсіре­се алпа­уыт-оли­гарх­тар­дың) бәрі кен қазып, мал бағып, егін егіп неме­се ата-баба­сы­ның мұра­сы­на бай­ып жүр ме екен?.. Жоқ!

«Қаза­қты не бай­ыт­пай, не мандыт­пай жүр?» деп сұра­сақ, онда оның жау­а­бын қаси­ет­ті құран мен Пай­ғам­ба­ры­мы­здың (с.ғ.с.) хади­стері­нен, ғұла­ма баба­мыз Әл-Фара­бидің еңбек­тері мен Хакім Абай­дың қара сөз­дері­нен іздеп көрей­ік. Оны мен айт­пай-ақ қояй­ын. Сон­да бәрін де түсі­не­міз. Бізді мандыт­пай, сор­ла­тып жүр­ген – өзі­міздің надан­ды­ғы­мы­здан туын­дай­тын дарақы мақта­ны­мыз бен жәді­гөй жағым­паз­ды­ғы­мыз, бой­күй­ез нем­кет­тілі­гі­міз бен бәріне де жақ­сы көрі­ну үшін, жаман­ды көр­сек те көр­ме­ген­си­тін, «мен емес, басқа­лар айт­сын» деп тұра­тын көзі бар, бірақ көр­соқыр бейшаралығымыз. 

Ұзын сөздің қысқа­сы – бұл жүй­енің өзге­руін аспан­нан күтіп, оның кем­шілік­терін білік­тілі­гі төмен әр сала­ның маман­да­ры мен әкім­дер­ден, мұғалім­дер мен дәрі­гер­лер­ден, т.б. іздеп, құр сөз­ден «қуыр­дақ қуы­рып» қажеті жоқ. Әрбір өзін зия­лы­мын, ұлт мүд­десі, бола­шақ ұрпақтың жана­шы­ры­мын деген арда­гер аға­лар мен апа­лар, ел аға­ла­ры, сала бас­шы­ла­ры мен қыз­мет­кер­лері, жастар мен қоғам­дық ұйым­дар, «бір жаға­дан бас, бір жең­нен қол шыға­ра» оты­рып, жан­ке­штілік­пен, ұрпақ тәр­би­есі, ұлт­тың мәде­ни­етінің артуы, әділет­ті қоғам үшін қажыр­лы түр­де күрес жүр­гі­зуі­міз қажет. Онсыз оңа­лар жүйе бол­мақ емес…

Төле­ген ҚАЛИМАЖАН ШҚО, Тар­баға­тай ауда­ны, Ақжар кен­ті

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн