Четверг , 8 мая 2025

АЛТЫНБЕК ШЫҢҒА АЙНАЛДЫ

  • Бұған дей­ін «Лаба­сы» аталған, бұдан былай «Алтын­бек шыңы» ата­ла­тын тау – осы.
  • «Алтын­бек шыңы­на» ту тік­кен сары­жа­з­дық жастар.

Ұлтын сүй­ген, халқы­ның бола­шағы үшін басын бәй­ге­ге тік­кен аза­мат­тар басқа­лар­дан биік тұра­ды. Өйт­кені елдің қамын жеген­дер мен жұрт­тың нанын жеген­дер­дің ара­сы – әман­да алшақ. Алте­кең көзі тірісін­де де ел тіз­гіні­нен айы­ры­лғы­сы кел­ме­ген жемір мен оның айна­ла­сын­дағы тобыр­дан еңселі-тін. Уақыт өткен сай­ын биік­теп, аспан­дап бара жатыр. Енді, міне, Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның атын­да шың бар. 

Рай­ым­бек ауда­нын­дағы Сары­жаз ауы­лы­ның тұрғын­да­ры Лаба­сы тауы­ның ата­уын өзгер­ту тура­лы ұсы­ныс-талап­та­рын көп­тен бері айтып келеді. Себебі Лаба­сы ата­уы жоңғар-ойрат­тар­дан қалған. Көп­тің қала­уы – таудың қал­мақ­ша ата­уын қаза­қ­ша­лап, ұлт мүд­десі жолын­дағы күре­сте қастан­ды­қтың құр­ба­ны болған Алтын­бек­тің есі­мі­мен атау. Осы мақ­сат­та ауыл тұрғын­да­ры, мек­теп ұста­зда­ры мен оқу­шы­ла­ры таудың ең биік нүк­тесіне (3488 метр) көтеріліп, «Алтын­бек шыңы» деген бел­гі орнат­ты. Бұл шара Алте­кеңнің туған күніне – 12 қыр­күй­ек күніне арнайы орай­ла­сты­ры­лған еді. 

Жатқан жерің жай­лы бол­сын, Ала­штың аймаң­дай ұлы! Расын­да, сен биіксің! Өйт­кені халқы­ңа биік­тен қара­дың! Ал саған қастық қылған­дар­дың дең­гейі – ойпаң. Олар ойрат­тан қалған ата­удай тез ұмытылады…

Сан­сыз­бай МОЛДАЖАНОВ

Редак­ци­ядан: Жер­гілік­ті көп­шілік­тің баста­ма­сын іске асы­руға бел буып, Алтын­бек шыңы­на шығу­ды ұйым­да­сты­рған, осы иман­ды іс-шараға атса­лы­сқан аза­мат­тарға алғыс айта­мыз! Олар – Дүй­сен Бозба­ша­ев, Айбол Иман­ба­ев, Айбын Қода­с­ба­ев, Айдос Қазы­ба­ев, Нәзи­па Қалым­бе­то­ва, Бек­дәу­лет Бек­серік, Ернат Тына­ли­ев, Кемеш Иман­ба­ев, Жан­бо­лат Сұл­танға­зи­ев және Алма­ты­дан Сары­жа­зға арнайы барған – Сәу­ле Фазыл мен Жан­на Дін­ке­е­ва. Өзінің атын­дағы шың­ның басы­нан Алтын­бек туған өлкесіне қарап, өршіл адам­да­ры­ның рухы­на риза бол­ды деп білеміз!

Comments

Нұр­гүл Асыл­бе­ко­ва:

  • Ер есі­мі – ел есін­де! Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның есі­мі әр сана­лы қаза­қтың жүре­гін­де алтын әріп­пен жазы­лып қалды!

Бағ­дат Мүп­те­кеқы­зы:

  • Кере­мет жаңа­лық! Құт­ты бол­сын! Алтын­бек­тей аяу­лы пер­зен­тінің Шыңы уақыт өткен сай­ын биік­тей бер­мек! Зор қуаныш!

Нұр­серік Қасым­жо­март:

  • Құт­ты бол­сын! Кере­мет! Анау тақтай жазу­ды келе­шек­те (мүм­кін, боя­лған, сыр­ланған мате­ри­ал деп ойлай­мын) жыл­дың төрт мез­гіліне шыдап беретін мате­ри­ал­дан жасалған деген ойда­мын. Қазақ тарихын­да қалған нар тұлға­ларға тау шың­да­рын көбірек беру керек, тарих пен ұрпақ жадын­да мәң­гі есте қалу үшін.

Ғалия Нәлі­бе­ко­ва:

  • Алты­кен­нің есі­мі мәң­гілік­ке ел есін­де қалуы керек, ұмы­тыл­мауы керек, сол үшін жасалған бұл іске, сары­жа­з­ды­қтар, бастау болған­да­ры­ңыз үшін рахмет!

Берік Бал­та:

  • Лаба­сы тауы­ның аты «Лаба» деген қал­мақтың қон­тай­шы­сы Қорен қал­мақтың қызы­ның аты. Ол қызды кезін­де Орта жүздің баты­ры алған екен. Біздің аудан­да қал­мақтар­дың аты­мен аталған жер атта­ры көп. Осы­лар­дың атта­рын өзгер­ту жай­лы мен газет­ке де жазған­мын. Алты­екеңнің атын беруді мен қол­дай­мын. Бәрі­міз бір кісі­дей атсалысайық.

Рая Сәр­сен­ба­е­ва:

  • Халы­қтың тіле­гі қабыл бол­сы­нІ Алтын­бек атқарған игі істерін, халқым деп соққан жүре­гін ешкім өші­ре алмай­ды. Атқа­ры­лып жатқан шара­лар кедер­гісіз бол­са екен. Халқы­ма мың алғыс – қай­ғы­мы­зды бір­ге бөліс­кен. Хабар­ды оқы­ған, есті­ген елба­сы мен атша­бар­ла­ры жүрек тал­ма­сы­нан өлетін шығар. Олар Алте­кем­нің ару­ағы­нан қорқа­ды. Жеті ұрпағы­ның мой­ны­на қарыз деп есеп­тей­мін! Бауы­рым, жатқан жерің жай­лы, топы­рағың торқа болсын!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн